Мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері талқыланды
Ағымдағы жылдың 15 қазанында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамаловтың қатысуымен 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Тараз қаласындағы облыстық округтік сайлау комиссияларының басшылық құрамымен кездесу өтті.
Кездесу барысында кандидаттардан құжаттарды қабылдау тәртібі, сайлау процесінің заңдылығын сақтау және сайлауды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сайлау комиссиялары қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы міндеттеріне назар аударылды.