Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысында мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Жамбыл облысында мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

2026 жылғы 14 қазанда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтың және облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өңірдегі саяси партиялар филиалдарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дауыл Ынтықбаев, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері Руслан Мыркалыков, Сейсекүл Абсаттарова, «Ауыл» партиясы» Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасының орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Рахман Аккозиев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ержан Дәуренбеков, «Байтақ» партиясының  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Өмірбаев, «Байтақ» партиясының  Жамбыл облыстық филиалының төрағасының орынбасары Ихтияр Мурзахметов, Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Айнұр Келімбетова, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Элеонора Капсатырова және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Арнур Тулегенов, бас маманы Жанбатис Ибраев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  Жамбыл облыстық филиалының өкілі Майя Қораласбаева және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына саяси партиялардың қатысу тәртібін түсіндіру, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мәселелерін талқылау және сайлау науқанына дайындық барысында өзара іс-қимылды үйлестіру.

Кездесу барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат депутаттарын сайлауға саяси партиялардың қатысу тәртібі, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды ұсыну және тіркеу рәсімдері жөнінде баяндама жасап, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау мен белгіленген рәсімдерді уақытылы орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Элеонора Капсатырова кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін түсіндірді. Аталған мәселе бойынша қажетті мәліметтерді тапсыру талаптары мен рәсімдеріне қатысты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, саяси партиялар тарапынан арнаулы уақытша  шоттарды ашу және сайлау қорларына түсетін қаражаттың жұмсалу тәртібі туралы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  Жамбыл облыстық филиалының өкілі Майя Қораласбаева түсіндірме берді.

Кездесу барысында қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Саяси партиялар филиалдарының өкілдері мен мемлекеттік орган өкілдері арасында ашық диалог орнап, алдағы сайлау науқанына байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысында сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, кандидаттарды ұсыну және тіркеу рәсімдерін дұрыс орындау, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы