Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстары басталды

Жамбыл облысында мәслихаттар  депутаттарының

кезектен тыс сайлауына дайындық  жұмыстары басталды

 

2026 жылғы 13 қазанда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің төрағалығымен Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

 Күн тәртібінде 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері қаралды.

Отырыста, облыстық сайлау  комиссиясы мүшелерінің қарауына Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерінің шекараларын бекіту, округтік сайлау комиссияларының құрамдары және сайлау процесін өткізуге қажетті инфрақұрылым мәселелері туралы қаулылар жобасын облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов ұсынды.

Сонымен қатар, 2026 жылы 29 қарашаға тағайындалған  мәслихаттар  депутаттарынының  кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Абылхайыр Боранбаев ұсынды.

Құжатта сайлау науқанының негізгі кезеңдері, оларды өткізу мерзімдері және жауапты органдардың міндеттері айқындалған.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Сайлау алдындағы үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады.

Сайлаушылардың сайлаушылар тізімдеріндегі өз деректерімен танысуы 13 қарашадан басталады.

Ал, сайлаушыларға дауыс беру уақыты мен орны туралы ақпарат 18 қарашаға дейін жеткізіледі.

Дауыс беру 29 қараша күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

 Отырыста  сайлау комиссияларының қызметін үйлестіру және сайлау науқанының барлық кезеңінде атқарылатын жұмыстардың жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету үшін округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, шешімдер рәсімделді.

Облыста  барлық денгейдегі мәслихаттар  депутаттарының  кезектен тыс сайлауын әзірлеп өткізуге ұйымдастыру жұмыстары басталды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы