Меню

Страницы

Статья

2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

         Жамбыл облысының әкімдігінің мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясы (ЖАО комиссиясы) 2026 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін айқындады. Әкімдік қаулысының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілері legalacts.egov.kz интернет-порталында жария талқыға шығарылды.

         ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген  «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» сәйкес  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы болжамды қажеттілікті ескеріп жасалады. Тапсырыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында конкурстық негізде орналастырылады.

         2026 жылғы 14 шілдеде комиссия мүшелерінің қатысуымен ЖАО комиссиясының отырысы өтті. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша байқауға қатысушылар арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі қалыптастырылды.

         Қазіргі кезде Жамбыл облысының әкімдігінің «2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» қаулысының жобасы жария түрде талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.

         Талқылау аяқталған соң тізім әкімдіктің қаулысымен бекітіліп, ресми интернет-ресурстарда жарияланады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15878022

Дата публикации
24 июля 2026
Дата обновления
24 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы