2026 жылдың 1 тоқсанындағы Жамбыл облысы бойынша жер саласы бойынша түскен жолданымдар туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімшілігі жүргізген статистикалық талдау нәтижесінде, 2026 жылдың тоқсанындағы қорытындысымен облыс тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі жер саласына тиесілі екені анықталды.
Атап айтқанда, бұл шағымдардың жер саласында жер учаскесін жеке тұрғын үй мақсатында беру, жеке меншікке беру, инвестициялық жобасын іске асыру ұзақ мерзімге жер учаскесін беру, пайлаланылмаған немесе заңсыз пайдаланылған жерлерді мемлекетке қайтару Басқарманың қызметіне қатысты болып отыр.
2026 жылдың 1 тоқсандағы қорытындысымен Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 202 (2025 жылдың 1 тоқсанымен - 122) жолданым тіркелген. 2026 жылы көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда шамамен 35% өскен.
Ақпарат үшін: Жолданымның түріне сәйкес бөлінісі:
- Арыз - 162;
- Шағым - 25;
- Ұсыныс - 0;
- Басқалары – 42 ( ұсыныс -15 хабар-0, сұрау салу-27).
Қаралған жолданымдар саны 52 құрайды. Оның ішінде 6-не қолайлы әкімшілік акт қабылданып, 34-не ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған. Авторға жауап берілгені – 9, қарастыруы тоқтатылғаны – 2, жолданым мерзімі ұзартылған бойынша -1.
Ал, 169 жолданым құзыреттілікке сәйкес қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданған.
Арыз-шағымдардың мазмұндық құрылымы
Талдау нәтижесінде келіп түскен өтініштердің себептері төмендегідей бөлініс алған:
1) Заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу туралы– 7 %;
2)Жер учаскесін өздігінен басып алу, жер учаскесінің нақты шекараларының мемлекеттік жер кадастрының мәліметтеріне сәйкестігі белгілеу –6%;
3)Лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) шағымдануы және олардың шығарған шешімдерінің заңдылығын тексеру– 36%;
4) Инвестициялық жоба бойынша жер учаскесін пайдалану (жалға алу, ұзақ және қысқа) -27
5) Жер учаскесін бөліп шығару , жер учаскесін жеке меншікке алу-13
6) Геологиялық барлау бойынша келісім беру-2
7) Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу-4
8) Жер кезегіне тұру туралы және ондағы ақпараттың жоқтығы -10
Барлық шағымдардың 50%-дан астамы динамикалық бақылаудағы және жеңілдікті санаттарға жататын азаматтардан келіп түскен.
*Мысалға жиі қойылған сұрақтардың бірі «Мен 2007 жылы 13 ақпанында жеке тұрғын үй кезегінде жер алуға тұрғанмын.
Алайда, әлі осы күнге дейін жылжымай, қайта кезек күтіріп отыр» осыған тоқталсақ.
Шешу жолдары:
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабына және 2015 жылдың 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а № 255 бұйрығына сәйкес жаңадан бөлінетін жер учаскелеріне құрылыс басталмас бұрын, бөлінетін массивтерді инженерлік – коммуникациялық инфроқұрылымдармен (электр жүйесі, су құбыры) қамтамасыз етілуі тиіс.
Жалпы тізбедегі тәртіпті сақтай отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері дайын болған кезде беріледі.
Жылжымайтын Мүліктің Бірыңғай Мемлекеттік Кадастры сайтындағы https://map.gov4c.kz/egkn/?ref=bluescreen.kz сілтемесі арқылы көруге қол жетімді
*Тағы жер саласына қатысты өзекті сұрақ, халықтың көпшілігі өз кәсібін жүргізу ге байланысты, сауда-саттық жүргізу үшін арнайы жер бөлуді сұрайды.
Шешу жолдары:
Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 48 бабы негізінде, жергілікті органғаБас жоспарына және егжей-тегжей жоспарына сәйкес, қала аумағындағы бос жер учаскелері аукцион арқылы беріледі.
Бүгінгі таңда, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін сату бойынша аукцион Мемлекеттік мүлік тізілімінің e-qazyna.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық түрде өткізіледі.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес қабылданады.
*Үйдің немесе жердің меншік иесі кенеттен қайтыс болған кезде, оның балалары мен туыстары меншік иесінің мүлкін әрі қарай, қалай иелену немесе пайдалану бойынша заңдылық жағынан олқылық туындап жатады.
Шешу жолдары:
Егер жер учаскесі жеке меншікте немесе ұзақ мерзімді пайдалану құқығында тіркелген болса, ол қайтыс болған адамның мұрагеріне мұра ретінде беріледі. Мұрагер 6 ай ішінде нотариусқа жүгінеді, өтініш пен қажетті құжаттарды тапсырады. 6 айдан кейін мұрагерлік куәлік беріледі. Содан кейін, ЦОН немесе eGov.kz арқылы жерді өз атына тіркеу қажет. Тіркелмеген жағдайда жерді сату, сыйға беру немесе пайдалану мүмкін емес.