Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 1 тоқсанындағы Жамбыл облысы бойынша білім саласы бойынша түскен жолданымдар туралы мәлімет

 

2026 жылдың 1 тоқсанындағы Жамбыл облысы бойынша білім  саласы бойынша түскен жолданымдар туралы мәлімет

 

Жамбыл облысы әкімдігі жүргізген статистикалық талдау нәтижесінде, 2026 жылдың I тоқсаны қорытындысымен облыс тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі білім саласына тиесілі екені анықталды.

Атап айтқанда, бұл өтініштер білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты болып отыр: мектептерге қабылдау, балабақшаға кезек, мұғалімдердің, мектеп директорларының әрекеттеріне шағымдар, білім сапасы, оқушылардың қауіпсіздігі, буллинг, педагогтардың жұмысқа орналасу мәселесі, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі мәселелері жиі көтеріледі.

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Облыстық білім басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 826 (2025 жылдың I тоқсанында – 790) жолданым тіркелген. 2026 жылғы көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда шамамен 4,6 %-ға өскен.

Ақпарат үшін, жолданымдардың түрлері бойынша бөлінісі:

  • Арыз – 162;
  • Шағым – 59;
  • Ұсыныс –15;
  • Басқалары – 590 (оқыту курстары, семинарлар және т.б)
  • Қаралған жолданымдар саны – 499. Оның ішінде 175-уына қолайлы әкімшілік акт қабылданып, 38-іне ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған. Авторларға жауап берілгені – 124, қарастыруы тоқтатылғаны – 39, қарау мерзімі ұзартылғаны – 18.

Ал 14 жолданым құзыретіне сәйкес қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданған.

Арыз-шағымдардың мазмұндық құрылымы

Талдау нәтижесінде келіп түскен өтініштердің себептері төмендегідей бөлінді:

  1. Балабақшаға орналастыру мәселелері – 18%;
  2. Мектепке қабылдау және сыныптарға бөлу – 12%;
  3. Мұғалімдердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар және қабылданған шешімдердің заңдылығын тексеру – 30%;
  4. Білім сапасына және оқу процесінің ұйымдастырылуына қатысты мәселелер – 20%;
  5. Мектептердің материалдық-техникалық жағдайы (жылу, жөндеу, жабдықтау) – 10%;
  6. Оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібі – 5%;
  7. Қосымша білім беру және үйірмелерге қолжетімділік – 5%.

Барлық шағымдардың 50%-дан астамы әлеуметтік осал және жеңілдікті санаттарға жататын азаматтардан келіп түскен.

 

 

 

 

Өзекті мәселелер мен шешу жолдары

 

1.Мұғалімдердің әрекеттеріне қатысты шағымдар
Кейбір өтініштерде педагогтардың кәсіби этикасын сақтамауы немесе оқушыларға әділетсіз баға қоюы туралы мәселелер көтеріледі.

Шешу жолдары: Әрбір шағым бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тәртіптік шаралар қолданылады. Сонымен қатар, педагогтардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, білім беру сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізіледі.

  1. Педагогтардың жұмысқа орналасу мәселесі бойынша

Шешу жолдары: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес конкурс түрінде жүргізіледі. Конкурс Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады. Қағиданың 113-тармағына сәйкес  конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжаттарды  электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: Қағиданың 113-тармағына сәйкес  құжаттар толық болса,  бос орындар анықталған жағдайда конкурсқа қатыса алады.

Жалпы, білім саласындағы арыз-шағымдардың артуы халықтың білім сапасына деген сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Осыған байланысты, облыс көлемінде білім беру инфрақұрылымын дамыту, кадр сапасын арттыру және қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
02 апреля 2026
Дата обновления
02 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы