Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың ІV тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың ІV тоқсанында

көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

2025 жылдың ІV тоқсанында облыс бойынша ЖАО-мен
3 716 899 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 703 130 қызмет (99,63%);
  • қағаз түрінде –     280 қызмет (0,01 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   13 489 қызмет (0,36 %). 

Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 808 (жеке тұлға – 796, заңды тұлға – 12) қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.

2025 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 238 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, басқармалар және олардың бағынысты мекемелері әлеуметтік желілерде
1 042, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 72 мақала жариялады және тұрғындар арасында 124 насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың ІV тоқсанында ЖАО-ның
128 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың IV тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша

қысқаша есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың
ІV тоқсанында 16 бақылау іс-шарасы (13 жергілікті атқарушы органдарда және 3 ведомстволық бағынысты ұйымдарда) жүргізілді (16 нысан).

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 660 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

-   мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
88 фактісі;

-   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 71 фактісі;

-   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 75 фактісі;

-   мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 3 фактісі;

-   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 131 фактісі;

-   көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмаудың 2 фактісі;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 290 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 60 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.

Дата публикации
21 января 2026
Дата обновления
21 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы