Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылдың 12 айында
көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдармен Тізілімге сәйкес 311 мемлекеттік қызметтің түрі (электронды түрде – 283 қызмет
(91 %); қағаз түрінде – 28 қызмет (9%); мемлекеттік корпорация арқылы –
86 қызмет (27,7%)) көрсетіледі.
2025 жылдың 12 айында облыс бойынша ЖАО-мен
13 641 086 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 272 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 2.
Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың 12 айында 5 129 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2025 жылдың 12 айында ЖАО-ның және бағынысты мекемелерінің 270 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына жүргізілген
ішкі бақылау жұмыстары бойынша
2025 жылдың 12 айының қысқаша есебі
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың 12 айында
86 бақылау іс-шаралары (52 жергілікті атқарушы органдар, 33 ведомстволық бағынысты ұйымдар және 1 ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар) жүргізілді (86 нысан).
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 3 678 заңбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
38 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар:
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 562 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 75 фактісі;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 948 фактісі;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың
11 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 218 фактісі;
- көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауының 5 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 58 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері) есептің және талдамалық анықтаманың болмауының 66 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 1 735 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 242 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.