Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2025 жылғы желтоқсан айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
2026 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 17096 кіріс құжаты түскен.
Түскен 17096 құжаттың 9838-ы (58%) бақылауға алынып, 7795-і тиісті мерзімінде орындалса, 2043 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр. Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 316 құжаттың 215-і орындалды. Қалған 101 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты тұрақты бақылауда;
- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 2239 құжаттың
1211-і орындалды, қалған 1028 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
7283 құжаттың 6369-ы орындалды, қалған 914 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.
Шығыс хаттар саны – 10651.
2025 жылғы желтоқсан айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.