Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы, 2025 жылғы
28 тамыздағы ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасымен бекітілген
«ҚР Конституциясының 30 жылдығына» арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды.
2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 11:00-де «Жамбыл облысы білім басқармасының» ғимаратында жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл шараларын ұйымдастыруға бағытталған «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде «Жас сайлаушылар клубының» алдағы жұмыс жоспары пысықталып, клуб мүшелегіндегі жастардың сайлау процесіне қатысты ұсыныстары тыңдалды.