Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2025 жылғы қыркүйек айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
2025 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 12641 кіріс құжаты түскен.
Түскен 12641 құжаттың 7321-і (58%) бақылауға алынып, 4793-і тиісті мерзімінде орындалса, 2528 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр. Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 277 құжаттың 179-ы орындалды. Қалған 98 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты тұрақты бақылауда;
- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 1656 құжаттың
876-ы орындалды, қалған 780 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
5388 құжаттың 3738-і орындалды, қалған 1650 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.
Шығыс хаттар саны – 7836.
2025 жылғы қыркүйек айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.