Меню

Страницы

Статья

Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтау және ашық деректерді пайдалану

Құрметті Жамбылдықтар!

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 2-тармағының 12-тармақшасына сәйкес ақпарат иеленушілер қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер түріндегі ақпаратты ашық деректер интернет-порталында тұрақты негізде орналастыруға міндеттеледі.

«Ашық деректер» порталы – машина оқи алатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

Осы негізде «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен ашық деректер тізімі бекітілген.

Бекітілген тізімге сәйкес деректер «Ашық деректер» порталына орналастырылып, тиісті мерзімдерде жаңартылуда және де https://data.egov.kz/datasets/govagencies…сілтемесі бойынша қолжетімді.

Осы орайда, тұрғындар және компьютерлік бағдарлама жасаушылар тарапынан Ашық деректер тізімін толықтыру, ақпаратты жаңарту бойынша ұсыныстар болған жағдайда https://data.egov.kz/#proposalModal сілтемесі арқылы жолдауға болады.

Дата публикации
10 января 2025
Дата обновления
10 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы