Меню

Страницы

Статья

Цифрландыру

Жамбыл облысын цифрландыру жұмыстары цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканың дамудың принципті жаңа траекториясына өтуіне жағдай жасауға бағытталған.
Жамбыл облысының барлық басқармалары, Тараз қаласының әкімдігі 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, «ақылды» қалалардың анықтамалық стандартын және облысты цифрландыруының жол карталарын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:
1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4. "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.

ңірді цифрландыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 ҚР ҮҚ)және Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының Эталондық стандарты(Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №152 бұйрығымен бекітілген)негізінде жүзеге асырылады.

ҚР«ақылды» қалаларының Эталондық стандарты «ақылды» қалалардыақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып құру бойынша ұсыныстарды қамтиды және бірыңғай тәсілдерді белгілейді.

Дата публикации
17 августа 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы