Бүгінгі таңда облыс көлеміндегі мәдениет, тілдерді дамыту мекемелерінің саны 504. Оның 17-сі басқармаға қарайды (6-коммуналдық мемлекеттік мекеме, 11-коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын), қалған 487-і Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне бағынысты.
Басқарма тарапынан жоспарланған шаралар мен көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізіліп, салада бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Облыстағы мәдениет және тілдерді дамыту саласында бүгінгі күні нақты 3 395 қызметкер жұмыс атқарады.
2019 жылдан бері облыста 28 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Шығармашылық бағыттағы жұмыстар:
Облыстық халық шығармашылығы орталығы облыстағы мәдениет үйлері мен клубтардың қызметін үйлестіріп, ауқымды шығармашылық іс-шараларын ұйымдастырып, әуесқой көркемөнерпаздар ұжымдары мен үйірмелеріне әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын іске асырады.
Бүгінгі күні облыста 199 мәдениет үйлері мен клубтар тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді (171-і типтік ғимаратта, 28 клуб ыңғайластырылған ғимаратта).
Былтырғы жылы бөлінген қосымша штаттың нәтижесінде жаңадан 163 үйірме ашылып, 2086 қатысушы қамтылды. Нәтижесінде үйірмелердің саны 882-ге жетіп, оған 11 091 адам тартылған. Оның ішінде, балаларға арналған 640 үйірмеге 8 239 бала қатысады.
«Халықтық» атағы бар ұжымдар саны 53, ал қатысушылар саны - 1 647.
Кітапхана саласы бойынша айтар болсақ, Байзақ ауданында а.ж басында Жібек жолы ауылдық кітапханасы ашылып, бүгінгі таңда 275 мемлекеттік кітапхана облыс халқына қызмет көрсетіп отыр (3-уі облыстық, 8-і қалалық, қалған 263-і аудандардағы кітапханалар).
Облыс театрлары репертуарларын толықтыру мақсатында 4 жаңа қойылым сахналады (қазақ театры–2, орыс театры–2). 20 009 көрерменге 125 қойылым ұсынылды.
Жыл басынан бері театр ұжымдары Т.Рысқұлов, Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Шу аудандарына және Талдықорған, Текелі, Қарағанды қалаларына гастрольдік іссапарлар ұйымдастырды.
Тағы бір үлкен ұжым К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары облыстың Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында және Түркістан қаласы, Алматы және Қызылорда облыстарында гастрольдік концерттер ұйымдастырды. Жыл басынан 123 концерт ұйымдастырып, оған 26 220 көрермен қамтыды.
К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары биылғы жылы екі елдің достығын, түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өнер көрсетті.
Ескерткіштер
Облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны – 3 480.
Республикалық дәрежедегі ескерткіштер саны – 30 (оның ішінде, ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген 5 нысан Ақыртас кешені, Қостөбе, Өрнек, Құлан, Ақтөбе қалашықтары мен республикалық дәрежедегі Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелері мен «Көне Тараз» қалашығы бар).
Жергілікті дәрежедегі ескерткіштер саны – 708.
Алдын ала есепке алынған ескерткіштер саны - 2 742.
Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында аудандардағы ескерткіштерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен жасалған меморандум аясында Жамбыл ауданындағы Қаракемер, Талас ауданындағы Тамды қалашықтарында және Байзақ ауданындағы Жайлаутөбе қалашығына (I–V ғғ.) және Ақжар 1 обалар қорымына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Қарасай петроглифтеріндегі археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі таңда аумағын ашық аспан асты музейіне бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Маусым айында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Т. Рысқұлов ауданындағы «Құлан» қалашығында «Түркі халықтарының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Жыл басында айтыскер ақындарға, жыршы-термешілерге қолдау көрсету мақсатында арнайы Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылды.
Орталықтың ұйытқы болуымен Қордай ауданында Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай Жамбыл облысының айтыскер ақындары мен жыршы-термешілері және Қырғызстанның ақын, манасшыларының қатысуымен «Алатаудың Бұлбұлы» атты Халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.
Облыстық кино орталығы Мемлекеттік қызмет істер агенттігімен бірлескен меморандум негізінде «Қиын таңдау жағдайы» және «Құмар ойындардан бас тарту» атты бейнероликтерін түсірді.
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында тәрбиелік мәні жоғары тақырыптық кино көрсетілімдер өткізді.
Бүгінгі таңда облыстық кино орталығын Облыстық халық шығармашылығы орталығына қосу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Мәдени-көпшілік іс-шаралар:
Биылғы жылы іс-шаралар Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында өткізілуде.
2024 жыл дәстүрлі түрде өтетін «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысымен басталып, бас жүлдені жерлесіміз Қанат Мырзахан иеленді.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Тараз қаласында 14 наурыз – Амал мерекесінен бастап кең көлемде тойланды.
Жамбыл жерінен шыққан өнер майталманы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмидинованың 70 жас мерейтойы мен шығармашылығына 50 жыл толуына орай «Мен даланың қызымын…» атты ән кеші өтті.
Басқарма тарапынан ардагерлер кеңесіне қолдау көрсетіліп, облыстық деңгейде ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, жандандыру жолында ерен еңбегімен ерекшеленген асыл әжелерімізге құрмет көрсетіліп «Аялы әже» атты форумы өтті.
23 сәуір – дүниежүзілік кітап күніне орай «Art & Science(арт сайнс): білімге деген құштарлық» халықаралық кітап фестивалі өтті.
25-26 сәуір аралығында сатирик, жазушы Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай халық театрларының «Жүз шымшыма...» атты республикалық әзіл-сықақ байқау-фестивалі өтті.
Жергілікті ақын-жазушыларға қолдау көрсету мақсатында «Баласағұн» орталық концерт залында ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын-сазгер - Үміт Қыранқызы Битенованың 60 жас мерейтойына арналған «Жырла, жүрек», Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, республикалық «Алтын тобылғы» әдеби конкурсының бас жүлдегері, ақын Хамит Есеманның «Сағыныш» атты шығармашылық кештері өтті. Кешке Жазушылар одағының өкілдері қатысты. Сонымен бірге Хамит Есеманның «Фәни-Құбылыс», Үміт Битенованың «Қар астындағы жауқазын», Қамар Қарасаеваның «Тәтті мұң» кітаптарының Брайль қарпіндегі нұсқасы және аудиоүнтаспасы жарық көрді.
Сондай-ақ, облыстың 85 жылдығы аясында өңірдегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығарып, өнерлерін өрестетіп қолдау көрсету мақсатында шығармашыл жастардың «Жаңа есім – 2024» жобасы ұйымдастырылды.
Жобаға 4 номинация бойынша (вокал, би, дәстүрлі орындаушылар (халық әндері, жыр-терме) және аспапта ойнау) барлығы 600-ден аса өнерпаз қатысып, байқау қорытындысымен 10 өнерпаз үздік деп танылды.
Маусым айында «Көне Тараз күмбірі» ІІІ республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсын ұйымдастырылды. Байқауда Жамбыл облысынан және республикадан жалпы 12 ұжым өнер көрсетті.
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Туған өлкем - Жамбылым!» атты жазба ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасы өтті.
Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист, публицист Жанарбек Әшімжан, Қазақ жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова және белгілі журналист Оралхан Дәуіт қазылық етті.
Жыл соңына дейін:
Тамыз-қараша айларында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл тарихымызды таразылап, дәстүрлі дала мәдениетін дәріптеу мақсатында Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «Мәдениет – асыл қазынам» облыс аудандарының мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр.
Аудандардың мәдениет күндерін өткізудің Ережесі мен өткізу кестесі бекітілген.
Бүгінгі таңда аудандар тарапынан дайындық жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Туған өлкем - Жамбылым!» атты композиторлар мен қылқалам шеберлерінің республикалық байқаулары, қолөнершілердің облыстық байқауы, «Күзгі әуен» классикалық өнер фестивалі және халық ақыны, жырау, дүлдүл әнші, көрнекті композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» ХІІ Республикалық дәстүрлі әншілер конкурс-фестивалі өтетін болады.
Тіл саясаты
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 228 қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысының 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Іс-қимыл жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 4 индикатор белгіленген.
Өңірде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша 93,6%. Этнос өкілдерінің 77%-ы қазақ тілін меңгерген. Мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі - 99,1%.
Ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді үйрететін басқармаға қарасты Тілдерді оқыту орталығында 43 адам жұмыс істейді (оның ішінде 10 оқытушы, 8 аудандық фиалалда-16 адам) жұмыс жасайды.
Ономастика
Ономастикалық атауларды біріздендіру жұмыстары жалғасуда.
Облыста 5795 физикалық-географиялық бірлік және оның құрамдас бөліктері (371 елді мекен, 5424 көше) бар.
Анықтама ретінде
1 облыстық маңызы бар қала – Тараз қаласы
3 аудандық маңызы бар қала – Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары
10 аудан, 367 елді мекен (кент, ауыл), 153 ауылдық округ.
5424 көше атауларының 766 (14,1%) – жер-су атымен, 1337-і (24,7%) – дәстүрлі атаулар, 3321-і (61,2%) кісі есімімен аталады.
Кісі есімімен аталатын көшелердің 1239-ы (37,3%) (көше, даңғыл, саябақ т.б.) «Тарихи тұлғалар» тізіміне сәйкес келеді.