Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылық туралы ТҮСІНДІРМЕ

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

мемлекеттік қызметшілерінің назарына

 

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылық туралы

ТҮСІНДІРМЕ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 273-VІ ҚРЗ Заңымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін  тәртіптік жауаптылықты көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

          Осылай, Заңның 43 бабының 4 тармағына сәйкес, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мынадай:

          1) бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған;

          2) бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.

Бұдан бөлек, Заңның 60-бабының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік саяси қызметші өз қызметі кезеңінде мынадай негіздердің кез келгені болған кезде:

          1) тікелей бағынысты қызметші ірі немесе аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде;

          2) тікелей бағынысты қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, егер оны бірнеше рет жасаған болса;

          3) екі және одан көп тікелей бағынысты қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

          Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда:

          1) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – орталық мемлекеттік органның басшысы;

          2) сайланған әкімді қоспағанда, өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыстың әкімі;

          4) өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыс әкімінің орынбасары;

          4-1) өзінің орынбасары, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, облыс әкімі аппаратының өзіне тікелей бағынысты құрылымдық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыс әкімі аппаратының басшысы;

          5) өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, әкім отставкаға өтініш береді.

          Мемлекеттік саяси қызметшілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде отставкаға өтініш береді.

          Мемлекеттік саяси қызметшілер болып табылатын, сайланған әкімдердің отставкаға беру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

          Мемлекеттік саяси қызметшіні басқа мемлекеттік саяси лауазымға тағайындау саяси мемлекеттік қызметшінің бұрынғы жұмыс орны бойынша қызметі кезеңінде өзіне тікелей бағынысты қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оны осы баптың 3-1-тармағында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен отставкаға кету міндетінен босатпайды.

         

 

Жамбыл облысы әкімі

аппаратының заң қызметі

 

 

 

 

 

Для сведения государственных служащих

местных исполнительных органов Жамбылской области

 

РАЗЪЯСНЕНИЕ

по вопросу дисциплинарной ответствености за совершение непосредственно подчиненными им государственными служащими коррупционных преступлений

 

Законом Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 273-VІ ЗР «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействия коррупции» в Закон Республики Казахстан  «О государственной службе Республики Казахстан» (далее - Закон) были внесены изменения и дополнения, предусматривающие дисциплинарную ответственность государственных служащих, занимающих должности первых руководителей государственных органов за совершение непосредственно подчиненными им государственными служащими коррупционных преступлений.

Так, согласно пункту 4 статьи 43 Закона, государственные служащие, занимающие должности первых руководителей государственных органов несут в соответствии с законами Республики Казахстан дисциплинарную ответственность за совершение непосредственно подчиненными им государственными служащими коррупционных преступлений при совокупности следующих условий:

          1) установлена связь между коррупционным преступлением, совершенным подчиненным, и виной в неисполнении или ненадлежащем исполнении должностных обязанностей по предупреждению совершения коррупционных правонарушений;

          2) в отношении подчиненного имеется вступивший в законную силу судебный акт о привлечении к уголовной ответственности за коррупционное преступление либо уголовное дело за совершение коррупционного преступления прекращено органом уголовного преследования или судом на основании пунктов 3), 4), 9), 10), 11) и 12) части первой статьи 35 или статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

          Кроме того, в соответствии с пунктом 2 статьи 60 Закона политический государственный служащий привлекается к дисциплинарной ответственности в установленном законодательством Республики Казахстан порядке при наличии любого из следующих оснований в период его деятельности:

          1) при совершении непосредственно подчиненным служащим коррупционного преступления в крупном или особо крупном размере;

          2) при совершении непосредственно подчиненным служащим коррупционного преступления, если оно совершено неоднократно;

          3) при совершении двумя и более непосредственно подчиненными служащими коррупционного преступления.

          Политические государственные служащие, указанные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 4-1) и 5) настоящего пункта, подают в отставку в случае, если по истечении трех месяцев со дня их назначения совершено коррупционное преступление:

          аким области − при совершении коррупционного преступления его заместителем, непосредственно подчиненным политическим государственным служащим, руководителем аппарата либо акимом района (города областного значения), района в городе, за исключением избранного акима;

          заместитель акима области − при совершении коррупционного преступления руководителем курируемого им исполнительного органа, финансируемого из местного бюджета;

          руководитель аппарата акима области − при совершении коррупционного преступления его заместителем, руководителем курируемого им исполнительного органа, финансируемого из местного бюджета, руководителем непосредственно ему подчиненного структурного подразделения аппарата акима области;

          аким, за исключением указанных в подпункте 2) настоящего пункта лиц, − за совершение коррупционного преступления его заместителем, руководителем аппарата акима, руководителем курируемого им исполнительного органа, финансируемого из местного бюджета.

          Политические государственные служащие подают в отставку по основаниям и в порядке, которые предусмотрены частью первой настоящего пункта, в течение десяти календарных дней после вступления в законную силу обвинительного приговора суда либо прекращения уголовного дела органом уголовного преследования или судом на основании пунктов 3), 4), 9), 10), 11) и 12) части первой статьи 35 или статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

          Особенности подачи в отставку избранных акимов, являющихся политическими государственными служащими, регулируются Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан».

          Назначение политического государственного служащего на другую политическую государственную должность не освобождает его от обязанности подать в отставку за совершение коррупционного преступления непосредственным подчиненным служащим по прежнему месту работы политического государственного служащего в период его деятельности по основаниям и в порядке, которые предусмотрены пунктом 3-1 настоящей статьи.

 

 

Юридическая служба

аппарата акима

Жамбылской области

 

Дата публикации
01 апреля 2024
Дата обновления
01 апреля 2024
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы