«БЕКІТЕМІН»
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
М. Саурықов ___________
«___» шілде 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
Орандауға жауаптылар |
|
1. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын оқыту жөнінде «Құқықтық сабақтар» өткізу. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Тұрақты |
Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгері |
|
2. |
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кезінде заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Тұрақты |
Басқарма қызметкерлері |
|
3. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындалуын бақылау |
Тұрақты |
Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгері |
|
4. |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау |
31.08.2023 |
Жолаушылар көлігі бөлімі |
|
5. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындыларын интернет-ресурстарына талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын орналастыру |
Жоспарға сәйкес |
Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгері |
|
6. |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау |
31.08.2023 |
Автомобиль жолдары бөлімі |
Таныстым:
Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Е. Сейтбеков___________
Жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімінің басшысы:
Ғ. Ташметов_______________
Жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгері
Н. Мергенбаев___________