Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы», «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы», «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері.
|
р/с № |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан жұмыскерлердің сандық құрамын және тартылған шетелдік жұмыскерлер санын анықтау бөлігінде жұмыс берушілер мен басқарманың дерекқорын интеграциялау туралы мәселені қарауға және уәкілетті органға ұсыныстар жіберу қажет.
|
ЕХӘҚМ-не хат жолдау |
ақпарат |
Бас маман - Г.Тойшыбекова |
2023 жылдың 15 тамызына дейін |
|
2 |
Рұқсаттар беру қағидаларының 16-тармағының талаптарын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға жұмыскерлердің сандық құрамының мониторингі жөніндегі функцияларды бекіту бөлігінде Қағидаларға өзгерістер енгізу және жұмыс берушілер өтініштер берген кезде анық емес деректер ұсынған жағдайларда, олардың жауапкершілігі туралы мәселені қарастыру бойынша уәкілетті органға ұсыныстар жіберу қажет.
|
ЕХӘҚМ-не хат жолдау |
ақпарат |
Бас маман - Г.Тойшыбекова |
2023 жылдың 15 тамызына дейін |
|
3 |
Басқарманың әкімшілік бөлімімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Түсіндіру жұмыстары |
хаттама |
Бөлім басшысы-Г.Сейдалиева Бас-маман-Т.Кабираева |
01.09.2023ж. дейін |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Түсіндіру жұмыстары |
хаттама |
Бөлім басшысы- М.Мадижанов |
01.09.2023ж. дейін |
|
5 |
1) Арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға стандарт талаптарын қатаң сақтай отырып, мониторинг жорналдарын дұрыс толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 2)Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндіру жұмыстары
|
хаттама |
Бөлім басшысы- Н.Алтынбеков
Бөлім басшысы- Н.Кенесбаев
«1АӘҚҰО» директоры Г.Кушанова,
|
01.09.2023ж. дейін |
|
6 |
1)Әлеуметтік қызметкерлер тарапынан жұмыс жоспарлары мен мониторинг жұмыстары тиісті заңнама талаптарына сәйкес дұрыс әрі сауатты жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 2) Алдағы уақытта «Қазынашылық-клиент» жүйесінде тіркеуден өтуі міндетті келісім шарттарды дер кезінде тіркеу бойынша жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 3) Мемлекттік сатып алуды ұйымдастыру жұмыстарының барлық кезеңінде заң талаптарының қатаң сақтау бойынша жауапты қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндіру жұмыстары
|
хаттама |
Бөлім басшысы- Н.Алтынбеков Бөлім басшысы- Н.Кенесбаев Бөлім басшысы-Г.Сейдалиева «№5 АӘҚҰО» директорының м.а. .Қыдырбаев
|
01.10.2023ж. дейін |
|
7 |
1. 1)Арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға стандарт талаптарын қатаң сақтай отырып, мониторинг жорналдарын дұрыс толтыру бойынша жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 2. 2) Алдағы уақытта жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру туралы бұйрықтарды жасау бойынша жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 3. 3) ҚР Еңбек кодексі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізу.
|
Түсіндіру жұмыстары |
хаттама |
Бөлім басшысы- Н.Алтынбеков
Бөлім басшысы-Г.Сейдалиева
«ЖОМОБО» КММ-нің директоры Қ.Бибазарова |
01.10.2023ж. дейін |
|
8 |
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес Басқарманың еңбек көші-қоны бөлімімен кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу: кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру және қайтарымды негізде микрокредит беру шарттары бойынша, Басқарманың халықты жұмыспен қамту бөлімімен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары: кәсіптік оқыту және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі бойынша БАҚ-та түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
|
Түсіндіру жұмыстары
|
ақпарат (скриншот тар, сүреттер) |
Бөлім басшысы-Ә.Сапашева Бас-маман- Г.Тойшыбекова |
01.09.2023ж. дейін |
|
9 |
Басқарманың интернет-ресурсында, облыс әкімінің ресми сайтында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру, қайтарымды негізде микрокредит беру, кәсіптік оқыту және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі туралы ақпараттармен толықтырылсын.
|
Ақпараттармен толықтыру |
ақпарат (скриншот тар, сүреттер) |
Бөлім басшысы-Ә.Сапашева Бас-маман- Г.Тойшыбекова |
01.09.2023ж. дейін |
Ескертпе: қызметтік қажеттілікке байланысты жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.