Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылдың І тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2026 жылдың І тоқсанында

көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

2026 жылдың І тоқсанында облыс бойынша ЖАО-мен
3 369 082 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 335 323 қызмет (98,99%);
  • қағаз түрінде –     280 қызмет (0,01 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   33 479 қызмет (1 %). 

Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 193 (жеке тұлға – 181, заңды тұлға – 12) қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.

2026 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 076 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, басқармалар және олардың бағынысты мекемелері әлеуметтік желілерде
953, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 50 мақала жариялады және тұрғындар арасында 73 насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2026 жылдың І тоқсанында ЖАО-ның
27 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2026 жылдың I тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша

қысқаша есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2026 жылдың
І тоқсанында 23 бақылау іс-шарасы (14 жергілікті атқарушы органдарда және 9 ведомстволық бағынысты ұйымдарда) жүргізілді (23 нысан).

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 694 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

-   мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
243 фактісі;

-   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 92 фактісі;

-   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 60 фактісі;

-   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 7 фактісі;

-   көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмаудың 1 фактісі;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 291 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 46 ұсыным әзірленіп, 20 ұсынымның орындалуы ағымдағы жылдың II тоқсанына шегерілді.

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылдың І тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
16 апреля 2026