|
|
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «___» қаңтардағы №_____ бұйрығына _ -қосымша |
Жамбыл облысы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
1) мемлекеттік және өзге органдар, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті мәселелер бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер, қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге материалдарды сұратып алуға;
2) облыс әкімінің қарауына, әкімдік мәжілісіне, кеңестерге енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысуға облыс әкімі аппараты бөлімдерінің, департаменттер, басқармалар, құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да бақылаушы және қадағалаушы органдардың қызметкерлерін тартуға;
3) құрылымдық бөлімше қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстарды енгізуге;
4) облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге құқылы;
5) құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;
6) құрылымдық бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады;
7) құрылымдық бөлімше басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Жамбыл облысы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
8) құрылымдық бөлімше басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
9) құрылымдық бөлімше басшысы осы мақсатта:
Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
1) облыс әкімдігінің мәжілістеріне, кеңестеріне және басқа іс-шараларына ұсынылатын жобаларды уақытылы және сапалы әзірлеуін, мерзімде ұсынылуын үйлестіреді;
2) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарларының кеңестерінде өтетін тиісті салалар бойынша хаттамалардың орындалуын зерделейді;
3) облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына және облыс әкімі аппаратының басшысына тиісті салалар жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындау, салаларының жағдайы туралы талдау, зерделеу жұмыстарын жасауын бақылайды, үйлестіреді;
4) облыстағы тиісті салаларының дамытудың бағыттарына ұсыныстар жасау;
5) Жамбыл облысы әкімі аппаратының әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысын жүргізеді;
6) облыс әкімдігінің басқармаларымен және Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппараттарымен тиісті салалар бойынша өзара жұмыс жасауын үйлестіреді;
7) облыс әкімі тапсырмаларының орындалуы мен облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары және мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың орындалуы бойынша талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізеді, анықтама дайындайды;
8) тиісті салалар бойынша анықталған кемшіліктерді облыс әкімі аппараты басшысына ұсыныстарды дайындайды, еңгізеді, талдайды;
9) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімінің және оның орынбасарының азаматтарды қабылдауына қатысады, олар бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, бақылайды;
10) облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді;
11) облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларының жұмысын ұйымдастырады;
12) облыс әкімі орынбасарларының басшылық ететін салалар шеңберінде тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл жүргізеді;
13) министрліктердің тапсырмаларын және облыс әкімінің шешімдері мен қаулыларының уақтылы орындайды.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру