Жамбыл облысы әкімі аппаратының талдау және сыртқы байланыс бөлімі туралы ереже

 

Жамбыл облысы әкімі

аппараты басшысының

2026 жылғы «___» қаңтардағы

№_____ бұйрығына _ -қосымша

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының талдау және сыртқы байланыс бөлімі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының талдау және сыртқы байланыс бөлімі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) Жамбыл облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. 4. Мақсаттары:

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттардың, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты басшылығының, облыс әкімінің тапсырмаларының іске асырылу барысын жүйелі және сапалы талдау арқылы мемлекеттік органның тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық және өңіраралық әріптестікті дамыту, инвестициялық жобаларды тарту және шетелдік және еліміздегі өзге өңірлердегі үздік тәжірибелерді зерделеу арқылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттардың, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты басшылығының, облыс әкімінің тапсырмаларының іске асырылу барысын  талдау.

2) белгіленген тәртіппен құрылымдық бөлімшеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, есептерді және материалдарды сұрату және алу;

3) облыс әкімдігі басшылығының тапсырмасы бойынша құжаттарды дайындау кезінде олармен келісе отырып, облыс әкімдігінің құрылымдары және жергілікті аумақтық мемлекеттік органдар қызметкерлерін тарту;

4) құрылымдық бөлімшенің құзыретіндегі мәселелер бойынша кеңестер өткізу және тиісті тәжірибелік көмек көрсету;

5) құрылымдық бөлімшенің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы өткізетін іс-шараларға қатысу;

6) сыртқы байланыс пен инвестиция тарту бойынша ұйымдастырылатын жұмыс топтарына, іс-шараларға қатысуға және ұсыныстар беруге;

7) шетелдік серіктестермен кездесулер ұйымдастыруға бастама жасау және келіссөздер жүргізуге қатысу;

8) талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды мемлекеттік орган басшылығына енгізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

10) Шетелдік мемлекеттердің және еліміздегі өзге өңірлердің табысты жобаларын, озық тәжірибелерін, инновациялық шешімдерін зерттеу және өңірлік ерекшеліктерге бейімдеу жолдарын ұсыну.

6.Функциялары:

1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттарда орындалуы көзделген іс-шаралардың тізбегін қалыптастыру, олардың орындалуы бойынша ақпаратты жинау және жүйелеу;

2) Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппаратының, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізу;

3) тапсырмалардың орындалу мерзімдері мен сапасына талдау жасау, орындалмаған немесе уақытылы орындалмаған тапсырмаларды анықтау;

4) тапсырмалардың орындалу барысындағы проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) тапсырмалардың орындалуын бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты ұсынымдар дайындау және басшылыққа енгізу;

6) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысын үйлестіру;

7) тапсырмалардың орындалуы туралы талдамалық анықтамалар, шолулар және қорытындылар дайындау, аппараттық кеңестер мен жұмыс тобы отырыстарына материалдар әзірлеу;

8) орындалуы ерекше бақылауға алынған тапсырмалар бойынша жедел ақпарат ұсыну және мерзімді есептілікті қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

 

10) облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың тізілімін қалыптастыру, оларды жүзеге асыру мәселелеріне талдау жүргізу, проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу және қорытындысын басшылыққа енгізу;

11) халықаралық және өңіраралық деңгейдегі табысты жобалар бойынша ресми ақпарат көздерін, сараптамалық есептерді, рейтингтерді, талдамалық шолуларды зерделеу;

12) озық тәжірибелер мен табысты жобалар бойынша салыстырмалы (бенчмаркинг) талдау жүргізу;

13) зерттелген жобаларды өңірлік ерекшеліктерге бейімдеу бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу;

14) жергілікті атқарушы органдарға, ведомстволық ұйымдарға және мүдделі құрылымдарға бейімделген жобалар мен шешімдерді енгізу жолдарын ұсыну;

15) озық тәжірибелерге негізделген жобаларды тестілеу және пилоттық жобалар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

16) озық шетелдік тәжірибе мен жобаларды таныстыруға бағытталған шолулық материалдар, ақпараттық жазбалар, презентациялар дайындау;

17) облысқа инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, оның ішінде шетелдік және отандық инвесторлармен тұрақты байланыс орнату және дамыту;

18) Қазақстан Республикасының сыртқы саясат бағытына және инвестициялық стратегиясына сәйкес өңірлік деңгейде халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу;

19) іскерлік делегациялармен кездесулер ұйымдастыру, шетелдік сапарларға ақпараттық сүйемелдеу және хаттамалық қолдау көрсету;

20) меморандумдар, келісімдер, хаттамалар әзірлеуге қатысу, оларды іске асыруды мониторингілеу;

21) облыстың инвестициялық әлеуетін насихаттау және шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізу үшін презентациялық, анықтамалық материалдарды әзірлеу және ұсыну;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Құрылымдық бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Құрылымдық бөлімше басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Құрылымдық бөлімшенің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының талдау және сыртқы байланыс бөлімі туралы ереже
Дата публикации
15 апреля 2026