|
|
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «___» қаңтардағы №_____ бұйрығына 9-қосымша |
Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
4) облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің өтініштерді қарау шеңберінде берген тапсырмаларының уақтылы және толық іске асырылуын бақылау;
5) іс жүргізу талаптарының өтініштерді қарау бөлігінде сақталуын бақылау.
1) осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұрату;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау бөлігінде бақылаудағы тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің және мемлекеттік органдардың жауапты орындаушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
3) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен іс қағаздардың жүргізілуін ұйымдастыру, жетілдіру бағытында жұмыстарды үйлестіру үшін облыстық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін тарту;
4) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен облыстық жергілікті атқарушы органдарда іс-қағаздардың жүргізілу барысын талдау жасау;
5) облыс әкімі аппаратында, облыстық жергілікті атқарушы органдарда орындаушылық тәртіп және құжаттама талаптарын сақтау бойынша кемшіліктерге жол берген жауаптыларға тәртіптік жаза қолдану туралы облыс әкімі аппараты басшылығына ұсыныс енгізу;
6) құрылымдық бөлімше және ведомстволық бағынышты басқарламалардың жұмысына тиісті бұйрықтар мен өкімдердің жобаларымен танысу;
7) құрылымдық бөлімшенің және ведомстволық бағынышты басқарламалардың жұмысын жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстар енгізу;
8) ведомстволық бағынышты басқарламалардың басшыларынан керекті мәліметтер (есеп, түсініктеме) сұрау.
1) жеке және заңды тұлғалардың қағаз түрінде, оның ішінде пошта байланысы арқылы, сондай-ақ құрылымдық бөлімшеге қолма-қол, электрондық форматта «e-Өтініш» жүйесі арқылы келіп түсетін өтінштерін қабылдау, тіркеу, алдын ала қарау, талдау, бөлу, мәселелердің сипатын анықтау, оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және облыстық жергілікті атқарушы органдарға жіберу, облыстық жергілікті атқарушы органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
2) құрылымдық бөлімше құзыреті шеңберінде облыстық жергілікті атқарушы органдар жауаптарының сапасын талдау;
3) облыстық жергілікті атқарушы органдардың жауаптары сапасыз орындалған жағдайда Бөлімнің құзыреті шеңберінде оларды пысықтауға жіберу;
4) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және арыз берушілерге жауаптар жолдау;
5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
6) облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
7) жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кезінде қажет болған жағдайда облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, құқық қорғау органдардың өкілдерін, басқа да мемлекеттік орган өкілдерін қатысуын қамтамасыз ету;
8) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету,
9) облыс әкімінің аппаратында не басқа елді мекенде жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке қабылдауды ұйымдастыру;
10) облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қажет болған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде бейнеконференцбайланыс форматында тұрақты көшпелі қабылдауларын ұйымдастыру;
11) облыстық жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысын мониторингілеу;
12) облыс әкімі және оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесін дайындап, бекітуге ұсыну;
13) келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар және арыз берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау;
14) құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мыналар бойынша ұсыныстар дайындау:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету мен өтініштер бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
- облыстық жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау;
- құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы офистерінің өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің өтініштерді қарау шеңберінде берген тапсырмаларының уақтылы және толық іске асырылуын бақылау;
- облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшылығы тапсырмаларының іске асырылуы бойынша өтініштерді қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізу;
- облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен байланысты Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, атқарушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
- облыс әкімі аппаратының, облыстық жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыру;
- облыстық жергілікті атқарушы органдардың, қала/аудандар әкімдерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша есептік алқалы іс-шараларына қатысу;
- өз құзыреті шеңберінде облыс әкімі аппаратында, облыстық жергілікті атқарушы органдарда іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуы бөлігінде талдау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын бақылау, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша нұсқама беру;
- облыс әкімі аппаратының Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын үйлестіреді;
- Азамматтарды қабылдау орталығының регламентін сақтау;
- облыс бойынша Азамматтарды қабылдау орталығына байланысты жұмыстарды ұйымдастырады;
- Азаматтарды қабылдау орталығына қайырылған азаматтардың саны бойынша ай сайынғы есептілікті ҚР Үкіметі аппаратына ұсынады.
15) «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі және "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы азаматтардың өтініштеріне ай сайын талдау жүргізіп, жиі көтерілетін мәселелерді анықтау және өтініштер бойынша берілетін жауап жобаларын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына орналастыру жөнінде (азаматтардың ресми жүгіну санын төмендету мақсатында) ұсыныстар енгізу.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру