|
|
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «___» қаңтардағы №_____ бұйрығына _ -қосымша |
Жамбыл облысы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
1) мемлекеттік және өзге органдар, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар, аумақттық департаменттер, аумақттық инспекциялар мен мекемелер басшыларынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті мәселелер бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер, қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге материалдарды сұратып алуға;
2) облыс әкімінің карауына, әкімдік мәжілісіне, кеңестерге енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысуға облыс әкімі аппараты бөлімдерінің, департаменттер, басқармалар, бақылаушы және қадағалаушы органдардың қызметкерлерін тартуға;
3) құрылымдық бөлімше қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстарды енгізуге;
4) облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге құқылы;
5) құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
1) облыс әкімдігінің мәжілістеріне, кеңестеріне және басқа іс-шараларына ұсынылатын жобаларды уақытылы және сапалы әзірлеуін, мерзімде ұсынылуын үйлестіреді;
2) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарларының кеңестерінде өтетін тиісті салалар бойынша хаттамалардың орындалуын зерделейді;
3) облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына және облыс әкімі аппаратының басшысына тиісті салалар жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындау, салаларының жағдайы туралы талдау, зерделеу жұмыстарын жасауын бақылайды, үйлестіреді;
4) облыстағы тиісті салаларының дамытудың бағыттарына ұсыныстар енгізеді;
5) облыс әкімдігінің ауыл шаруашылғы, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары және Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппараттарымен тиісті салалар бойынша өзара жұмыс жасауын үйлестіреді;
6) Жамбыл облысы бойынша техникалық қадағалау және метрология, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясымен, Экология департаменттерімен, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық инспекциясымен, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық инспекциясымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инпекциясымен, Шу-Талас облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы, «Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ«Қазақ су шаруашылы ғылыми-зерттеу институты», «Аграрлық несие корпорациясы» және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен, «Тараз ӘКК» Ақ-мен, облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалымен өзара іс-қимыл жасайды;
7) облыс әкімі тапсырмаларының орындалуы мен облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары және мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың орындалуы бойынша талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізеді, анықтама дайындайды;
8) тиісті салалар бойынша анықталған кемшіліктерді облыс әкімі аппараты басшысына ұсыныстарды дайындайды, енгізеді, талдайды;
9) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімінің және оның орынбасарының азаматтарды қабылдауына қатысады, олар бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын, ұйымдастырады, бақылайды;
10) облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді;
11) облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларының жұмысын ұйымдастырады;
12) облыс әкімі орынбасарларының басшылық ететін салалар шеңберінде тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл жүргізеді;
13) министрліктердің тапсырмаларын және облыс әкімінің шешімдері мен қаулыларының уақтылы орындайды;
14) кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы қабылданған Ұлттық жобалардың облыста жүзеге асырылуын бақылайды;
15) қолданыстағы заңнамалар шеңберінде жетекшілік ететін басқарманың жұмысын үйлестіреді. Қабылданған нормативті құқықтық актілер шеңберінде индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру