Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімі туралы ереже

 

Жамбыл облысы әкімі

аппараты басшысының

2026 жылғы «___» қаңтардағы

№_____ бұйрығына _ -қосымша

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және

ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) Жамбыл облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің акілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ұйымдастырушылық-ақпараттық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

2) облыс әкімінің жоғары тұрған, орталық атқарушы, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарымен арақатынасын қамтамасыз ету;

3) облыс әкімінің өңірлерді дамыту бойынша өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз ету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         1) жергілікті атқарушы органдардан, өңірдегі өзге де мемлекеттік органдар мен мекемелерден, облысы әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелерінен, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан жазбаша немесе ауызша құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттарды, анықтамаларды, есептерді, өзге де материалдарды сұратып алуға;

         2) қала мен аудандар әкімдеріне және облыс әкімдігінің басқарма басшыларына жүктелген міндеттердің сапалы және мерзімінде іске асырылуын қамтамасыз етілуін қадағалау;

         3) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қала мен аудандар әкімдерін, облыс әкімдігінің басқарма басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

         4) қала мен аудандар әкімдеріне, облыс әкімдігінің басқарма басшыларына – олардың орындауы үшін міндетті болып табылатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар жолдауға;

         5) жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, орталық атқарушы органдармен өткізілетін кеңестерге, кездесулерге, сессияларға, сондай-ақ өзге де іс-шараларға қатысуға;

         6) құрылымдық бөлімше қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстар енгізуге, құрылымдық бөлімшенің қызметіне қатысты өкімдер мен бұйрықтар жобасымен танысуға құқылы;

         7) облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмалары бойынша зерделеулерді және тексерулерді жүзеге асыруға, нәтижелері туралы облыс әкіміне және облыс әкімі аппаратының басшысына баяндауға;

         8) жетекшілік ететін өңірлерде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінің, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларының және қарарларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

         9) практикалық көмек көрсету, бақылауды жүзеге асыру және қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

         10) өңірлік саясат саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдарға қатысты облыс әкімінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Функциялары:

         1) облыс әкімінің қатысуымен өтетін барлық протоколдық-ұйымдастыру
іс-шараларын, оның ішінде кеңестерді, мәжілістерді, салтанатты іс-шараларды және т.б. қамтамасыз ету;

2) облыс әкімінің өңірлерге жұмыс сапарларын дайындау, олардың қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

3) өңірлердегі жедел жағдай, экономикалық, әлеуметтік, төтенше және өзге де жағдайлар туралы облыс әкімін, облыс әкімі аппараты басшысын ақпараттық қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерін, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша қала мен аудандар әкімдіктеріне инспекторлық зерделеу мен бақылауды ұйымдастыру;

5) қала мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйін зерделеу;

6) облыс әкімінің халықпен есепті кездесулерін ұйымдастыру;

7) әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы барысына ай сайын талдау жасап, тоқсан сайын облыс әкімін, облыс әкімі аппараты басшысын хабардар ету;

8) барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін мониторингілеуді, ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды және қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат жіберуді қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан  Республикасы Үкіметі Аппаратының жетекшілік ететін инспекторларының тапсырмаларын орындауда қажетті сапалы ақпарат пен материалдарды  қамтамасыз ету және әзірлеу, олардың облысқа жасайтын жұмыс сапарларына бағдарламаларын дайындау;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету;

11) заңнама талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

12) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшенің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімі туралы ереже
Дата публикации
15 апреля 2026