Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі туралы ереже

 

Жамбыл облысы әкімі

аппараты басшысының

2026 жылғы «___» қаңтардағы

№_____ бұйрығына _ -қосымша

 

     

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) Жамбыл облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

2) мемлекеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету, халықты ресми әрі сенімді ақпаратпен уақтылы хабардар ету және қоғаммен тиімді кері байланыс орнату;

3) баспасөз ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) байланысты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

4) БАҚ-қа облыс туралы ақпарат беру және осы арқылы оң имиджді қалыптастыру;

5) демократиялық қоғам талаптарына жауап беретін жариялылық, ашық қоғам принципін ұстану;

6) мемлекеттік органның оң қоғамдық бейнесін қалыптастыру;

7) облысқа қатысты жарияланған ақпараттарды зерделеп, сараптау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) құрылымдық бөлімше өзіне жүктелген міндеттерді орындауда облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдермен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруға;

2) облыс әкімінің сайтына, жергілікті және республикалық  басылымдарда белгілі тақырыптарда мақалалар әзірлеу мақсатында жергілікті мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан керекті ақпараттар мен құжаттарды, анықтамаларды жазбаша немесе ауызша жүйелі түрде сұратуға және алуға;

3) құрылымдық бөлімше әкімдік пен қоғам арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларын телерадио және баспасөз арқылы сұхбатқа шақыру, журналистерге баспасөз конференциясын, брифингін және кездесулерді ұйымдастыруға;

4) облыс әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және осының негізінде басшының оң беделін қалыптастыруға;

5) мекеме ішінде БАҚ-қа бірыңғай ақпараттық ағынды қалыптастыруға;

6) әкімдік өткізген іс-шараларды БАҚ-та жариялауға;

7) әкімдіктің қызметі, ондағы ұйымдық өзгерістер, қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен жобалар туралы БАҚ-ты үнемі хабардар ету, департаменттер мен басқармалармен және облыс әкімі аппараты бөлімдерімен байланыс орнатуға;

8) БАҚ-пен бірлесіп қоғамдық акциялар ұйымдастыру, телеарналар мен радиоға бағдарламалар даярлауға;

9) мерзімдік басылымдармен күнделікті байланыс орнатуға;

10) қажетіне қарай брифингтер мен баспасөз-конференцияларын ұйымдастыруға.

11) электронды пошта арқылы баспасөз-парақтар және басқа да материалдарды республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне жүйелі түрде жолдауға құқылы.

12) облыс әкімінің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету;

13) облыс әкімінің жұмыс сапарларын және қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;

14) облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдық қамтамасыз ету;

15) облыс әкімінің  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;

16) облыс әкімінің және оның қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін қамтамасыз ету;

 17) облыс әкімінің  қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау;

18) облыс  әкімінің ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;

19) облыс әкімінің қызметі, оның ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;

20) облыс әкімінің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативтік қолдау;

21) облыс әкімінің қызметін, облыстағы маңызды жаңалықтар мен дағдарыс кезіндегі ресми мәлімдемелерді www.zhambylgov.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио-, фото- және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;

22) www.zhambylgov.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын әлеуметтік желіге орналастырулы қамтамасыз ету;

23) облыс әкімінің қызметі және оның қатысуымен өтетін  іс-шаралар туралы БАҚ-ты ақпараттық материалдармен хабардар және қамтамасыз етуге

24) дағдарыс кезінде, төтенше жағдайларда жедел, нақты хабар тарату, жалған ақпарат пен қауесеттерге ресми жауап беру;

 25) шектеулі таратылуға жататын мәліметтерді БАҚ беттерінде жарияламау.

  1. Функциялары:

1) облысқа және облыс әкіміне қатысты оның беделін арттыратын мақалалар мен ақпараттық материалдар, ресми хабарлар мен пресс-релиздер, анықтамалар мен басқа да материалдар әзірлеу;

2) БАҚ-тар үшін облыс әкімінің және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар басшыларының сұхбаттарын ұйымдастыру;

3) БАҚ-та, әлеуметтік желідегі ресми парақшада  ұсынылған ұсыныстарды шешу жөнінде облыс әкімімен және оның аппаратымен үнемі пікірлесіп отыру;

4) баспасөзге дайындалған материалдарға немесе телерадио арқылы берілетін сөздерге бақылау жасау;

5) БАҚ-та, әлеуметтік желідегі ресми парақшада жарияланған мақалалар мен видеоматериалдарға талдау /мониторинг/ жүргізу; Қоғамдық реакцияны талдау және басшылыққа баяндау;

6) жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін талдау және болашақта БАҚ-қа берілетін  материалдарға болжау жасау;

7) БАҚ-тар туралы мәліметтер базасын жасап, ондағы өзгерістерді қадағалау;

8) журналистерді аккредитациялау;

9) осы аймақтағы БАҚ пен журналистердің құқығы мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын ұйымдармен байланыс жасау;

10) аймақтағы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын үйлестіру, басқа да департаменттердің баспасөз қызметтерімен байланыс орнату;

11) қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерімен байланыс орнатып, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

12) қажетіне қарай газеттер мен журналдарға мақалалар жазу;

13) өз жұмыс тәжірибесін, туындаған мәселеге сай жеке көзқарасын қалыптастыруға қатысу;

14) облыс әкімі қызметін жариялау үшін ақпараттық негіз жасау;

16) республикалық және жергілікті БАҚ-тың редакторларымен, журналистерімен жанды байланыс орнату;

17) облыс әкімінің БАҚ өкілдерімен кездесуіне жағдай туғызу;

18) журналистер тарапынан түсетін сұрақтарға дер кезінде жауап беруді қамтамасыз ету;

19) облыс әкіміне күнделікті ақпараттық дайджест әзірлеу;

20) фотосуреттерден және видеоматериалдан мұрағат қорын жасайды.

21) заңнама талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

22) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

           

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі туралы ереже
Дата публикации
15 апреля 2026