Ақпараттық хабарлама
«NS Радиосы - Ұлттық желі» Телерадиокомпаниясы» ЖШС - «N-S Радиосы» радиостансасының иесі (бұдан әрі - Радио), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, 2021 жылғы қаңтардың 10-да өтетін кезекті сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерді Радиода үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін төлем мөлшері, эфир уақытын ұсынудың шарттары және тәртібі туралы хабардар етеді.
Үгіт-насихат материалдарын жариялау 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 00:00-ден 2021 жылдың 9 қаңтарында 00:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.
Эфир уақыты Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негізінде Радио басшысының атына жазылған жазбаша өтініш бойынша беріледі.
Үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған эфир уақыты саяси партияларға келісім-шарт негізінде және радионың бекітілген монтаж қағаздарына сәйкес беріледі. Сонымен қатар, монтаж қағаздары үгіт-насихат материалдары эфирге шығуынан 3(үш) күнтізбелік күннен бұрын, жазбаша өтініш берген күні Радионың техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, яғни, Радионың эфирлік уақытының болжалды уақыт межелдемесінде жарнаманың болу/болмауына байланысты дайындалады.
Радиода эфир уақытын ұсыну, ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудиороликтерді 50х50 арақатынаста, коммерциялық жарнамадан бос уақытта орналастыру арқылы жүзеге асырылады. жариялау арқылы беріледі.
Эфирде жарияланатын үгіт-насихат материалдарының саны, көлемі, ұзақтығы, шығатын күні мен уақыты уәкілетті өкілдің жазбаша өтінішінде көрсетіледі.
Үгіт-насихат материалдары Радиоға эфирге шығуынан 3(үш) күнтізбелік күн бұрын, 320 kbps / 44100 Hz; МР3 форматында тапсырылуы тиіс.
Барлық үгіт-насихат материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы керек.
Эфир уақытын жариялау кезектілігі Радио бекіткен жазбаша өтініштердің түсу тәртібіне немесе егер өтініштер бірмезгілде түскен жағдайда жеребе тастау арқылы анықталады. Жазбаша өтініш келіп түскен күні, сұралып отырған уақыт, ертерек жүгінген басқа саяси партияға берілсе, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты беру мүмкін болмаса, Радионың техникалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Радио үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін басқа уақытты ұсынады.
Нағыз ақпараттық хабарландыруда көрсетілген шарттар мен тәртіп, сонымен қатар, тиісті келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, үгіт-насихат материалдары эфирге шықпайды немесе заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады.
Радио меншіктенушісі егер үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Республика тұтастылығының бұзылуы, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздық, қатыгездік және зорлық табынушылық идеялар, сондай-ақ, заңда алдын-ала қарастырылмаған әскери құрылым жасау, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өзін-өзі өлтіруге ықпал ететін, оларды жүзеге асыру кезеңінде терроризмге қарсы операциялардың техникасы мен тактикасын ашатын, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламалары мен прекурсорларын насихаттайтын, сондай-ақ, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның, саяси партияның тізіміне енгізілген үміткердің ар-намысына, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, эфирге шығарудан бас тарта алады.
Нағыз хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес реттелуі мүмкін.
Эфирлік уақытты ұсынудың құны:
Эфирлік уақытты беру құнына Радионың барлық қолжетімді орталарда (эфирлік, спутниктік, Интернет желісінде онлайн таралым) трансляциясы мен ретрансляциясы кіреді.
Радио меншіктенушісі есепшотты ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеу туралы есепшот негізінде эфирлік уақытты беру туралы жасалған келісім бойынша төлем жасалады.
Әр саяси партияға бір минуттық эфир уақытының бірдей құны кепілдендірілген. Материалдарды жариялаудың саны, кестесі және уақыты келісімшартта бекітілген.
Эфирлік уақытты қамтамасыз ету үшін партиялық тізімді ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілі толық аты-жөнін, үгіт-насихат материалдарын шығарудың жоспарланған күні мен уақытын көрсетіп, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін эфирлік уақытты беру туралы жеке қолтаңбасы бар жазбаша үлгіде (өтініш) береді. Өтінішке ҚР ОСК-ның саяси партияның партиялық тізімін тіркеу туралы шешімінің көшірмесі, уәкілетті өкілдің жазбаша өтініш беру құқығын растайтын құжат және оған сілтеме жасалған басқа құжаттар қоса берілуі керек.
Барлық өтініштер партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналына кезектілік ретімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірді, өтінішті қабылдау күні мен уақытын беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтініштерді Радио меншіктенушісі демалыс және мерекелік күндерден басқа, 2020 жылдың 08 желтоқсанынан 15-00 сағаттан бастап 2021 жылдың 08 қаңтарын қоса алғанда, 09-00 сағаттан бастап 18-00 сағатқа дейін: Алматы қаласы, Самал-1 ықшам ауданы, 36-үй мекенжайы бойынша қабылдайды.
Факсимилдік, интернет байланыс, мессенджерлер және басқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы өтініштер қабылданбайды.
«NS Радиосы - Ұлттық желі»
Телерадиокомпаниясы» ЖШС
Бас директоры Балгаева А.Э.