Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 сәуірде өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
Хабарламасы
2026 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданының Бурыл ауылдық округі және Меркі ауданының Ақтоған ауылдық округі әкімдері сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 8070 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқан –4291сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 33сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Аширбеков Ерлан Абеновичүшін сайлаушылардың 2750 дауысы берілді,
Байдилдаева Толкынай Амирбековнаүшін сайлаушылардың 541 дауысы берілді,
Ибрагимов Омаргали Алыжепбаровичүшін сайлаушылардың 610 дауысыберілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 351.
Сайлау қорытындыларымен: Бурыл ауылдық округінің әкімі болып Аширбеков Ерлан Абеновичсайланды, 1970 жылы туған, "Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округ әкімінің аппараты" КММ бас маманы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурылауылының тұрғыны
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/documents/details/995808
Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2240 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1383 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Ақтоған ауылдық округінің әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абдіразақ Данияр Ақылбекұлы үшін сайлаушылардың 1136 дауысы берілді
Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді
Боранбаев Канат Шакибаевич үшін сайлаушылардың 149 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2.
Сайлау қорытындысымен: Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып Данияр Ақылбекұлы Абдіразақ сайланды. 1993 жылы туылған, Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/995771
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы