2025 жылғы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша АНЫҚТАМА

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2025 жылғы І тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • «Астық-Астана-Қордай 2030» ЖШС Қордай ауданы «Ақбұлын» кен орнынан құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге - 1,89 га.
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға рұқсат беру – 309,00 га.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2025 жылдың ІI тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • «Alina Holding» ЖШС Талас ауданы «Үшбұлақ» кен орнынан мәрмәрланған әктас өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2030 жылдың 11 ақпанына дейін қысқа мерзімге – 4,1157 га.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесіне Т.Рысқұлов ауданы «Сұлутөр» жер қоры жерінен «Қарақат» шекара бөлімшесінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 2,0 га.
  • «Исламхан-21» ЖШС Сарысу ауданы Тоғызкент жер қоры жерінен саз топырақты өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2031 жылдың 29 тамызына дейін ұзақ мерзімге – 24,40 га.
  • «Qazaq Soda» ЖШС Сарысу ауданы Қызыл-топырақ учаскесінен саз топырақ өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2032 жылдың 23 тамызына дейін ұзақ мерзімге – 34,2030 га.
  • «GES MYRZATAI» ЖШС Жамбыл ауданы «Айшабибі» мемлекеттік жер қоры учаскесі жерінен энергия жүйесін теңестіруге арналған бу-газ аралас қуаттылығы 50 МВт электр станциясын салу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 7,0 га.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың ІII тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесіне қосалқы басқару бекеттерінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 6,25 га.
  • «Appak Minerals» ЖШС Мойынқұм ауданы, Талдыөзек жер қорынан алтын өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2031 жылдың 10 наурызына дейін ұзақ мерзімге – 351,7133 га.
  • «NK GROUP 08» ЖШС Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2027 жылдың 31 мамырына дейін пайдалануға – 9 584,2726 га.
  • Сарысу ауданында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау мақсатында – 52,0 га.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың ІV тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • «Улкен Бурыл» ЖШС Жамбыл ауданы «Улкен Бурыл» кен бөлгісінен құрылыс тасын және гипсті бірлескен барлауға және өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 18,89 га.
  • «Сенімді бағыт» ЖШС Талас ауданы, Ақтаутас кен орнынан әктас өндіру мақсатында уақытша жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 39,31 га.
  • «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС Сарысу ауданы Көк-Жон кен орны Кесіктөбе учаскесінен қатты пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2037 жылдың 7 маусымына дейін ұзақ мерзімге – 38,0 га.
  • «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ Шу ауданының мемлекеттік жер қоры жерінен жүгері өндіру зауытының құрылысын жүргізу және қызмет көрсету мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10 жыл ұзақ мерзімге – 400,0 га.
  • «АК Алтыналмас» АҚ Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қоры жерінен Ақбақай алтын-күміс кенін игеру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2029 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қысқа мерзімге – 192,6150 га.
  • «Golden Compass Jambyl» Т.Рысқұлов ауданы Көкқия кен орнынан алтынды барлау және өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 6,26 га.
  • «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Шу ауданы аумағынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердің уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы 10 жыл ұзақ мерзімге ұзарту – 656,14 га.
  • «ГПК Казфосфат» ЖШС Сарысу ауданындағы «Дөңгелек» кен орнындағы мәрмәр брекчияларын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2034 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзақ мерзімге ұзарту – 4,06 га.
2025 жылғы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша АНЫҚТАМА
Дата публикации
27 марта 2026