2024 жылдың жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша АНЫҚТАМА

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың І тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • Қордай ауданында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау – 5,1331 га.
  • «Аметист-2012 БР» ЖШС Мойынқұм ауданы аумағындағы босалқы жер қорынан пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2028 жылғы 26 қаңтарға дейін қысқа мерзімге – 2,4217 га.
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Тараз қаласы аумағынан №14157, №63563 әскери бөлімдеріне қызмет көрсету үшін өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану мақсатында – 261,2 га.
  • «АК Алтыналмас» АҚ-на Мойынқұм ауданы аумағындағы Олимпийское кен орнынан пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2025 жылғы 26 шілдеге дейін қысқа мерзімге – 441,0 га.
  • «АКОН-Холдинг» ЖШС Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі аумағынан құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге - 12,21 га.
  • «Ақ жол» шаруа қожалығына Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі аумағынан құм өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 13,18 га.
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылдық округі аумағынан теміржол тұйығы және вагондарды тиеп түсіру платформасын салу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 5,0757 га.
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Жамбыл ауданы Гродиково ауылы аумағындағы босалқы жер қоры жерінен ракеталық және артиллериялық қару-жарақ қоймаларын салу және қызмет көрсету мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 19,89 га.
  • «China Power International Holding Limited» компаниясына Жамбыл облысы Жуалы ауданы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 18 000,0 га.
  • Байзақ ауданының жалпы ауданы 1761,2 га және Жамбыл ауданының жалпы ауданы 11 257,9 га жерлерін Тараз қаласының шекарасына қосу арқылы Тараз қаласы және Жамбыл, Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың ІI тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • «Актас энерджи» ЖШС Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізу жүргізу мақсатында 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 63 946 га.
  • «Айзатлен» ЖШС Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі аумағындағы «Аса-III» құм-шағал қоспасын өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2033 жылғы 19 ақпанға дейін ұзақ мерзімге - 4,5 га.
  • Бекнұр Кәрімқұлұлы Әмерқұлға Т.Рысқұлов ауданы «Алғабас» жер қоры жеріндегі Әбжапар кен орнынан құм өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 1,16 га.
  • «Ақ жол» шаруа қожалығына Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі аумағындағы «Қаракемер» кен орнынан құм өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 13,18 га.
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына Жамбыл облысы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2034 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 5 452 383,0 га.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне шекара жолағын орналастыру мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен – 124,4316 га.
  • «Qazaq Soda» ЖШС Сарысу ауданы Тоғызкент жер қорынан тас тұз өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2030 жылғы 28 қыркүйегіне дейін ұзарту – 100,0 га.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың ІII тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округі Қызылдихан босалқы жеріненФосфорит өнімдерін өндіру үшін – 25, 5005 га.
  • «КазПромЛит» ЖШС Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылдық округі аумағындағы «Бекболат» мемлекеттік жер қорындағы Мақбел кен орнынан кварцитті өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 160, 80 га.
  • Еркебаев Ербол Жарасовичтің Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі аумағындағы Қызылсай (№1,2,3 учаскесі) кен орнынан құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2028 жылдың 5 қарашасына дейін қысқа мерзімге ұзарту- 34,2877 га.
  • Т.Рысқұлов ауданындағы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау – 67,8463 га.
  • «КОПТАС» ЖШС Мойынқұм ауданы, «Жамбыл облысы әкімінің «Бұрыл-Байтал» орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» жеріндегі Желтау кен орнының №7 учаскесінен гранитті барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында – 20,0 га бөгде жердің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 2025 жылдың 8 тамызына дейін мерзімге, №11 учаскесінен – 30,0 га бөгде жердің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 5 жыл қысқа мерзімге ұзарту.
  • «East Kok-Tas» ЖШС пайдалы қазбаларды барлау мақсатында 2029 жылдың 4 тамызына дейін жария сервитут белгілеу – 480,2163 га.
  • Тараз қаласының жалпы ауданының шекарасын Байзақ ауданының жалпы ауданы 1761,2014 га және Жамбыл ауданының жалпы ауданы 11 145,5 га жерлерін қосу арқылы кеңейту.
  • «Алтын бөбек» ЖШС Байзақ ауданы Диханды кен орнынан кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 5 жыл қысқа мерзімге – 18,5 га.
  • «Жуалы тас» ЖШС Жуалы ауданы «Мыңбұлақ» жер қоры жерінен құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге - 22,1908 га.
  • «СК-ABC» ЖШС жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын саз топырақты өндіру мақсатына өзгерту - 15,7011 га.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың ІV тоқсандағы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша

АНЫҚТАМА

 

  • «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС Қордай ауданы, «Жігер» мемлекеттік жер қорынан тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысын жүргізу және оған қызмет көрсету мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2027 жылдың 18 сәуіріне дейін ұзарту – 928,9773 га.
  • «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ қуаты 500 кВт Шу-Жамбыл, Жамбыл-Шымкент электр желілерінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету мақсатында 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін сервитут белгілеу - Жамбыл ауданындағы 44,3926 га, Жуалы ауданындағы 137,1586 га, Байзақ ауданындағы 141,8458 га, Меркі ауданындағы 121,2156 га, Шу ауданындағы 42,504 га, Т.Рысқұлов ауданындағы 292,0902 га.
  • Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 га жерлерін қосу арқылы Тараз қаласының шекарасын кеңейту
  • «БК «Сине Мидас Строй» ЖШС Мойынқұм ауданы Кашкантениз-камень кен орнынан кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қысқа мерзімге – 12,0 га.
  • «MKS International» ЖШС Шу ауданы аумағынан шөгінді тау жыныстарын (саз топырақ) өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қысқа мерзімге – 45,24 га.
  • «Zhambyl Minerals» ЖШС Шу ауданы, Аққұдық кен орнынан пайдалы қатты қазбаларды өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 5 жыл қысқа мерзімге – 242,75 га.
  • «KATSA» ЖШС Байзақ ауданы аумағындағы Әулиеата кен орнынан құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2028 жылдың 18 қазанына дейін қысқа мерзімге - 12,0 га.
  • «Теміржол құрылыс-Атырау» ЖШС Шу ауданы аумағындағы Тассу кен орнынан кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қысқа мерзімге – 9,93 га.
  • «Қыран-2050» ЖШС Жуалы ауданы Жуалы ПГС учаскесінен құм-шағал қоспасын өндіру мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге - 14,7924 га.
  • «Жамбыл Недр» ЖШС Талас ауданы аумағындағы Сүлейменсай кен орнынан әктас және мәрмәрді өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл қысқа мерзімге – 9,5 га.
  • «Ulytau Recources Ltd.» жеке компаниясы пайдалы қатты қазбаларды барлау мақсатында 2028 жылдың 6 қазанына дейін жария сервитут белгілеу – 2673,1755 га.
  • Қордай ауданында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау мақсатында - 0,2100 га.                                
2024 жылдың жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығы берілген облыс әкімінің қаулылары бойынша АНЫҚТАМА
Дата публикации
27 марта 2026