Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-ақпандағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Жалпы өңірлік өнім
2025 жылдың 9 ай қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2 632,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 106,1% (2024 жылғы 9 ай – 2 226,0 млрд. теңге, НКИ – 103,9%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 158,8 мың теңгені құрады (2024 жылғы 9 ай – 1820,5 мың теңге).
Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтар-ақпандағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,5% (ҚР-100,2%) деңгейінде қалыптасты. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің өсуі байқалады (оның ішінде өнеркәсіпте – 117,4%, ауыл шаруашылығында – 103,1%, құрылыста – 102,0%, саудада – 104,1%, көлікте – 114,0%, байланыста – 104,2%).
Өнеркәсіп
2026 жылдың қаңтар-ақпанында өнеркәсіп өнімінің көлемі 235,9 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 17,4%-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 12,8%-ға (38,7 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 20,0%-ға (148,0 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 14,7%-ға (47,7 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинақтау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 16,1%-ға (1,5 млрд. теңге) өсім байқалады.
2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 191,8 млрд. теңгені құрайтын, 1700 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС – сутегі асқын тотығын өндіру, құны – 30 млрд. теңге, қуаттылығы – 30,0 мың тн/жыл, 100 жаңа жұмыс орны (Шу ауданы); «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидінің өндірісі, құны – 25,8 млрд. теңге, қуаттылығы – 15,0 мың тн/жыл., 100 жаңа жұмыс орны (Талас ауданы); «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС – минералды тыңайтқыштардың өндірісі, қуаттылығы – 136,0 млрд. теңге, қуаттылығы – 1,0 млн. тн/жыл., 1500 жаңа жұмыс орны (Сарысу ауданы)).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 25,4 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2026 жылдың 1 наурызына 10,2 млрд.теңге игерілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 29,0 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-ақпан айына 103,1%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 28,6 млрд. теңгені немесе 103,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,1 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 28,4 млрд. теңге (НКИ – 103,1%).
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндірісі (тірі салмақта) 16,2 мың тонна (103,4%), сүт – 24,2 мың тонна (101,7%), жұмыртқа – 11,9 млн. дана (135,6%) құрады. МІҚ саны 449,0 мың басты (103,1%), қой – 3 198,7 мың басты (104,6%), жылқы – 191,3 мың басты (113,7%), құс – 2 276,8 мың басты (106,8%) құрады.
Сауда
Тауар айналымының көлемі 138,5 млрд. теңгеге жетіп, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айына 4,1%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 84,4 млрд.теңгені құрап, 2,1%-ға өсті, көтерме сауда айналымы - 53,7 млрд. теңгені құрап, 7,6%-ға қысқарды.
Сыртқы сауда айналымы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында сыртқы сауда айналымы 1097,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті, оның ішінде экспорт – 208,3 млн. АҚШ долларын (96,5%), импорт – 889,4 млн. АҚШ долларын (2,8 есе) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 681,1 млн. АҚШ доллар теріс қалыптасты.
Облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 5,6%-ға (21,4 млн. АҚШ доллар), экспорт – 25,1%-ға (7,8 млн. АҚШ доллар) өсті. Импорт 3,0%-ға (13,6 млн. АҚШ доллар) төмендеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығару көлемі 1411,1 млрд. теңгені (120,0%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 167,7 мың адам (100,8%).
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 113,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған саны - 107,5 мың бірлік. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 94,9%-ды құрайды.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 14,8 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102,0%-ды құрады.
Өсім Тараз қ. Асқарова көшесінің соңындағы массивте су, газ, электр инфрақұрылымы желілерін салу, түзету-2-кезең (Электрмен жабдықтау) («ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС), Жамбыл ауданында «Бесағаш» автомобиль өткізу пунктін салу («ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС), Т. Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе» ПХГ-дағы магистральдық құбырларды күрделі жөндеу («ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС), Сарысу ауданы Өндіріс ауылында кальциленген сода өндіру зауытын салу объектісінде күрделі ішкі құрылғылары бар колонна үлгісіндегі жабдықтарды орнату және монтаждау (Қазақстандағы «Қытай механикалық өнеркәсіп құрылыс тобы» жауапкершілігі шектеулі компаниясының (Синоконст) филиалы) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 82,7 мың ш.м. немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102,3%-ды құрады.
51,4 мың м2 жеке тұрғын үй (268 бірлік үй), 341 пәтерге арналған 31,3 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (5 үй) пайдалануға берілді.
Көлік
Көлік қызметтері 2026 жылғы қаңтар-ақпанында 53,7 млрд. теңгені (114,0%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 6,4 млн. тонна (151,0%), жүк айналымы - 3,9 млрд. ткм (90,4%), жолаушыларды тасымалдау - 17,7 млн. адам (143,1%), жолаушылар айналымы - 383,3 млн. жкм (127,0%) құрады.
Жолдар
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі - 1204 шқ, облыстық - 1697 шқ, аудандық - 1451 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732 шқ.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 2026 жылы 25,7 млрд. теңге (ОБ) бөлінді. 2026 жылдың 1 наурызына 1,1 млрд. теңге игерілді.
2025 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99,5%-ға жеткізілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Инфляция
Инфляция деңгейі 2026 жылғы ақпан айында 2025 жылғы желтоқсанға 102,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 2,4%-ға, ақылы қызметтерге - 2,2%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасты (ҚР - 102,1%).
2026 жылғы ақпан айында азық-түлік тауарлары бойынша шайдың бағасы 7,6%-ға, көкөністер – 5,9%-ға (оның ішінде қызанақ – 18,3%-ға, қияр – 10,6%-ға, картоп – 5,4%-ға, қызылша – 2,9%-ға, ақ қауданды қырыққабат – 2,5%-ға, сәбіз – 1,6%-ға), кофе – 5,1%-ға, алма – 4,0%-ға, майлылығы 5-9% сүзбе – 2,2%-ға, 1-санатты жұмыртқа – 1,8%-ға, майлар мен тоң майлар – 1,5%-ға (оның ішінде күнбағыс майы – 1,7%-ға, сары май – 1,0%-ға), балық пен теңіз өнімдері – 1,1%-ға, нан – 0,4%-ға (оның ішінде кесілген батон – 2,6%-ға), құмшекер мен сүт – 0,3%-ға, ет – 0,2%-ға (оның ішінде шошқа еті – 1,5%-ға, құс еті – 1,4%-ға) өсті.
Пияз бағасының 6,2%-ға, тазартылған, жылтыратылған күріштің - 4,0%-ға, жарманың - 3,3%-ға (о.і. қарақұмық - 2,6%-ға), қышқыл сүт өнімдерінің - 0,6%-ға (о.і. қаймақ - 2,2%-ға, айран 2-3% майлылығы - 0,7%-ға) төмендеуі байқалды.
Ұн, сиыр еті, жылқы еті, қой етінің бағалары өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарларға бензин АИ-98 бағасы 2,7%-ға, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар - 1,9%-ға (о.і. цемент - 3,4%-ға), жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар - 1,8%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 1,3%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдары - 1,1%-ға, тұрмыстық аспаптар, киім - 0,5%-ға, аяқ киім - 0,3%-ға, дизель отыны - 0,1%-ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша суық су, 1 текше м үшін, су бұру, 1 текше м үшін, қоқыс шығару, электр энергиясы (жиынтық), тарату желілері бойынша тасымалданатын газ, орталықтан жылыту, 1 Гкал үшін, ыстық су, 1 текше м үшін қызметтерінің бағасы - 3,6%-ға, демалыс және мәдениет - 1,2%-ға (о.і. кинотеатрлардың қызметтері – 4,9%-ға), амбулаториялық қызметтер, көлік қызметтері - 0,5%-ға (о.і. әуе жолаушылар көлігі - 5,2%-ға) өсті.
Ақылы қызметтер бойынша 1 текше метр үшін су бұру, қоқыс шығару, электр энергиясы (жалпы), тарату желілері бойынша тасымалданатын газ, 1 Гкал үшін орталықтан жылыту, 1 текше метр үшін ыстық су бағасы – 3,6%-ға, 1 текше метр үшін суық су – 3,5%-ға, демалыс және мәдениет саласы – 1,2%-ға (оның ішінде кинотеатрлар қызметі – 4,9%-ға), амбулаториялық қызметтер мен көлік қызметтері – 0,5%-ға (оның ішінде әуе жолаушылар көлігі – 5,2%-ға) өсті.
Салықтар мен бюджет
Мемлекеттік бюджетке 56,1 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 126,0%, оның ішінде республикалық бюджетке – 18,0 млрд.теңге (106,8%), жергілікті бюджетке – 38,1 млрд.теңге (137,6%).
Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,8% - ға өсті.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс бюджетінің шығындары 99,9 млрд. теңгені құрады немесе болжам 96,6%-ға орындалды. Оның ішінде әлеуметтік салаға 70,1 млрд. теңге қарастырылды (95,9%).
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша түзетілген облыс бюджетінің шығыстары 814,1 млрд. теңгені құрады. Тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар сомасы 42,0 млрд. теңгеге немесе 5,4%-ға өсті (2025 жылғы 1 наурызға - 772,1 млрд. теңгені құраған).
Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге – 54,2%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,6%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 5,2%, денсаулық сақтауға –2,2% келеді.
Сумен қамтамасыз ету және су бұру
2025 жылдың қорытындысымен облыстың барлық 357 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жетті.
Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету
Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы 8,4 млрд. теңгеге (РБ – 7,9 млрд. теңге, ЖБ – 504,0 млн. теңге) 4 жобаны іске асыру қарастырылған.
Экология
2025 жылғы алдын ала мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 51,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қаласында – 24,8 мың тонна. Азот диоксидінің орташа тәуліктік көрсеткіштерінің артуы автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты (өңірде 276,9 мың бірлік тіркелген) ауаның ластануын және оның тұрақты жиналуын көрсетеді.
\Халық саны
2026 жылдың 1 ақпанына облыстың халық саны 1 215,4 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында - 488,1 мың адам, Байзақ ауданында 95,5 мың адам, Жамбыл – 51,2 мың адам, Жуалы – 52,3 мың адам, Қордай – 154,8 мың адам, Т.Рысқұлов – 65,3 мың адам, Меркі – 87,2 мың адам, Мойынқұм - 27,1 мың адам, Сарысу – 42,7 мың адам, Талас – 46,8 мың адам, Шу - 104,3 мың адам.
Әлеуметтік қорғау
2025 жылдың 4 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны – 25 273 адам (2024 жылдың көрсеткішінен 1 891 адамға аз), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 135 351 адам, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 45 936 адамға аз, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 27,2%-ды құрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2025 жылдың 3 тоқсанында 5,3%-ды немесе 63 998 адамды құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 2 769 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 1 876 адам, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 356 адам, онлайн оқыту курстарына - 537 адам жолданды.
Білім
Бүгінге 661 мектепке дейінгі ұйымдармен (545 балабақша, 116 шағын орталықтар) 66,2 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2025 жылдың деңгейінен 7,1 пайыздық тармаққа жоғары.
2026 жылы 13 білім беру обьектілерін дамытуға 9,3 млрд.теңге бөлінді (Жамбыл ауданында 1 мектептің (100 орындық), Шу ауданында 2 мектептің (240 орындық), Тараз қ. 1 мектептің (600 орындық) құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша 9 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернат).
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 377 мектепте 2209 интерактивті панельдер орнатылған.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2026 жылы 19,7 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 628,5 млн.теңгесі немесе 98%-ы игерілді.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 5,2 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,4 млн. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 5,8 млрд. теңге (о.і. РБ - 3,0 млрд. теңге, ЖБ - 2,8 млрд. теңге) бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 305,8 млн. теңге (ЖБ) (Талас ауданындағы Қаратау қаласындағы 200 орындық орталық аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңарту, Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне кіреберіс салу, Тараз қаласында компьютерлік томография мен маммография модульдеріне арналған гараж құрылысы) қарастырылды.
2026 жылдың қаңтар-ақпанында қатерлі ісіктермен, қант диабетімен және психикалық бұзылу аурулармен алғашқы сырқаттанушылықтың өсуі және туберкулез, қан айналымы жүйесімен, мерез және наркологиялық ауруларымен алғашқы сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.
Ана өлімінің 1 жағдайы Тараз қ. тіркелді.
Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 384 медициналық ұйымды қамтиды, оның ішінде 27 ауруханалық, 140 амбулаториялық-емханалық, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 152 медициналық пункт (оның ішінде 6 медицина қызметкері) және 6 басқа ұйымдар.