Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы ақпан айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
2026 жылдың 1 наурыздағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 1411 кіріс құжаты түскен.
Түскен 1411 құжаттың 816-ы (58%) бақылауға алынып, 452-і тиісті мерзімінде орындалса, 364 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр. Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 33 құжаттың 14-і орындалды. Қалған 19 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты тұрақты бақылауда;
- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 319 құжаттың
149-ы орындалды, қалған 170 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
464 құжаттың 289-ы орындалды, қалған 175 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.
Шығыс хаттар саны – 878.
2026 жылғы ақпан айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.