Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 сәуірге ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 12 сәуірге ауылдық округтер әкімдері

сайлауын тағайындау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2026 жылғы 12 сәуірге Байзақ ауданының Бурыл ауылдық округі және Меркі ауданының Ақтоған ауылдық округі әкімдері сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалған ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/80658?parentId=21753&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
05 марта 2026