Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 наурызда өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
Хабарламасы
Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 428 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 279 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 14 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Алтынбеков Нурсултан Сакенович үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді,
Кикбаев Бакытжан Ержанович үшін сайлаушылардың 27 дауысы берілді,
Тулеков Нурадил Рахманулы үшін сайлаушылардың 223 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 1.
Сайлау қорытындыларымен: Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болып Тулеков Нурадил Рахманулы сайланды. 1991 жылы туған, Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылының тұрғыны.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/976989
Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2002 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1296 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –30 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ақбаев Қуат Ермекұлы үшін сайлаушылардың 68 дауысы берілді
Қараулов Нұрбек Опабекұлы үшін сайлаушылардың 1140 дауысы берілді
Тыныштыбаев Саят Құндызбаевич үшін сайлаушылардың 65 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15.
Сайлау қорытындыларымен: Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Қараулов Нұрбек Опабекұлы сайланды. 1964 жылы туған, Шу ауданы, Бірлік ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылының тұрғыны.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/documents/details/976965
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы