Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтардағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жалпы өңірлік өнім.

2025 жылдың 9 ай қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2 632,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 106,1% (2024 жылғы                              9 ай  – 2 226,0 млрд. теңге, НКИ – 103,9%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 158,8 мың теңгені құрады (2024 жылғы 9 ай  – 1820,5 мың теңге).

Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтардағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,3% (ҚР-97,2%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде өнеркәсіп – 113,6%, ауыл шаруашылығы – 102,8%, құрылыс – 104,2%, сауда – 103,9%, көлік – 104,6%, байланыс – 105,1%).

Өнеркәсіп.

2026 жылдың қаңтарында өнеркәсіп өнімінің көлемі 125,3 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13,6%-ға өсті.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 4,5%-ға                 (27,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 14,4%-ға (72,8 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 20,9%-ға (24,6 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 11,8%-ға (0,7 млрд. теңге) өсім байқалады.

2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 191,8 млрд. теңгені құрайтын, 1700 жаңа жұмыс орнын құрумен             3 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС – сутегі асқын тотығын өндіру, құны – 30 млрд. теңге, қуаттылығы – 30,0 мың тн/жыл., 100 жаңа жұмыс орны (Шу ауданы); «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидінің өндірісі, құны – 25,8 млрд. теңге, қуаттылығы – 15,0 мың тн/жыл., 100 жаңа жұмыс орны (Талас ауданы); «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС – минералды тыңайтқыштардың өндірісі,  қуаттылығы – 136,0 млрд. теңге, қуаттылығы – 1,0 млн. тн/жыл., 1500 жаңа жұмыс орны (Сарысу ауданы)).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 25,4 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2026 жылдың 1 ақпанына 4,0 млрд.теңге игерілді.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 13,7 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар айына 102,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4 млрд. теңгені немесе 102,8%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,06 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 13,4 млрд. теңге  (НКИ – 102,8%).

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндірісі (тірі салмақта) 8,1 мың тонна (103,1%), сүт – 12,1 мың тонна (101,7%), жұмыртқа – 5,8 млн. дана (125,2%) құрады. МІҚ саны 445,7 мың басты (103,9%), қой – 3 145,2 мың басты (104,5%), жылқы – 193,3 мың басты (113,6%), құс – 2 186,7 мың басты (112,5%) құрады.

Сауда.

Тауар айналымының көлемі 66,2 млрд. теңгеге жетіп, 2025 жылдың қаңтар айына 3,9%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 41,8 млрд.теңгені құрап, 2,4%-ға өсті, көтерме сауда айналымы – 24,2 млрд. теңгені құрап, 6,7%-ға қысқарды.

Сыртқы сауда айналымы.

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 1097,7 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 197,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 208,3 млн. АҚШ доллар (96,5%), импорт – 889,4 млн. АҚШ доллар (2,8 есе). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 681,1 млн. АҚШ доллар.

Облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 33,2%-ға                         (380,3 млн. АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 59,7%-ға (168,2 млн. АҚШ доллар), импорт – 17,8%-ға (212,1 млн. АҚШ доллар) өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығару көлемі 1411,1 млрд. теңгені (120,0%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 167,7 мың адам (100,8%).

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 115,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған саны-107,8 мың бірлік. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 93,3%-ды құрайды.

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 7,5 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 104,2%-ды құрады.

Өсім Тараз қ. Асқаров көшесінің соңында су, газ, электр инфрақұрылымы желілерін салу, түзету-2-кезең (Электрмен жабдықтау) («ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 45,3 мың ш.м немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 109,3%-ды құрады.

17,7 мың м2 жеке тұрғын үй (102 бірлік үй), 296 пәтерге арналған                 27,6 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (4 үй) пайдалануға берілді.

Көлік.

Көлік қызметтері 2026 жылғы қаңтарда 27,0 млрд. теңгені (104,6%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 3,5 млн. тонна (114,6%), жүк айналымы – 2,2 млрд. ткм (91,2%), жолаушыларды тасымалдау – 8,6 млн. адам (141,6%), жолаушылар айналымы – 194,8 млн. жкм (124,0%) құрады.

Жолдар.

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1204 шқ, облыстық –1697 шқ, аудандық – 1451 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732 шқ.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 2026 жылы 25,6 млрд. теңге (ОБ) бөлінді. 2026 жылдың 1 ақпанына                   316,0 млн. теңге игерілді.

2025 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99,5%-ға жеткізілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 40,3 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың тиісті кезеңіне 3,0%-ға өсті. Өсім Жамбыл ауданында жеке құрылыс салушының (1-АЖ), металл жабын зауытын, супермаркет пен минимаркетті пайдалануға беруіне байланысты, Т.Рысқұлов ауданында VOLVO күн батареясы бар 3 самосвал сатып алу («GOLDEN COMPASS JAMBYL» ЖШС), Мойынқұм ауданында жел электр станциясының құрылысы («AKTAS ENERGY» ЖШС), жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу зауытының құрылысы үшін жабдықты сатып алу («SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС), өнеркәсіптік кремний пешінің 2 жиынтығын сатып алу («JVICTOR NEW ENERGY» ЖШС), Шу ауданында натрий цианиді өндіретін зауыттың құрылысына жабдықты сатып алу («ALTYNALMAS REAGENTS» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

Инфляция.

Инфляция деңгейі 2026 жылғы қаңтар айында 2025 жылғы желтоқсанға 101,0% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 1,6%-ға, ақылы қызметтерге - 1,0%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінде қалыптасты (ҚР - 101,0%).

Азық-түлік тауарлары бойынша 2026 жылғы қаңтарда бағалар тұз - 3,4%-ға, майлар және тон майлар - 3,3%-ға (о.і. күнбағыс майы - 3,5%-ға, сары май – 3,4%-ға), макарон өнімдері - 2,0%-ға (о.і. мүйіз - 3,7%-ға, спагетти – 2,5%-ға), жарма - 1,3%-ға (о.і. қарақұмық - 3,7%-ға, сұлы - 0,5%-ға), кофе-1,0%-ға, жемістер мен көкөністер - 0,8%-ға (о.і. ақ қырыққабат - 15,6%-ға, алма - 4,2%-ға, қызылша - 3,6%-ға, картоп - 2,5%-ға, сәбіз - 1,7%-ға), күріш - 0,7%-ға, шұжық, ұн, жұмыртқа  - 0,4%-ға, сүт, ет - 0,3%-ға (о.і. шошқа еті – 1,2%-ға), ашытылған сүт өнімдері - 0,2%-ға (о.і. қаймақ - 0,9%-ға) өсті. 

Бағалардың қияр - 19,4%-ға, шай - 5,7%-ға, қызанақ - 2,8%-ға, малығы     2-3% айран - 1,0%-ға төмендеуі байқалады.

Нан, сиыр еті, жылқы еті, қой етінің бағасы өзгеріссіз қалды.

Азық - түлік емес тауарларға фармацевтикалық өнімдер, тұрмыстық аспаптар - 2,7%-ға, жуғыш тазалау құралдары - 1,5%-ға, аяқ киім - 1,1%-ға, киім - 0,7%-ға, жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары - 0,4%-ға (о.і. АИ-98 бензині - 2,5%-ға, дизель отыны - 0,2%-ға) өсті.

Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында театр қызметтерінің бағасы - 21,3%-ға, курьерлік қызметтер - 11,5%-ға, сақтандыру - 6,3%-ға, амбулаториялық қызметтер - 2,3%-ға, көлік қызметтері - 0,7%-ға (о.і. теміржол жолаушылар көлігі - 3,8%-ға) өсті.

Салықтар мен бюджет.

Мемлекеттік бюджетке  18,9 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 141,4%, оның ішінде республикалық бюджетке –                5,5 млрд.теңге (125,4%), жергілікті бюджетке – 13,3 млрд.теңге (149,3%).

Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда            116,0% - ға өсті.

2026 жылғы 1 ақпанына облыс бюджетінің шығындары                             41,6 млрд.теңгеге немесе болжамға 89,8%-ға орындалды, оның ішінде әлеуметтік салаға 31,8  млрд.теңге қарастырылды (88,2%).

2026 жылғы 1 ақпанына облыс бюджетінің шығыстары 813,6 млрд. теңгені құрады, тиісті кезеңімен салыстырғанда шығыстар сомасы              45,9 млрд.теңгеге немесе 5,9% - ға өсті (2026 жылдың 1 ақпанына                   767,7 млрд.теңгені құрады).

Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге –                       54,3%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,6%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 5,7 %, денсаулық сақтауға –2,2% келеді.

Сумен қамтамасыз ету және су бұру.

2025 жылдың қорытындысымен облыстың барлық 357 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп,  сумен қамтамасыз ету деңгейі 100,0%-ға жетті.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 10,2 млрд. теңгеге (ЖБ) 20 жобаны іске асыру қарастырылды.

Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету.

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2026 жылға      8,4 млрд. теңгеге (РБ – 7,9 млрд. теңге, ЖБ – 504,0 млн. теңге) 4 жобаны іске асыру қарастырылған.

Экология.

2025 жылға арналған алдын ала деректерге сәйкес, Жамбыл облысында стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 51,2 мың тоннаны құрайды, оның ішінде Тараз қаласында – 24,8 мың тонна. Азот диоксидінің орташа тәуліктік көрсеткіштерінің артуы ауаның ластанғанын және өңірде тіркелген автокөлік санының көбеюіне (өңірде тіркелген 276,9 мың бірлік) байланысты оның үнемі жиналып отырғанын көрсетеді.

Халық саны.

2026 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысы бойынша халық саны                    1 215,4 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында 439,7 мың адам, Байзақ ауданында 106,7 мың адам, Жамбыл ауданы – 87,6 мың адам, Жуалы ауданы – 52,5 мың адам, Қордай ауданы – 155,1 мың адам, Т.Рысқұлов ауданы – 65,3 мың адам, Меркі ауданы – 87,3 мың адам, Мойынқұм ауданы -                   27,1 мың адам, Сарысу ауданы – 42,8 мың адам, Талас ауданы – 46,9 мың адам, Шу ауданы - 104,3 мың адам.

Әлеуметтік қорғау.

2025 жылдың 4 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны - 25273 адам (2024 жылдың көрсеткішінен                    1891 адамға аз), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 135351 адам, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 45936 адамға аз, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 27,2%-ды құрады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі                      2025 жылдың 3 тоқсанында 5,3%-ды немесе 63998 адамды құрады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 537 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 404 адам, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 133 адам жолданды.

Білім.

Бүгінге 619 мектепке дейінгі ұйымдармен (503 балабақша, 116 шағын орталықтар) 63,6 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2025 жылдың деңгейінен 7,1 пайыздық тармаққа жоғары.

2026 жылы 13 білім беру  обьектілерін дамытуға 9,3 млрд.теңге бөлінді.

Оның ішінде Жамбыл ауданында 1 мектептің (100 орындық), Шу ауданында 2 мектептің (240 орындық), Тараз қаласында 1 мектептің (600 орындық) құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша 9 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернат).

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстағы 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 371 мектепте 1952 интерактивті панельдер орнатылған.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2026 жылы 19,7 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 252,2 млн.теңгесі немесе 84,2%-ы игерілді.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 5,2 млрд. теңге бөлінді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 6,2 млрд. теңге (о.і. РБ – 3,0 млрд.теңге, ЖБ – 3,2 млрд.теңге) бөлінді.

2026 жылдың қаңтарында қатерлі ісіктермен, қант диабетімен және психикалық бұзылу аурулармен алғашқы сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Сонымен қатар, туберкулез, қан айналымы жүйесімен, мерез және наркологиялық ауруларымен алғашқы сырқаттанушылық деңгейі төмендеді.

Ана өлімінің 1 жағдайы Тараз қаласында тіркелді. 

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 383 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 27 ауруханалық ұйымдар, 141 амбулаториялық емханалық ұйымдар, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 150 медициналық пункт (оның ішінде 5 медициналық қызметшілер) және 6 басқа ұйымдар.

 

Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
02 марта 2026