Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы №19-3 шешімімен бекітілген Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі есебі

 Талдамалық жазба

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы №19-3 шешімімен бекітілген.

Жалпы жоспарда 5 бағыт, 27 негізгі ұлттық индикатор (әрі қарай НҰИ, оның 12 ҚР бойынша), 13 нысаналы индикатор, 78 нәтиже көрсеткіші (оның 16 ҚР), 335 іс-шара қарастырылған.

2025 жыл қорытындысымен:

15 НҰИ бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің  (әрі қарай - ҚР СЖРА ҰСБ) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жыл ішінде жарияланады.

6 нысаналы индикатор орындалды, 2 орындалмады, 4 нысаналы индикатор бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жыл ішінде жарияланады, 1 нысаналы индикатор бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сауалнамасының нәтижелері бойынша жылдық деректер 2026 жылғы шілдеде ҚДСО сайтында жарияланады.

41 нәтиже көрсеткіші орындалды (оның ішінде 7 асыра орындалды), 11 орындалмады, 9 ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жыл ішінде жарияланады, 1 бойынша 2025 жылға арналған жоспарлы мәндер көзделмеген.

135 іс-шара орындалды, 194 орындалмады, 6 ішінара орындалды.

 

1-бағыт:  ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӨСУ НҮКТЕЛЕРІ

  • Тиімді мемлекеттік қаржы

          Бөлімде 2 НҰИ қарастырылған.

          НҰИ-2: «Экономиканың нақты өсу қарқыны, өткен жылмен салыстырғанда %», НҰИ-3: «Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022=100;» бойынша                                      ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жылы тамызда жарияланады.

  • Өңдеу өнеркәсібі

          Бөлімде 1 НҰИ қарастырылған.

          НҰИ-20: «Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты, миллион АҚШ доллары» бойынша 2025 жылдың қаңтар-қарашасына алдын-ала деректер болып табылады («ҚР индустриалды-инновациялық даму көрсеткіштері» тоқсан сайынғы қосымшасына сәйкес). 2025 жылға арналған деректер 2026 жылдың 20 сәуірінде (алдын ала) және 20 қазанында (қорытынды) жарияланады.

  • Инвестициялық цикл

         Бөлімде 3 НҰИ (оның ішінде 2 ҚР) және 2  нысаналы индикатор қарастырылған.

НҰИ-33: «Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны, млн. АҚШ долл.» бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жылғы сәуірде жарияланады;

          1 нәтиже көрсеткіші орындалды, 1 нәтиже көрсеткіші «Негізгі капиталға инвестициялар» ірі инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспарлауды 2026 жылдың ІІ, ІІІ тоқсандарына ауысуына байланысты орындалмады.

  • Инновациялар

          Бөлімде 1 НҰИ, 2  нәтиже көрсеткіші (оның ішінде 1 ҚР) және 5 іс-шара қарастырылған.

НҰИ-25: «Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %» және «Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияланатын жобалардың үлесі» нәтиже көрсеткіші бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жылғы мамырда жарияланады.

1 іс-шара орындалды, 4 орындалмады: «Қолданбалы ғылыми зерттеулер мен ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына өңірлік гранттар беру бойынша жыл сайынғы конкурстар өткізу», «Ғылым жөніндегі өңірлік кеңестердің отырыстарын өткізу», «Халықаралық стандарттарға сәйкес технологияларды коммерцияландыру бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізу», «Кәсіпорындардың өзекті технологиялық міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми-инновациялық хакатондар өткізу» бюджеттен қаржыландырудың қарастырылмауына байланысты.

  • Агроөнеркәсіптік кешені

Бөлімде 2 НҰИ (ҚР бойынша), 3  нәтиже көрсеткіші, 2 іс-шара қарастырылған.

          3 нәтиже көрсеткіші (оның ішінде 1 асыра орындалды);

          2 іс-шара орындалмады: «Қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау» субвенциялар көлемінің қысқаруына, «Жылына 150 мың гектарға дейін қамтылатын суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу» суды үнемдейтін технологияларды орнатуға арналған құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты.

  • Серпінді кәсіпкерлік орта кұру

          Бөлімде 2 НҰИ және 2 іс-шара қарастырылған.

          НҰИ-28: «ЖІӨ-дегі ШОК ЖҚҚ-ның үлесі, %», НҰИ-29: «ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерліктің ЖҚҚ-ның үлесі, %» ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жылғы қыркүйекте жарияланады;

          1 іс-шара орындалмады «Өңірлік деңгейде реттеушілік маңызы бар актілерді міндетті талаптар тізіліміне енгізу» өңірлік деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді міндетті талаптар тізіліміне енгізуге байланысты жұмыс 01.01.2026 ж. басталады (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 18.12.2025 ж. № 14-3-12/6021-И хаты және 17.12.2025 ж. хаттама), 1 іс-шара «Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу түрінде қаржылық қолдау алған шағын және орта бизнес жобаларының саны» ішінара орындалды.

 

2 БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

2.1 Денсаулық сақтау

Бөлімде 1 НҰИ, 3 нысаналы индикатор, 35  нәтиже көрсеткіші (оның ішінде 9 ҚР), 72 іс-шара қарастырылған.

6-НҰИ: «Туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жылдар саны», 2 нысаналы индикатор «Стандартталған өлім-жітім коэффициентінің төмендеуі»,  «Денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік шығыстардың үлесі», 6 нәтиже көрсеткіші «Жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар және қант диабеті бойынша 30 жастан 70 жасқа дейінгі мезгілсіз өлім қаупін азайту», «Абайсызда уланудан болатын өлім-жітімнің төмендеуі», «Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің стандартталған коэффициентінің төмендеуі», «Қатерлі аурулардан болатын өлім-жітімнің стандартталған коэффициентінің төмендеуі», «Неонаталдық өлім-жітімнің төмендеуі», «Бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім коэффициенті» бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жыл ішінде жарияланады, 1 «Салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтардың үлесін арттыру» нысаналы индикатор бойынша ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық орталығы сауалнамасының жылдық нәтижелері ҚДСО сайтында 2026 жылдың шілдеде жарияланады;

15 нәтиже көрсеткіші орындалды (оның ішінде 6 асыра орындалды), 5 орындалмады: «Психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен сырқаттанушылықтың төмендеуі» алғашқы аурулардың көбеюіне байланысты (1236), «В гепатитімен сырқаттанушылықты төмендеуі» - В вирусты гепатитін жұқтырудың 3 жағдайы (Тараз қаласында, Байзақ және Жамбыл аудандарында), «Ана өлімін төмендету» - ана өлімінің 4 жағдайы (Тараз қаласында (2 жағдай), Мойынқұм және Шу аудандарында), «Жасөспірімдер арасында туудың төмендеуі, 15-17 жас аралығындағы 1000 қыз балаға» - туудың өсуі (207), «Денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға инвестициялар» - республикалық бюджеттен қаржыландырудың болмауына байланысты;

68 шара орындалып, 4 іс-шара орындалмады: «Халықты скринингтік зерттеулермен қамту» скринингтік зерттеулермен жеткіліксіз қамтылуына (94 890 адам), «ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде инновациялық технологиялар мен жоғары технологиялық қызметтерді пайдалана отырып емделген стационарлық науқастардың үлесін арттыру» - инновациялық технологияларды қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 64 802 науқас емделді, оның ішінде 527 пациент жоғары технологиялық медициналық қызметтермен қамтылды, «Туберкулезбен ауыратын науқастарды «қауіпті» топтар арасында анықтауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қамтамасыз ету үшін ҮЕҰ-ды тарту» төмен қамтумен (450 адам), «Педиатрия және балалар хирургиясының өзекті мәселелері бойынша (анестезиолог-реаниматологтар, балалар және неонаталдық хирургтар, балалар кардиохирургтары, тамырлы, кеуде хирургтары, педиатрлар) шет елдердегі балалар ұйымдары мамандарының біліктілігін арттыру» - шетелде оқуды қаржыландырудың болмауына байланысты.

2.2 Білім және ғылым

Бөлімде 3 НҰИ, 2 мақсатты индикатор, 6 нәтиже көрсеткіші (оның ішінде 1 ҚР бойынша), 7 іс-шара қарастырылған.

3 НҰИ бойынша - 7-НҰИ: «Оқу сауаттылығы», 8-НҰИ: «Математикалық сауаттылық», 9-НҰИ: «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық»  бойынша зерттеу нәтижелері 2026 жылдың желтоқсан айында жарияланады, 2 нысаналы индикатор, 5 нәтиже көрсеткіші және  7 іс-шара орындалды.

2.3 Әлеуметтік қорғау

Бөлімде 1 НҰИ, 1 нәтиже көрсеткіші, 12 іс-шара қарастырылған.  

11-НҰИ: «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі» бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жылғы наурызда жарияланады;

1 нәтиже көрсеткіші орындалды;

9 іс-шара орындалды, 3 іс-шара орындалмады: «Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды  өндірістік оқыту» және жобасын іске асыру» және «Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар беру» ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігімен жоспарлы мәндерінің өзгеруіне байланысты (11.02.2025 жылғы №01-2-06/138-И хаты),  «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру» - қамту 1150 адамнан 1092 құрағандықтан.

2.4  Жайлы орта

Бөлімде 2 НҰИ (ҚР бойынша), 2 нысаналы индикатор, 16  нәтиже көрсеткіші, 39 іс-шара қарастырылған.

2 нысаналы индикатор бойынша 2025 жылғы мониторинг нәтижелері туралы талдамалық есеп 2026 жылғы 1 сәуірге дейін жарияланады;

14 нәтиже көрсеткіші орындалды, 2 орындалмады: «Балаларды қосымша біліммен қамту» оқушылар санының жеткіліксіз қамтылуына (226 668-ден 199 304), «Учаскелік полиция пункттері санының қолданыстағы тиістілік нормаларына дейін жеткізу» тиістілік нормаларына сәйкестік деңгейі төмен (199-дан 51) болуына байланысты.

27 іс-шара орындалды, 3 ішінара орындалды, 9 орындалмады: «Мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу», «Полицияның жаңа учаскелік пункттерін салу», «Учаскелік полиция пункттерін қайта құру», «Аудандық полиция бөлімінің бейнебақылау жүйесіне қосыла отырып, даму әлеуеті бар ауылдарда бейнекамералар орнату», «5 жаңа өрт сөндіру депосын салу» бюджеттің жекелеген шығыстарына мораторий енгізуіне (ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 Қаулысы), «Несиелік тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу» жергілікті бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыруына және облигациялық қаражаттың уақтылы түспеуіне, «Тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу» жер учаскелерін игеру қарқынының төмендігіне (бөлінген 6 413-тен 847-і) және бюджет қаражатының тапшылығына, «91 үйді күрделі жөндеу 1050525,8 шм» - республикалық бюджеттен қаржыландырудың болмауына (12.03.2025 ж. №7-1763 бюджеттік өтінім қолдау таппады), «Антенна-діңгек құрылысын салу» - жеке инвестордың жоспарды жүзеге асыру мерзімін 2026-2028 жылдарға шегеруіне байланысты.

2.5 Туризм

Бөлімде 2 НҰИ, 3 нәтиже көрсеткіш (ҚР бойынша) және 9 іс-шара қарастырылған.

26-НҰИ: «Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін келуші туристер саны» және 27-НҰИ: «Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін келуші туристер саны» бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жылғы сәуірде жарияланады;

5 іс-шара орындалды, 4 - орындалмады: «Арнайы әзірленген маршруттар бойынша брендтелген автобуста оқушылар мен жастарға экскурсиялық турлар ұйымдастыру және өткізу», ««Живые уроки» жобасын іске асыру» - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті («Жамбыл облысының туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама») жүргізген талдау қорытындысы бойынша ұсынымға сәйкес бөлінген қаражат «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалін өткізуге бағытталуына, «Отандық турлар үшін ақпараттық турларды ұйымдастыру және өткізуге» бағытталған  туроператорлар» - бюджетке қаражатты қайтаруына (Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20-4 шешімі), «Көне Тараз Шеберлері» Халықаралық қолөнершілер көрмесін ұйымдастыру және өткізу» бөлінген қаражат «Қолөнершілердің кәсіби біліктілігін арттыру» іс-шарасына бағыттауына байланысты.

 

3-бағыт: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

3.1 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика

Бөлімде 3 НҰИ (ҚР бойынша), 1 нәтиже көрсеткіші (ҚР бойынша), 3 іс-шара қарастырылған.

2 іс-шара орындалды, 1 «Жылумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу» ішінара орындалды.

 

4-бағыт: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

4.1 Экология

Бөлімде 4 НҰИ, (оның ішінде 3 ҚР), 2 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші (ҚР бойынша), 169 іс-шара қарастырылған.

15-НҰИ: «Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі», ҚР Жоғарғы есеп палатасының Ғылыми-зерттеу, талдау және тиімділігін бағалау орталығы жүргізген социологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша жылдық деректер 2026 жылғы наурызда жарияланады;

2 нысаналы индикатор орындалды;

5 іс-шара орындалды, 164 іс-шара орындалмады: «Суару арналардың құрылысы және қайта жаңарту» және «Суару арналарды күрделі жөндеу» бойынша қаржыландырудың болмауына байланысты.

 

5-бағыт: ӨЗГЕ ДЕ МАҚСАТТАР

5.1. Тұрақты даму мақсаттары

        Бөлімде 6  нәтиже көрсеткіші және 4 іс-шара қарастырылған.

2 нәтиже көрсеткіші «Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды игермейтін жастардың үлесі (15 пен 35 жас аралығындағы)» және «Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету, шм» бойынша ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мәліметтер 2026 жыл ішінде жарияланады; 1 бойынша 2025 жылға арналған жоспарлы мәндер көзделмеген, 2 орындалды, 1 орындалмады «Апатты мектептердің үлесі» - апатты мектептер үлесінің артуына байланысты (451 мектептің 2-і, Шу ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы ОМ (спорт залы, асханасы және мәжіліс залы) – құрылысы аяқталды, нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың наурыз айына жоспарланған, Мойынқұм ауданындағы Күшаман а. Амангелді атындағы орта мектеп апатты деп танылды (23.12.2025 ж. № ELPE-0150/2сараптама қорытындысы).

        3 іс-шара орындалды, 1 іс-шара «Білім беру ұйымдарында пандустар,тактилді жолдар, тұтқалы әжетханалар мен Брайль белгілерін орнату т.б.» 451 мектептің 427-сінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауға байланысты ішінара аяқталды. 

5.2. Мемлекеттік тіл

       Бөлімде 1 нысаналы индикатор және 1 іс-шара қарастырылып, орындалды.

5.3. Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету         

       Бөлімде 3 нәтиже көрсеткіші және 4 іс-шара қарастырылған.

       3 нәтиже көрсеткіші орындалмады: «Азаматтық қорғау органдарын авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру, %, деңгейін тиістілік нормаларына жеткізу», «Халықты су тасқынынан, еріген және жаңбыр суларынан қорғау деңгейі», «ТЖ кезінде халықты ескерту деңгейі» бюджет тапшылығына байланысты.

       1 іс-шара орындалды, 3 іс-шара орындалмады: «Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы Шу өзеніндегі «Фурманов» су торабының жоғарғы және төменгі бөлігін жағалауды нығайту», «Оразалы батыр және Ақсу ауылдарының аумағы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 15,84 шқ «Көкқайнар-Ақсу» аудандық маңызы бар автожолындағы көпірді жөндеу және ұзындығы 1,8 шқ Шу өзенінің жағалауын нығайту», «Сөйлеу құрылғыларын сатып алу» бюджет тапшылығына байланысты.

 5.4. Әйелдер мен балаларды қорғау

          Бөлімде 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 6 іс-шара қарастырылған.

          1 нысаналы индикатор орындалмады «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін төмендету (базалық 2022 жылға қатысты)» қылмыс санының өсуіне және қылмыстық және әкімшілік заңнаманың өзгеруіне байланысты (бұған дейін денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу фактілері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-1-1 және 73-2-1-1-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналған. Олар қайта жіктеліп, қылмыстық құқық бұзушылықтар ретінде есепке алынды, бұл тіркеу және есепке алу тәртібінің өзгеруіне байланысты).

          1 нәтиже көрсеткіші және 6 іс-шара орындалды.

          Облыстың даму жоспарын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2025 жылы  барлығы 335 іс-шара 240 781,0 млн.  тенгеге  (РБ – 78 608,3 млн. теңге, ОБ – 132 108,6 млн. теңге, АудБ – 10 065,0 млн. теңге, БК – 19 998,9 млн. теңге) қарастырылған, оның ішінде:

1-бағыт «Өңір экономикасының негізгі өсу нүктелері» бойынша 9 іс-шара  8 442,0 млн. теңгеге (ОБ – 8 442,0 млн. теңге);

2-бағыт «Халықтың өмір сапасын жақсарту» бойынша 139 іс-шара 230 953,2 млн. теңгеге  (РБ – 78 216,2 млн. теңге, ОБ – 122 762,5 млн. теңге,  АудБ – 9 975,7 млн. теңге, БК – 19 998,9 млн. теңге);

3-бағыт «Инфрақұрылымды дамыту» бойынша 3 іс-шара, қаржы қарастырылмаған;

4-бағыт «Экологиялық тұрақтылықты арттыру» бойынша 169 іс-шара 533,6 млн. теңгеге (РБ – 392,1 млн. теңге, ОБ – 52,1 млн. теңге, АудБ – 89,4 млн. теңге);

5-бағыт «Өзге де мақсаттар» бойынша 15 іс-шара 852,1 млн. теңгеге (ОБ – 852,1 млн. теңге).

 

2025 жылы ҚР Жоғары аудиторлық палатасымен Жамбыл облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 1 қаңтар – 2025 жылғы 30 маусым аралығы (10.12.2025 ж. №6-1-10/5960-И «Жамбыл облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды).

 

Жалпы өңірлік өнім

2025 жылдың 9 ай қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2 632,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 106,1% (2024 жылғы 9 ай  – 2 226,0 млрд. теңге, НКИ – 103,9%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 158,8 мың теңгені құрады (2024 жылғы 9 ай  – 1820,5 мың теңге).

Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтардағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,3% (ҚР-97,2%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде өнеркәсіп – 113,6%, ауыл шаруашылығы – 102,8%, құрылыс – 104,2%, сауда – 103,9%, көлік – 104,6%, байланыс – 105,1%).

 

Өнеркәсіп

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 342,4  млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 15,6%-ға өсті. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 32,4%-ға (256,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 12,8%-ға (834,6 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 6,9%-ға (242,7 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 2,5%-ға (9,1 млрд. теңге) өсім байқалады.

2025 жылғы қаңтар-қарашада өңдеу өнеркәсібі өнімдері экспортының көлемі 2024 жылғы тиісті деңгеймен салыстырғанда (311,0 млн. АҚШ доллары) 13,3%-ға өсті.

2025 жылы инвестиция көлемі 27,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылып, 550 жұмыс орны құрылды, оның ішінде Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 21,7 млрд. теңгені құрайтын 3 индустриялық-инновациялық жоба, құрылған жаңа жұмыс орны – 171.

 

Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2025 жылы облыстық бюджеттен 32,6 млрд. теңге субсидия бөлініп, игерілді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 517,6 млрд. теңгені немесе 2024 жылмен салыстырғанда 102,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 514,8 млрд. теңгені немесе 2024 жылмен салыстырғанда 102,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 292,6 млрд. теңге (НКИ – 102,2%), мал шаруашылығы – 220,7 млрд. теңге  (НКИ – 101,9%).

Өсімдік шаруашылығында 2025 жылы 145,1 мың га күздік дақылдар егілді, бұл жоспардың 100%-ын құрайды.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 133,3 мың тонна (102,6%), сүт – 230,0 мың тонна (101,6%), жұмыртқа – 102,8 млн. дана (83,1%) өндірілді. МІҚ саны 441,7 мың басты (102,8%), қой – 3 150,4 мың басты (104,4%), жылқы – 197,2 мың басты (113,3%), құс – 2 348,3 мың басты (118,6%) құрады.

75,3 мың тонна ет өндірілді (сойыс салмағында), оның 33,1 мың тоннасы өңделді, өңдеу үлесі 43,9%, 230 мың тонна сүттің 107,7 мың тоннасы өңделді, өңдеу үлесі 46,8% құрады. 2,4 мың тонна өсімдік майы өндірілді, онда өңдеу үлесі 100,0%-ды құрады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1411 млрд. теңгені (120,0%), онда жұмыспен қамтылғандар саны – 167,7 мың адамды (100,8%) құрады. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 117,0 мың бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрған саны 108,6 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 92,7%-ды құрайды.

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 392,8 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 114,4%-ды құрады.

Өсім Тараз қаласында «Ұлы Дала» шағын ауданындағы мектептер құрылысы («Отау-Строй» ЖШС, «Интегро констракшн KZ» ЖШС), Шөлдала, Көлтоған, Құмшағал, Айшабибі, Пригородное массивтерінде жоғары вольттық желілерді және қосалқы станцияларды салу («АСПМК-519» ЖШС), көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу («Агроспецстрой» ЖШС, «Таразқұрылысдизайн» ЖШС), Қордай ауданында иммунобиологиялық құралдар шығаратын бифармацевтикалық зауыт құрылысы («КА-Строй ЛТД» ЖШС), «Корцем» ЖШС-не арнайы цемент зауытын салу («Казградострой» ЖШС), Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы («Синьцзян инженерлік-құрылыс компаниясы» ЖШС филиалы), «ЕвроХим Каратау» ЖШС үшін химиялық заттарды өндіру бойынша химиялық кешен құрылысы («China National Chemical Engineering» филиалы), кальциленген сода өндіру зауыты үшін 68 жатақханасы бар тұрғын үй кешенінің құрылысы («Bi - industrial» ЖШС), Талас ауданында «Talas Investment Company» ЖШС үшін калий цианидін өндіру зауытының 2 желісінің құрылысы («Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС), Майтөбе және Қожағаппар ауылдарын газбен қамту құрылысы («AKBARS STROY LTD» ЖШС)  есебінен қамтамасыз етілді.

 

Тұрғын үй

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 768,9 мың ш.м немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 101,3%-ды құрады.

486,6 мың м2 жеке тұрғын үй (2856 бірлік үй), 1466 пәтерге арналған 278,3 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (59 үй) және 4,0 мың м2 жатақхана (2 үй) пайдалануға берілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылы 17,4 млрд. теңгені (о.і. құнды қағаз - 11,8 млрд. теңге, ОБ - 1,1 млрд. теңге, аудандық және қалалық бюджет - 4,5 млрд. теңге) құрайтын 2190 пәтерлі 46 тұрғын үй (204,6 мың шм) құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 1 050 пәтерге арналған 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 21,5 млрд. теңгеге 1425 пәтер сатып алынды.

Көлік

2025 жылдың қаңтар-желтоқсандағы көлік қызметтері 627,1 млрд. теңгені (103,1%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 44,3 млн. тонна (89,3%), жүк айналымы – 40,8 млрд. ткм (92,4%), жолаушыларды тасымалдау – 101,9 млн. адам (145,7%), жолаушылар айналымы – 1 963,4 млн. жкм (89,5%) құрады.

Жолдар

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1204 шқ, облыстық –1697 шқ, аудандық – 1451 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732 шқ.

2025 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 29,4 млрд. теңге қарастырылды (РБ-3,6 млрд. теңге, ОБ-25,8 млрд. теңге). 2026 жылдың             1 қаңтарына 29,3 млрд. теңге игерілді (РБ – 3,6 млрд. теңге, ОБ – 25,7 млрд.теңге).

2025 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99,5%-ға жетті.

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 764,5 млрд. теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңіне 38,8%-ға өсті.

Өсім Тараз қаласында мырыш оксиді (пигменттері) өндірісі («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС), «Шолдала», «Ұлы Дала» және «Бәйтерек» шағын аудандарындағы мектептердің құрылысы («Samruk-Kazyna Construction» АҚ), көппәтерлі үйлерді жөндеу («Тұрғын үй жөндеу» ЖШС), көппәтерлі тұрғын үй құрылысы («Ayna group» ЖШС), ет өңдеу зауытының құрылысы («Алелагро» АҚ Жамбыл филиалы), Жамбыл ауданында Оңтүстік аймақтың электр желісін нығайту жобасы бойынша 500 кВ «Жамбыл» қосалқы станциясының құрылысына жабдықтар сатып алу (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері»), Т.Рысқұлов ауданында газ құбырын күрделі жөндеу және жылжымалы азот станциясын сатып алу («Азия Газ құбыры» ЖШС), Сарысу ауданында химия кешенін салу және жабдықтарды сатып алу («Еврохим Каратау» ЖШС), кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы («ҚазақСода» ЖШС), қосалқы станцияға жабдықтар сатып алу («KEGOC» АҚ филиалы), Талас ауданында 15 мың тонна калий цианидін өндіретін зауыттың 2-ші желісін салу («Talas Investment Company» ЖШС), салынып жатқан әк өндіру зауытына жабдық сатып алу («Қаратау LIME» ЖШС), Шу ауданында жүгері өңдеу зауытының құрылысына жабдықтар сатып алу («SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС), 10 кВт жылу жүйесін 500 кВт жылу жүйесіне ауыстыру және қайта құру (Алматы жүйеаралық электр желілері «KEGOC» Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ филиалы) есебінен қамтамасыз етілді.

 

Инфляция

Инфляция деңгейі 2025 жылғы желтоқсан айында 2024 жылғы желтоқсанға 111,8% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 13,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 10,2%-ға, ақылы қызметтер – 10,8%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,8 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 112,3%).

Азық-түлік тауарлары бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында жаңа піскен көкөністер – 10,2%-ға (о.і. қызанақ – 34,9%-ға, қияр - 30,1%-ға, пияз - 3,0%-ға, қырыққабат - 2,2%-ға, қызылша, сәбіз - 0,3%-ға), ет – 2,6%-ға (о.і. сиыр еті – 3,4%-ға, жылқы еті – 3,2%-ға, қой еті - 2,1%-ға, шошқа еті - 0,1%-ға), шәй, жаңа піскен жемістер – 2,5%-ға (о.і. алма-3,7%-ға), жұмыртқа, жарма - 2,2%-ға (о.і. қарақұмық жармасы – 4,5%-ға), макарон өнімдері-0,6%-ға, ұн, сүт өнімдері-0,4%-ға (о.і. қаймақ – 1,0%-ға, майлығы 2,5% айран – 0,7%-ға, сүзбе майлығы 5-9% - 0,3%-ға), балық және теңіз өнімдері,  май және тоң майлар - 0,2%, шұжық, кофе - 0,1%-ға.Картоп бағасы – 1,4%-ға, күріш – 0,9%, тұз - 0,5%-ға, қант – 0,1%-ға төмендеді.Қатты ірімшік, ашытқы бағалары өзгеріссіз қалды.Азық-түлік емес тауарлар бойынша фармацевтикалық өнімдер бағасы – 2,2%, өзге де заттар, бұйымдар аспаптар және жеке пайдаланылатын тауарлар - 2,0%-ға, тұрмыстық бұйымдар - 1,8%-ға, сыртқы киім – 0,9%-ға, шыны бұйымдар, ас құралдары және үй ыдыстары-0,8%, бензин – 0,7%-ға, жуғыш заттар – 0,2%-ға өсті.Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 1,7%-ға, нақты тұрғын үйді жалдау ақысы- 0,9%-ға, көлік қызметі – 0,6%-ға (о. і. әуе жолаушылар көлігі - 4,1%-ға, теміржол жолаушылар көлігі-1,1%-ға, автомобиль жолаушылар көлігі – 0,5%-ға), амбулаториялық қызметтер – 0,1%-ға өсті. Салықтар мен бюджет

Мемлекеттік бюджетке 303,1 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 105,8%, оның ішінде республикалық бюджетке – 88,0 млрд.теңге (116,2%), жергілікті бюджетке – 215,2 млрд.теңге (102,1%).

Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,8%-ға өсті.

2026 жылғы 1 қаңтарына облыс бюджетінің шығындары 795,7 млрд.теңгеге немесе болжамға 99,6%-ға орындалды, оның ішінде әлеуметтік салаға 488,1 млрд.теңге қарастырылды (99,9%).

2026 жылғы 1 қаңтарына облыс бюджетінің шығыстары 834,1 млрд. теңгені құрады, тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,5 млрд.теңгеге немесе 7,2% - ға өсті (2025 жылдың 1 қаңтарына 777,6 млрд.теңгені құрады).

Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге – 46,2%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,4%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 4,5 %, денсаулық сақтауға –2,3% келеді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шқ, тозу деңгейі - 53% (2024 ж. – 54%). 2025 жылы Тараз қаласындағы негізгі М-1 жылу магистралін (10,1 млрд. теңге, 6,1 км) жаңғырту және 15 шағын ауданның 0,52 шақырым жылу желілерін кеңейту жұмыстары аяқталды. Жаңатас қаласында 0,9 шақырымда, Қаратау қаласында 2,7 шақырымда жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. М-3 жылу желісін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шақырымның 0,7 шақырымында жұмыстар аяқталды.

Облыста 357 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2025 жылы 11 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту басталды, оның ішінде 2 нысанның құрылысы аяқталды (9 2026 жылға өтпелі). 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамту 100% құрады.

 

Халық саны

2026 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысы бойынша халық саны 1 215,4 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында 439,7 мың адам, Байзақ ауданында 106,7 мың адам, Жамбыл ауданы – 87,6 мың адам, Жуалы ауданы – 52,5 мың адам, Қордай ауданы – 155,1 мың адам, Т.Рысқұлов ауданы – 65,3 мың адам, Меркі ауданы – 87,3 мың адам, Мойынқұм ауданы - 27,1 мың адам, Сарысу ауданы – 42,8 мың адам, Талас ауданы – 46,9 мың адам, Шу ауданы - 104,3 мың адам.

 

Әлеуметтік қорғау

2025 жылдың 4 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны – 25 273 адам (2024 жылдың көрсеткішінен 1 891 адамға аз), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 135 351 адам, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 45 936 адамға аз, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 27,2%-ды құрады. 2026 жылдың 1 қаңтарына жаңадан 68 262 жұмыс орны құрылды.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2025 жылдың 3 тоқсанында 5,3%-ды немесе 63 998 адамды құрады.

 

Білім

Бүгінге 619 мектепке дейінгі ұйымдармен (503 балабақша, 116 шағын орталықтар) 63,6 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2024 жылдың деңгейінен 7,1 пайыздық тармаққа жоғары.

2025 жылы 26 білім беру  обьектілерін дамытуға 24,6 млрд.теңге бөлінді.

Оның ішінде: «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді (Қордай ауданында 2 мектеп (600 орындық), Тараз қ. «Ұлы Дала», «Шөлдала» шағын аудандарында 2 мектеп (2600 орындық)).

Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектептің (200 орындық), Жамбыл ауданында 3 мектептің (350 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектептің (120 орындық), Шу ауданында 3 мектептің (340 орындық), Тараз қаласында 1 мектептің (600 орындық) құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша 12 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернат).

2026 ж. 1 қаңтарына 670 орындық 6 мектеп және 3 қосымша ғимараттар (Тараз қаласында №15, №7 мектептерге, Меркі ауданы Гранитогорск а. мектеп интернатына) құрылысы аяқталды.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстағы 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 371 мектепте 1952 интерактивті панельдер орнатылған.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2025 жылы 22,0 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 100%-ы игерілді.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 5,0 млрд. теңге бөлініп, игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 11,3 млрд. теңге (РБ - 3,1 млрд.теңге, ЖБ – 8,2 млрд.теңге) бөлініп, игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4 114,9 млн. теңге (РБ – 3 702,8 млн. теңге, ЖБ  - 412,1 млн. теңге) қарастырылды.

Бөлінген қаражатқа 5 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (Қордай мен Талас аудандарында 90 келушіге арналған 2 ДА, Қордай ауданында Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана құрылысы, Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының ғимаратын қайта жаңғырту (литер А қабылдау бөлімшесі),  Қаратау қаласында 200 орындық орталық аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту).

2026 ж. 1 қаңтарына 4 нысан пайдалануға берілді (Қордай ауданында Сұлутөр ауылында бір ауысымда 45 келушіні қабылдайтын ДА және Сортөбе а. бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын емхана, Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының ғимараты (литер А қабылдау бөлімшесі), Талас ауданы Ақкөл ауылындағы  бір ауысымда 45 адам қабылдайтын ДА).

2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында қатерлі ісік, наркологиялық және психикалық бұзылу аурулармен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Сонымен қатар, туберкулез, қан айналымы жүйесімен, мерез және қант диабетімен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.

Ана өлімінің 4 жағдайы Тараз қаласы (2 жағдай), Мойынқұм және Шу аудандарында тіркелді. 

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 383 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 27 ауруханалық ұйымдар, 139 амбулаториялық емханалық ұйымдар, 60 фельдшерлік-акушерлік пункт, 151 медициналық пункт (оның ішінде 5 медициналық қызметшілер) және 6 басқа ұйымдар.

 

Экология

2025 жылы Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 мыңға жуық адам қатысуымен  «Мөлдір бұлақ», «Бірге – Таза Қазақстан», «World Cleanup Day 2025» іс-шаралары өткізіліп, ағаштар отырғызылды. Ескерткіштер, саябақтар, каналдар, 4,0 шқ көшелер тазартылып, 1300 арнайы техника жұмылдырылды. Іс-шаралар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және желіде жарияланды.

Жамбыл облысында 2023–2026 жылдарға арналған кешенді экологиялық шешімдердің жол картасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті тұрғындармен 7 кездесу өткізіліп, жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, 2024–2026 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және департаменттің ресми сайтында екі рет жарияланды.

2019 жылдан бері халықаралық қаржы институттарының қолдауымен 26,9 миллиард теңгеге ұзындығы 608 шқ құрайтын 190 канал жөнделді. Бюджет қаражатына Андас-1 және Андас-2 су қоймалары салынды, 29 су қоймасы жөнделді (сыйымдылығы 630 млн текше метр), Жасөркен өлшеуіш станциясы қалпына келтірілді. 2025 жылы Қарақат су каналын қайта жаңартуға 438,187 млн.теңге бөлініп, игерілді, Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 159 қаулысына сәйкес сома түзетілді. Қарақат каналын қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                               Е. Қарашөкеев

 

 

Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы №19-3 шешімімен бекітілген Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі есебі
Дата публикации
27 февраля 2026