Жастардың сайлау белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды

Жастардың сайлау белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды

 

Бүгін Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төраға орынбасары Т. Жамалов, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының төрағасы А. Кадралиевпен кездесіп, Жас сайлаушылар клубының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарындағы мәселелерді талқылады. 

Кездесу барысында жоспардағы ақпан-наурыз айларына қойылған екі мәселеге ден қойылды, олар:

  1. Жамбыл облысы бойынша жас сайлаушы клубтары және аумақтық сайлау комиссиялары бірлесіп жастардың волонтерлік қызметін сайлау науқанында  жәрдемдесуге қатысты жұмыстарды айқындау мақсатында отырыс өткізу, алдағы жұмыс барысын айқындау;
  2. Жас сайлаушы клубтарының мүшелері мен жалпы жастар арасында сайлау/референдумға қатысу белсенділігі мен сайлау процесіне көзқарасын анықтауға арналған сауалнама жүргізу.

Бұл ретте, жас сайлаушылар клубының төрағасы жастардың азаматтық белсенділігін күшейту – қоғам дамуының маңызды факторы екенін атап өтіп, алдағы науқанда ерікті (волонтер) ретінде жастардың қатысуын көбейту, сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландыру жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, клуб төрағасы жастардың сайлауға қатысу белсенділігін анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізу бастамасын көтерді.

Аталған сауалнама жастардың сайлау үдерісіне көзқарасын, қызығушылығын және қатысуға дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік беретінін және сауалнама нәтижесі алдағы уақытта жастармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді форматын қалыптастыруға негіз болатынын айтты.

Аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары ұсынылған бастамаларды қолдап, жастардың электоралдық мәдениетін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар бекітілген жоспардың тармақтарын алдағы уақытта тығыз ынтымақтастықпен орындауға уағдаласты.

Жамбыл облыстық референдум комиссиясы

Дата публикации
19 февраля 2026