Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 ақпанда өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Хабарламасы

2026 жылғы 8 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданының Сарымолдаев ауылдық округі және Мойынқұм ауданының Шығанақ ауылдық округі әкімдері  сайлауы өтті.

 

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

  

Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне  8523 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 5406 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Сарымолдаев ауылдық округінің әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 459 дауысы берілді,

Жуматаев Улан Муратович  үшін сайлаушылардың 4386 дауысы берілді

Узбекбаев Нурсултан Серикович  үшін сайлаушылардың 529 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15.

Сайлау қорытындыларымен: Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі болып  Улан Муратович Жуматаев сайланды. 1978 жылы туылған, Меркі ауданы әкімі  аппаратының бас инспекторы,  Жамбыл облысы Меркі  ауданы Ойтал ауылының тұрғыны.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/965569?lang=kk

 

Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:

 

 Марапат Мұратұлы үшін сайлаушылардың 90 дауысы берілді.

Мусатаев Руслан Мадийулы үшін сайлаушылардың 926 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 13.

Сайлау қорытындыларымен: Шығанақ ауылдық округінің әкімі болып Мусатаев Руслан Мадийулы сайланды. 1993 жылы туған, «TransService-25» ЖШС директоры, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылының тұрғыны.

 

Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/documents/details/965565?lang=kk

 

 

 

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 февраля 2026