Ішкі аудит қызметінің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері

Жамбыл облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі тарапынан 2025 жылы бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін тексеруге, талдауға,
сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауын бағалауға аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

Аудиторлық іс-шаралармен барлығы 6 мемлекеттік аудит объектілерінде 4 млрд. 398 млн. теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылып, олардың қорытындысы бойынша 25,2 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 509,7 млн. теңгеге процедуралық бұзушылықтар анықталды (қалпына келтіруге жататыны – 15,9 млн. теңге, қалпына келтірілді – 12,5 млн. теңге, өтелуге жататыны – 7,2 млн. теңге, өтелгені – 1,4 млн. теңге, бухгалтерлік есепке жатқызуға жататыны – 2,1 млн. теңге, бухгалтерлік есепке алынғаны – 2,0 млн. теңге, процедуралық бұзушылықтар сәйкестікке келтірілді – 145,0 млн. теңге).

Сонымен қатар, 8 лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жазалар қолданылды, әкімшілік жауапкершілікке тартылған 3 лауазымды тұлғалардан бюджет есебіне 542,5 мың теңге айыппұл өндірілді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 2 мемлекеттік аудит объектілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін жолданды.

Ішкі аудит қызметінің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері
Дата публикации
29 января 2026