Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп / Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жаңатас көпсалалы колледжі»

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп

 

 Тараз қаласы                                                                         2025 жылғы «14» ақпан

 

  1. Мемлекеттік аудит объектісі: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай – Кәсіпорын) бизнес – сәйкестендіру нөмірі 070940004651.
  2. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты (мәні): Қызметінің тиімділігін бағалау мәселесі бойынша.
  3. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда.
  4. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері: Мемлекеттік аудитпен қамтылған жалпы сома 1 605 989,0 мың теңге.

Мемлекеттік аудит объектісінен келесі бұзушылықтар анықталды:

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 605 989,0 мың теңге қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 8 501,1 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 3 475,8 мың теңге (өтеуге жататыны – 732,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 2 743,4 мың теңге) және 4 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы сомасы 5 025,2 мың теңге бұзушылықтар анықталды.

1.Қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1.1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысына қайшы, барлығы 78,2 мың теңге негізсіз жанаржағармай есептен шығарылды. Яғни, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабы 9-тармағының талабы сақталмағандығы анықталды. Аудит барысында 78,2 мың теңге бюджетке өндірілді.

1.2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабының                  1-тармағының талабына қайшы 2022-2024 жылдары Кәсіпорын қызметкеріне  жалпы соммасы 578,3 мың теңге еңбек ақылары артығымен негіссіз төленгені анықталды. Аудит барысында 578,3 мың теңге «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілді.

1.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабының              1- тармағының талабына қайшы 2024 жылы желтоқсан айында жалпы соммасы   788,0 мың теңге еңбек ақылары алдын ала төленгені анықталды. Аудит барысында 788,0 мың теңге 2025 жылы қаңтар айында қызметкерлердің айлық жалақысынан ұсталып, қалпына келтірілді.

 1.4. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы                          №320 қаулысының 5-тармағының 10) тармақшасына қайшы ыстық тамақтың каражатын төлеу барысында 2022-2024 оқу жылдар аралығында  ыстық тамаққа 75, 8 мың теңге артық төлеген. Аудит барысында «206109» бюджеттік сыныптама кодына толық өндірілді.

1.5. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабының
9) тармақшасында көрсетілген бюджет жүйесінің принциптеріне негізделген «негізділік принципі» ұстанымы басшылыққа алынбай, көрсетілген принципке қайшы 2023 жылы 20 қарашада «Qazaq Soda (Казах Сода)» ЖШС сыйға (ақысыз)  берілген негігі құрал жабдықтары есепке алынбағаны анықталды, атап айтқанда: көп функциялық құрылғы «Epson L8180 C11CJ21403» бастапқы құны 488,0 мың теңге, жүйелік блок бастапқы құны 1 295,0 мың теңге, монитор «Samsung» бастапқы құны 172,5 мың теңге. Барлығы, бастапқы құны                        1 955,1 мың теңгені құраған. Яғни, кәсіпорын 16 МСФО (IAS) «Негізгі құралдар» стандартын және есеп саясатының «тану» принцептерін бұзып, қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелді.

  1. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша:

         2.1. Кәсіпорын тарапынан «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 18328 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 бұйрығының 31) тармақшасының талаптарын бұза отырып, «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен минералогиялық талдау зертханашысы (10 адам) және электрондық есепке алу машиналарының баптаушысы (10 адам) оқытқаны үшін 21.06.2022 жылы                 №63 келісім шартты негізінде жалпы сомасы 2 280,0 мың теңге  және «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 12.10.2023 жылы №69 келісім шартты негізінде жалпы сомасы 2 244,0 мың теңге, барлығы 4 524,0 мың теңге  оқыту шарттары бойынша кірістер есепте көрсетілмеген.

         2.2. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
196-бабының 1-тармағына және «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 33019 болып тіркелді)
14-тармағының талаптары бұзылып, 2024 жылы 1992 жылғы ВАЗ-2Ю53/ВАЗ маркалы, мемлекеттік нөмірі 941AF08, баланстық құны 501,2 мың теңге автокөлік есептен шығарылғаны анықталды.

         2.3. Кәсіпорын ғимаратына күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғимараттың сылағы түсіп, кірпіші үгіліп, терезе алдындағы суағарлары ұшып, ішкі қабаттарға су еніп, ылғалдануда, жылыту жүйесі мен электр жүйелерінің тозығы жеткен. Кәсіпорында кітапхана және  әкімшілік кабинеттері оқу корпусында орналасқандықтан оқу залы, оқу кабинеттері жетіспеушілікте.

         Білімгерлерге жатақханаға қажеттілік туындауда. Кәсіпорынның  жатақхана ғимаратын қайта жөндеуден өткізуге қажеттілік етеді.

  1. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар:

           Мемлекеттік аудит екі базалық көрсеткіштері «Нәтижелілік»,       «Тиімділік», «Мәнділік» бойынша жүргізілді.

        «Нәтижелілік» көрсеткіші - әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

         «Тиімділік» көрсеткіші - нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстарды ескере отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге арақатынасы.

      «Мәнділік» көрсеткіші - мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.

         Кәсіпорынның қызметі белгіленген мемлекеттік аудиттің «Тиімділік», «Нәтижелілік», «Мәнділік» көрсеткіштері бойынша: «Тиімді».

  1. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ұсынымдар:

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына:

         1) Бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері тиісті Жамбыл облысы даму жоспарында айқындалған техникалық және кәсіптік нысандарының индикаторлары орындалсын;

           2) Баланстық құны 11 160,0 мың теңге «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы қызметін автоматтандыру қызметтері» ақпараттық жүйені қолданыстағы заңңнамаларына сәйкес қалпына келтірілсін.

           Жаңатас көпсалалы колледжіне:

         Анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін Кәсіпорынға төмендегілерді ұсынамыз:

         1) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында мамандардың кәсіптік деңгейлерін жүйелі түрде жоғарылату жұмыстарын ұйымдастыру (біліктілікті арттыру, семинарлар өткізу);

         2) Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдау;

          3) Білімгерлердің білім сапасын жетік қадағалау;

         4) Білімгерлердің өндірістік тәжірбие алу үшін жан жақты жағдай жасау;

         5)Анықталған бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылсын.

  1. Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
    3-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды.

 

 

    Аудиторлық іс-шара жүргізуге жауапты тұлға:

             Ішкі аудит қызметінің басшысы–

                      мемлекеттік аудитор                                                         А.Мұтан

 

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп / Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жаңатас көпсалалы колледжі»
Дата публикации
29 января 2026