Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп / Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы»

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп

 

 Тараз қаласы                                                                       2025 жылғы «13» мамыр

 

  1. Мемлекеттік аудит объектісі: Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мекеме) бизнес – сәйкестендіру нөмірі 170140030325.
  2. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты (мәні): Қызметінің тиімділігін бағалау мәселесі бойынша.
  3. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда.
  4. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері: Мемлекеттік аудитпен қамтылған жалпы сома 317 399,9 мың теңге мың теңге.

Мемлекеттік аудит объектісінен келесі бұзушылықтар анықталды:

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 317 399,9 мың теңге қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 156 273,8 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 11 273,8 мың теңге (өтеуге жататыны – 113,8 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 11 160,0 мың теңге) және 10 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы сомасы 145 000,0 мың теңге бұзушылықтар анықталды.

1.Қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1.1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабының                  1-тармағының талабына қайшы 2022-2024 жылдары Мекеме қызметкеріне  жалпы соммасы 19,3 мың теңге еңбек ақылары артығымен негіссіз төленгені анықталды. Аудит барысында 19,3 мың теңге жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер «206109» жүктелеу кодына өтелді. 

1.2. «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
11 мамырдағы №256 қаулысының 3-тармағы 1 және 2) тармақшаларына қайшы 2022 жылы 42,8 мың теңге, 2024 жылы 51,7 мың теңге, жалпы 94,5 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық төленген. Аудит барысында      94,5 мың теңге жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер «206109» жүктелеу кодына   өтелді. 

 1.3. Түгендеу номері №271101000075  баланстық құны 11 160,0 мың теңге құрайтын «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы қызметін автоматтандыру қызметтері» ақпараттық жүйе бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру кезінде іс жүзінде қолда жоғы анықталды. 2019 жылы ақпараттық жүйені құру кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылары алынбаған және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптары және «электрондық үкiметтiң» архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды орындалмаған. Осылайша «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабы 1 және 2-тармақтарының, 39-бабы 2-тармағының  және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ (Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.07.2024 № 420/НҚ бұйрығымен) бұйрығының  5-тармағының талаптарын бұзғаны анықталды.

«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
3 тамыздағы №393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6443 болып тіркелді) бұйрығының 129-тармағының, «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7197 болып тіркелді) бұйрығының 58-тармағының, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 4-бабы 13-тармағының және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 4) тармақшасының принциптері орындамағанынан «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы қызметін автоматтандыру қызметтері» ақпараттық жүйеге жұмсалған 11 160,0 мың теңге қаражат нәтиже бермеді.

  1. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша:

         2.1. 2022-2023 жылдары жобалық персоналдың біліктілігін арттыру бойынша барлығы 164 мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін жоғарлатқан, алайда сертификациядан өткендері 49, немесе 29,9 % құраған. Бұл жобаларды тиімсіз басқаруға ықпал етті.      

         2.2. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысының (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2023 № 828 қаулысымен 01.01.2024ж. бастап) «Цифрлық стандартқа (үлгілік сәулет, эталондық стандарт) сәйкес келетін әкімдіктердің үлесі» көрсеткіштің шекті мәні - 60%, орындалуы - 51% құраған, 2023 жылдың қорытындысымен көрсеткішке қол жеткізілмеген.

         2.3. «Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» көрсеткіштің шекті мәні - 100%, орындалуы -98% құраған, 2023 жылдың қорытындысымен көрсеткішке қол жеткізілмеген.

         2.4. «Халыққа қашықтықтан көрсетілген медициналық қызметтердің үлесі» көрсеткіштің шекті мәні - 7%, орындалуы -4,9 % құраған, 2023 жылдың қорытындысымен көрсеткішке қол жеткізілмеген.

         2.5. «Цифрланған жер деректерінің үлесі» көрсеткіштің шекті мәні - 85%, орындалуы -0% құраған, 2023 жылдың қорытындысымен көрсеткішке қол жеткізілмеген.

         2.6. Мекемеде еңбекақы деңгейі еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес келмеу себебінен, кадрлардың жиі ауысуына, кәсіби мамандардың тұрақтамауына себеп болып отыр. Қазіргі уақытқа 16 бос штаттық бірлік қалыптасқан. Кадр тұрақсыздығы өз кезегінде өңірлік деңгейде стратегиялық жобалардың жүзеге асырылу сапасына кері әсерін тигізуде.

          2.7. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
3 тамыздағы №393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6443 болып тіркелді) бұйрығының 243 және 247-тармақтарына қайшы Мекеме «Жамбыл облысы әкімдігінің аухалдық орталық» ақпараттық жүйені есепке алу кезінде құрамдас, өзіндік функцияларды орындауға арналған топтасқан әрбір модуль, сондай-ақ біріктіру және орнату бойынша жұмыстары түгендеу  нысандарына жатпайтын 33 дана модульдері мен орнату жұмыстары есепке қойылған.

         2.8. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабы 1) тармақшасына және  «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6443 болып тіркелді) бұйрығының
275-тармағына қайшы 2020 жылы баланстық құны 12 000,0 мың теңгені құрайтын 2 дана серверлерді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының рұқсатсыз «Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жауапкершiлiк сақтауға берген.

         2.9. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6443 болып тіркелді) бұйрығының 286-тармағына қайшы Мекеме бухгалтерлік есебінен шығару жұмыстарын жүргізбеген. Осылай, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабы 12-тармағының және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы
4) тармақшасының принциптері орындамағанынан 2019 жылы  сатып алынған баланстық құны 133 000,0 мың теңгені құрайтын «Жамбыл облысы әкімдігінің аухалдық орталық» ақпараттық жүйе қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланбаған және жұмсалған қаражат нәтиже бермеген.

          2.10. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 123-бабы                  7-тармағының және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6443 болып тіркелді) 19-тармағының талаптарына қайшы материалдық емес активтерге, оның ішінде «Жамбыл облысы әкімдігінің аухалдық орталық» және «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы қызметін автоматтандыру қызметтері» ақпараттық жүйелері бойынша толық материалдық жауапкершілік туралы келісімдер жасалмағаны анықталды.

  1. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар:

           Мемлекеттік аудит екі базалық көрсеткіштері «Нәтижелілік»,       «Тиімділік», «Мәнділік» бойынша жүргізілді.

        «Нәтижелілік» көрсеткіші - әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

         «Тиімділік» көрсеткіші - нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстарды ескере отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге арақатынасы.

        «Мәнділік» көрсеткіші– мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының ауытқу, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.  

         Кәсіпорынның қызметі белгіленген көрсеткіштері бойынша: «Тиімсіз».

           Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің және Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысының және «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының, «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6443 болып тіркелді) бұйрығының, «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7197 болып тіркелді)  бұйрығының талаптарының дұрыс орындамауынан орын алған.

  1. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ұсынымдар:

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасына:

         1) Бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері тиісті Жамбыл облысы даму жоспарында айқындалған цифрлық саласындағы индикаторлары орындалсын;

           2) Қолданыстағы заңнамаларына сәйкес баланстық құны 11 160,0 мың теңге «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы қызметін автоматтандыру қызметтері» ақпараттық жүйе қалпына келтірілсін, одан әрі пайдалану-пайдаланбау мәселесі шешілсін;

         3)Анықталған бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылсын.

 

Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығына:

        

Анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін Мекемеге төмендегілерді ұсынамыз:

         1) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында мамандардың кәсіптік деңгейлерін жүйелі түрде жоғарылату жұмыстарын ұйымдастыру (біліктілікті арттыру, семинарлар өткізу);

         2) Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдау;

          3) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баланстық құны 12 000,0 мың теңгені құрайтын 2 дана серверлерді  Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының балансына беру немесе оларды одан әрі пайдалану-пайдаланбау мәселесі шешілсін;

         4) Өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатылған «Жамбыл облысы әкімдігінің аухалдық орталық» ақпараттық жүйесі «электрондық үкімет» архитектурасы негізінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы және мемлекеттік мүлік заңнамаларында белгіленген талаптарға сәйкес есептен шығарылсын.

          5) Материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімдер жасалсын;

          6)Анықталған бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылсын.

  1. Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
    3-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталмады.

 

 

    Аудиторлық іс-шара жүргізуге жауапты тұлға:

    Ішкі аудит қызметінің басшысы–

                      мемлекеттік аудитор                                                            А.Мұтан

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп / Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы»
Дата публикации
29 января 2026