Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп
Тараз қаласы 2025 жылғы «08» желтоқсан
Мемлекеттік аудит объектісінен келесі бұзушылықтар анықталды:
Мемлекеттік аудит объектісінен жалпы сомасы 313 207,4 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды.
Яғни, Санитарлық автокөлік УАЗ 3962; УАЗ-3962 95 класс В орнына, Санитарлық автотранспорт класс В («LADAGRANTA KUB» класс В) негізсіз ауыстыру салдарынан, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарына негізсіз енгізілу салдарынан, №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының, 12, 13 тармақтарының тиімділік қағидаты және жауапкершілік принципі талаптарын сақтамай, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге алмай, бюджетті атқару принциптерін сақтамай, Басқарма санитарлық автокөліктің құнын (бір данасының) негізсіз ұлғайтқан, осының салдарынан 20 автокөліктің (13 060,0 мың теңгеден 18 500,0 мың теңгеге) мемлекеттік сатып алу жоспарында, сатып алу сомасы 108 800,0 мың теңгеге асып кеткен.
Бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшасына — бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау; 4-бабы 10) тармақшасына — міндеттемелерді бюджеттік лимиттер шегінде қабылдау; 67-бабының 12)тармақшасына — бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету талаптарына қайшы келеді.
Осылайша, Басқарма 2023 жылы 6 қырқүйктегі №44; №45 мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың 1.1. талаптарын бұзған, яғни Басқарма тауар қабылдау және олар үшін төлем жасау міндеттемелерін орындамай, басқармаға қарасты ұйымдарға жүктеген.
Соңымен қатар, жеткізілген санитарлық автокөліктердің техникалық паспорттары мен электрондық паспорттарының (ЭПТС) деректеріне сәйкес барлық автокөліктердің өндірілген жылы 2024 жылы, осылай «Аккумуляторный орталығы «АRLAN» (АРЛАН)» ЖШС санитарлық автокөліктерді шарт бойынша жеткізу мерзімдерін бұзған. Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарын бұзу болып табылады және шарт міндеттемелерінің тиісінше орындалмағанын білдіреді.
Осылайша, Бюджет кодексінің 96 бабы 3-тармағы, 97 бабының 6 тармағы және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабы 23-тармағы сақталмай жалпы сомасы 758 464,0 мың теңге Басқарма 2023 жылы 26-27 желтоқсанда ведомстволық бағынысты ұйымдарға нақты жеткізусіз (қабылдаусыз) толық төлемдерді жасады сипатталатын қаржылық тәртіптің және бюджеттік заңнаманың бұзылуы анықталды. Яғни, Басқарма жеткізілмеген тауарлар үшін төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін; төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын; ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын; жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етпей, төлемдерді толық жасаған.
Санитарлық автокөліктің А және В кластары мақсатымен (функционалымен), медициналық персонал деңгейімен және, сәйкесінше, міндетті медициналық жабдықтарымен ерекшеленеді.
Олардың арасындағы айырмашылық түбегейлі: А класы — бұл базалық тасымалдау көлігі, ал В класы — бұл жедел медициналық көмек көрсетуге арналған автомобиль.
Аудит нәтижесінде Басқарма LADA NIVA KUB және LADA GRANTA KUB маркалы автокөліктерді сатып алғаны анықталды. Аталған автокөліктер санитарлық автотранспорттың «А класына» жатады және медициналық жабдықтармен жарақтандырылмаған.
Осылайша, сатып алынған автокөліктер С класты реанимобильдерге және санитарлық автокөліктің В класты қойылатын талаптарға сәйкес келмейді, бюджет бағдарламасының мақсаттары орындалмаған, сондай-ақ бюджет заңнамасының талаптары бұзылған.
Басқарма тарапынан 2023 жылдың №44; №45 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3. талаптарын орындамаған, мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстамаған.
Сонымен қатар, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңның 12 бабы 4-тармағының талаптары сақталмаған. 2023 жылғы 6 қырқүйекте №44; №45 келісім шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін «Аккумуляторный орталығы «АRLAN» (АРЛАН)» ЖШС мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану мақсатында сотқа жүгінбеген.
Аудит барысында санитарлық автокөліктерді сатып алу процесінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі мен үнемділігі қағидаттарының сақталмағаны анықталды. Жүргізілген талдау нәтижесінде келесідей бұзушылықтар тіркелді:
- нарықтық ұсыныстармен салыстырғанда санитарлық автокөлік бірлігінің бағасы дәлелді техникалық немесе экономикалық қажеттіліксіз жоғарылатылған. Бағаның өсуіне қатысты сатып алу құжаттамасында толық және жеткілікті негіздеме ұсынылмаған. Сатып алынған автокөліктердің бір дана кұны (13 050 мың теңгеден 18 500,0 мың теңгеге дейін) ұлғайган.
- алдын ала жоспарланған модельдердің өзгерту қажеттілігін дәлелдейтін құжаттармен расталмаған. Бұл өзгеріс сатып алу құнының өсуіне алып келген .
Осылайша, Бюджет кодексінің 4 бабы 9-тармағы; 12-тармағы; 13-тармағы орындамай, Басқарма техникалық ерекшеліктерге өзгерістер енгізіп, санитарлық автокөліктердің медициналық мақсаттағы класын «В» класынан «А» класына дейін төмендеткен. Нәтижесінде, бюджет қаражаты функционалдығы төмен және нарықтық құны арзан жабдықтарды іс жүзінде жоғары «В» және «С» класқа сәйкес келетін бағамен сатып алуға жұмсалған. Аталған әрекеттердің нәтижесінде бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылып, санитарлық автокөліктерді сатып алуға арналған шығындар 107 264,0 мың теңгеге ( сатып алынған автөкөліктің сомасы 758 464,0 – 651 200,0 мың теңге (С кластағы 20 автокөлік*19 500,0 мың теңге + В кластағы 20 автокөлік*13 060,0 мың теңге) артық жұмсалған.
Бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау үшін келесі мемлекеттік аудит 3 базалық «Нәтижелілік», «Тиімділік», «Үнемділік» көрсеткіштері және арнайы «Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің (мемлекеттік мекемелердің) міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы» сұрақтары бойынша жүргізілді
1.Мемлекеттік аудит «Нәтижелік» көрсеткіші бойынша:
«Сатып алынған реанимобильдер толық медициналық жабдықталған болуы (ӨЖЖ, дефибриллятор, монитор, инфузомат т.б.)» - жоспарланған реанимобиль «LADA-Largus» (медициналық жабдықпен) сатып алынбаған, қанағатсыз жағдайда
«Жол талғамайтын УАЗ көліктерінің ауылдық жерлерде нақты қолданылуы» - жоспарланған «УАЗ 3962» және «УАЗ 3962 95» модельдері сатып алынбаған, қанағатсыз жағдайда
«Медициналық ұйымдардың сұранысына сәйкес толық қамтамасыз етілуі» -сұранысына сәйкес толық қамтамасыз етілмеді, қанағатсыз жағдайда.
«Қосымша қаржы сұрау қажеттілігінің болмауы» - 107 952,0 мың теңге қосымша қаржы бөлінген, қанағатсыз жағдайда;
«Сатып алынған санитариялық көліктердің медициналық стандарттарға және бюджет өтініміне сәйкестігі» - санитариялық көліктер бюджет өтінімге сай емес сатып алынған, қанағатсыз жағдайда;
«Бюджет қаражатының мақсатты және бекітілген көлем шегінде шығысталуы» - бюджет қаражатың мақсатсыз жұмсаған, қанағатсыз жағдайда;
«Бюджеттік ассигнования шеңберінде міндеттеме қабылдау» - міндеттемелер бюджеттік ассигнованияға артық қабылданған, қанағатсыз жағдайда;
«Баға өсімінің дәлелділігі (немесе дәлелсіздігі)» - қосымша қаражат дәлелсіз алынған, қанағатсыз жағдайда.
Нәтижесінде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізілмей, 107 264,0 мың теңге бюджет қаражаты негізсіз игерілді.
Басқарманың қызметі белгіленген сұрақтар бойынша «Тиімсіз».
Анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін төмендегідей ұсынымдар берілді:
1) Бюджетті жоспарлау және мемлекеттік сатып алу процестерін қатаң бақылауға алсын. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерінің нақты қажеттіліктерге және бөлінген бюджет қаражатының лимиттеріне сәйкестігін қамтамасыз етілсін;
2) Қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде ҚР Бюджет кодексінің 4-бабында бекітілген бюджет жүйесінің қағидаттарын, әсіресе мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі, үнемділігі және нәтижелілігі бөлігінде мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етілсін;
3) Мемлекеттік сатып алуға және қаржылық жоспарлауға жауапты қызметкерлер үшін мемлекеттік сатып алу және бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқытулар немесе семинарлар ұйымдастырылсын;
4) Сатып алу жоспары бекітілгеннен кейін сатып алынатын тауардың сапалық сипаттамаларын (класын, функционалдығын) нарықтық құнын қайта қараусыз және негіздеусіз, негізсіз төмендету мүмкіндігін болдырмайтын ішкі тәртіп орнатылсын.
5) Анықталған бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылсын.
6) Тиімсіз пайдаланылған 107 264,0 мың теңге сомасын сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне толық көлемде өндіріп алу шараларын қабылдасын.
Аудиторлық іс-шара жүргізуге жауапты тұлға:
Ішкі аудит қызметінің бас инспекторы–
мемлекеттік аудиторы И. Ералі