Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп / Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей»

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп

 

 

 Тараз қаласы                                                               2025 жылғы «24» желтоқсан

 

 

  1. Мемлекеттік аудит объектісі: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - Мекеме) бизнес – сәйкестендіру нөмірі 970240000611.
  2. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты (мәні): Қызметінің тиімділігін бағалау мәселесі бойынша.
  3. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылғы 1шілдеден бастап 2025 жылғы 31 қазанды қоса алғанда.
  4. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері: Мемлекеттік аудитпен қамтылған жалпы сома 12 872,0 мың теңге.

Мемлекеттік аудит объектісінен келесі бұзушылықтар анықталды:

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 12 872,0 мың теңге қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 96,5 мың теңге (өтеуге жататыны – 96,5 мың теңге), рәсімдік сипаттағы сомасы 0 мың теңге бұзушылықтар анықталды.

   1.Қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1.1  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қаулысының 3-тармағы 2-тармақшаларына қайшы 2022-2025 жылдар аралығындағы тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары жалпы 96,5 мың теңгеге артық төленгені анықталды.

  1.   Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша: Рәсімдік бұзушылықтар болмады.
  2. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар:

           Мемлекеттік аудит екі базалық көрсеткіштері «Нәтижелілік»,       «Тиімділік», бойынша жүргізілді.

        «Нәтижелілік» көрсеткіші - әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

         «Тиімділік» көрсеткіші - нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстарды ескере отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге арақатынасы.

      Мекеменің қызметі белгіленген мемлекеттік аудиттің «Тиімділік», «Нәтижелілік», көрсеткіштері бойынша: «Тиімді».

  1. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ұсынымдар:

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қаулысының 3-тармағы 2-тармақша талаптары сақталуын қадағалау.

 

  1. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей» КММ-на:

         Анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін мекемеге төмендегілерді ұсынамыз:

  1) Іссапар шығындарын яғни тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары соммасы 96,5 мың теңге «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін.                                 

  2) Анықталған бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылсын.

  1. Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
    3-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталмады.

 

 

   

    Ішкі аудит қызметінің   мемлекеттік аудиторы                               И. Ералі

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп / Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей»
Дата публикации
29 января 2026