Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп
Тараз қаласы 2025 жылғы «08» желтоқсан
Мемлекеттік аудит объектісінен келесі бұзушылықтар анықталды:
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 41 242,1 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 9 943,8 мың теңге (өтеуге жататыны – 5 793,2 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 4 150,6 мың теңге), 57 бірлікті құрайтын сомасы 31 298,3 мың теңге (қалпына келтіруге жататыны – 10 550,9 мың теңге) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
1.Қаржылық бұзушылықтар бойынша:
1.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағының талабына қайшы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 9-абзацы 229-тармағының талаптары сақталмай, 2024 жылы сомасы 3 850,5 мың теңге, 2025 жылы сомасы 833,7 мың теңге, жалпы сомасы 4 684,2 мың теңге еңбек ақылары артығымен негіссіз төленгені анықталды.
1.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» №1127 қаулысының 13 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 6 тармағының 2) тармақшасының талаптары сақталмай, жасырылған кредиторлық берешегі бола тұра қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы тарапынан сыйақы беру туралы бұйырығысыз Мекеме басшысы Р.Райфқа 2024 жылы желтоқсан айында жалпы соммасы 316,8 мың теңгеге сыйлықақы негіссіз төленген.
1.3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысының 3 тармағының 1)тармақшасының талаптары сақталмай, 2025 жылы жалпы сомасы 355,3 мың теңге сауықтыру жәрдемақысы негіссіз төленген.
1.4. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 Әлеуметтік кодексінің 77-бабының 3 тармағының және Еңбек кодексінің 133-бабының 1 тармағына қайшы, 2025 жылы жүктілікке және босануға бойынша әлеуметтік төлемдер жылпы соммасы 98,3 мың теңге негіссіз төленген.
1.5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қаулысының 3 тармағы 1) және 2) тармақшаларына қайшы, 2025 жылы жалпы сомасы 288,0 мың теңге іссапар шығындары негіссіз төленгені анықталды.
1.6. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының (әрі қарай - №413-IV Заңы) 6-бабы 4)тармақшасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №169 бұйрығының 57-тармағы, Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 15-тармағының талаптарын бұзу салдарынан материалдық құндылықтардың сомасы 564,0 мың теңге (бөлме гүлдері), қеңсе жарақтары сомасы 557,3 мың теңге және 3 дана «Стулья Самбо мод 216 YZ» сомасы 100,8 мың теңге, жалпы сомасы 1 222,1 мың теңге жетіспеушілігі анықталды. Аудит жүргізу барысында анықталған кеңсе тауарларының 557,3 мың теңге мөлшеріндегі жетіспеушілігі қорларды ішкі ауыстыруға арналған жүққұжат арқылы расталып, материалдық есепті ресімдеу негізінде сәйкестендірілді.
1.7. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 6-бабы 4)тармақшасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №169 бұйрығының 57 тармағы, Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығының 15-тармағының талаптарын бұзу салдарынан, мекемеге өтеусіз берілген материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есепке қойылмауына байланысты, түгендеу жүргізу барысында 700,0 мың теңге сомасында артығы анықталды.
1.8. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 6-баптың 3-тармағының 1)тармақшасына және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 18-тармағына қайшы 2025 жылы қаңтар айында 45 дана бөлме гүлдері жалпы сомасы 2 115,0 мың теңге негізсіз есептен шығарылғаны анықталды.
1.9. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 15; 154-тармақтарының талаптарына қайшы, 2024 жылы желтоқсан айында бухгалтерлік жазбасы арқылы жалпы сомасы 164,1 мың теңгеге кредиторлық қарызы жасырылғаны анықталды.
2.1. Атқарылған жұмыстарға қарамастан, 2025 жылдың 9 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша 14 оқиға, ал 6 оған ұмтылу әрекеті тіркелді, 2024 жылымен салыстырғанда жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактісі 7-ге артқан (2024 жылдың 9 айында 7 аяқталған, 8 ұмтылу әрекеті тіркелген).
2.2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 «Қазақстан Республикасының Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 9-абзацының 229-тармағының талабына қайшы, яғни қызметкерлердің төлемақыларын банкте ашылған жеке шоттарына төлемей, мекеменің басқа қызметкерлерінің жеке шоттарына жүйелі түрде аударылып отырған және нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайынғы төленетін айлық жалақылары уақтылы төленбей, осының салдарынан 2024 жылы сомасы 5 617,8 мың теңге, 2025 жылы 2 258,0 мың теңге еңбеақыларын кем төленгені анықталды.
2.3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» №1127 қаулысының 13 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 6 тармағының 2) тармақшасының талаптары сақталмай, жасырылған кредиторлық берешегі бола тұра, қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен 2024 жылы желтоқсан айында жалпы соммасы 14 040,0 мың теңгеге қызметкерге сыйлықақылар берілген.
2.4. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің (Күші жойылды – ҚР 15.03.2025 Кодексімен) 4-бабы 13 тармағына және №413-IV Заңы 6-бабы 4)тармақшасының принциптеріне және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №767-Ө бұйрыққа қайшы, мекеме 2025 жылға жанар-жағармайды бекітілген нормадан тыс сомасы 427,7 мың теңгеге сатып алынған.
2.5. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ Заңның 8-бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 09.10.2024 жылғы №687 бұйрығының 92 тармақ, 5)тармақшасына және шарттық міндеттемелердің тиісінше және толық орындалуы бойынша талаптарына қайшы жалпы сомасы 6 279,7 мың теңгеге техникалық сипаттамаларына сәйкес келмейтін тауарлар қабылданған.
«Нәтижелілік» көрсеткіші - әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы.
«Тиімділік» көрсеткіші - нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстарды ескере отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге арақатынасы.
Белгіленген мемлекеттік аудиттің «Тиімділік», «Нәтижелілік» көрсеткіштері бойынша: Мекеменің қызметі «Тиімсіз».
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына:
1) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында мекемеменің қаржылық ресурстарды стратегиялық тұрғыдан жоспарлап, оларды рационалды әрі мақсатты түрде бөлу;
2) Бюджеттік өтініміне енгізілетін шығыстардың сапасына, негізділігіне және дұрыстығына бақылауын қамтамасыз ету;
3) Бюджет қаражатын жоспарлау кезінде олардың тиімді пайдаланылуын және белгеленген лимиттерден асып кетуге жол бермеу;
4) 2024-2025 жылдары 261 029 015 «Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарлау кезінде кемшіліктерге жол берген қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылсын;
5) Ведомстволық қарасты ұйымдарда бюджеттік, қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту.
«Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
Анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін төмендегілерді ұсынамыз:
1) Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдау;
2) Еңбекақыны, іссапарларды есептеу және аудару барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына бақылауды күшейту;
3) 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР Еңбек кодексiнің 103-бабының 1 тармағының талаптары сақталмай, нақты жұмыс істемеген уақыты үшін артық төленген 2024 жылы сомасы 1 121,3 мың теңгеге, 2025 жылы сомасы 833,7 мың теңге «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін және 2 729,2 мың теңгесі қалпына келтірілсін;
4) 2024 жылы желтоқсан айында негіссіз төленген сыйлықақы жалпы сомасы 316,8 мың теңгеге «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін;
5) 2025 жылы жалпы сомасы 355,3 мың теңге негіссіз төленген сауықтыру жәрдемақысы «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін;
6) 2025 жылы негіссіз төленген жүктілікке және босануға бойынша әлеуметтік төлемдері жылпы сомасы 98,3 мың теңге «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін;
7) 2025 жылы жалпы сомасы 288,0 мың теңге негіссіз төленген іссапар шығындары «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін;
8) 2024 жылы сомасы 5 617,8 мың теңге, 2025 жылы 2 258,0 мың теңге еңбекақы кем төленгенін анықтап, қалпына келтірілсін;
9) Түгендеу нәтижесінде анықталған сомасы 564,0 мың теңге бөлме гүлдері (комнатные растения) және «Стулья Самбо мод 216 YZ» сомасы 100,8 мың теңге мөлшеріндегі жетіспеушілік сомасын кінәлі тұлғалардың есебінен «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін.
10) Мекемеге өтеусіз берілген материалдық құндылықтары сомасы 700,0 мың теңге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алынсын;
11) 2025 жылы қаңтар айында негіссіз есептен шығарылған 45 дана бөлме гүлдері жалпы сомасы 2 115,0 кінәлі тұлғалардың есебінен «206109» бюджеттік сыныптама кодына өндірілсін;
12) 2025 жылға жанар-жағармайды бекітілген нормадан тыс сомасы 427,7 мың теңгеге қалпына келтірілсін;
13) Жеткізілетін тауарлырдың техникалық сипатталарына, келісім шарт талаптарына сәйкестігі қатамасыз етілсін;
14) Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау тәуекелдерін азайту мақсатында жоғары тәуекел тобындағы балаларға жедел жекелей психологиялық кеңестерді беру;
15) Скринингтік тесттер мен психологиялық сауалнамаларды сапалы жүргізу;
16) Психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мамандарды біріктіріп, кешенді қолдауды көрсету;
17) Қызметкерлердің еңбекақыларын үшінші тұлғалардың есеп шоттарына аударым жасауға тыйым салу;
18) Бухгалтерлік есепте және казнашылық оперциялары жүйесінде барлық аударымдарды тек ресми түрде, бекітілген тәртіппен жүргізу;
19) Премия төлеу кезінде мекеменің қаржылық міндеттелері мен қарыздарын ескіргенін растау;
20) Анықталған бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылсын.
Аудиторлық іс-шара жүргізуге жауапты тұлға:
Ішкі аудит қызметінің бас инспекторы–
мемлекеттік аудиторы Р.Иргебаева