Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен

 кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

№

Іс-шараның атауы

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

5

1

Тараз айналма жолындағы Айша бибі ауылы мен «Шөлдала» алқабына қарасты жол қиылысына  бағдаршам орнату

Қазіргі таңда «City Road» мекемесімен қалаға батыстан кіреберіс жолды қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. 14.07.2025 жылы экспертиза қорытындысы шығып. ЖСҚ 3 669 378,97 мың. теңге. Аталған жобада Айша бибі ауылы мен «Шөлдала» алқабына қарасты жол қиылысына айналмалы қозғалыс            (круговое движение) қарастырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2

«Шөлдала» алқабында көше жолдарындағы шағал тас астында қалған ауыз су құдықтарын (люктарды)              жол деңгейімен қалпына келтіру

«Шөлдала» алқабында көше жолдарындағы шағал тас астында қалған ауыз су құдықтарын (люктарды) жол деңгейімен қалпына келтіру жұмыстары мердігер «KATSA» мекемесімен жүргізілді.

3

Телецентр және Төңкеріс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларына түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу

Телецентр және Төңкеріс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларына түнгі жарық шамдарын орнату бойынша қазіргі таңда мердігер (Маткасымов) мекемесі анықталып, құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталу жоспарлануда.

4

Рысбек батыр көшесін кеңейту және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын жүргізу

Рысбек батыр көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары «Арайстроймаркет-2003» мекемесі тарапынан 2025-2026 жылдары жүргізілуі жоспаралнуда. Ағымдағы жылы Ы.Сүлейменов көшесі мен Е.Ниетқалиев көшесінің аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2026 жылы Е.Ниетқалиев көшесі мен Төле би даңғылы аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда.

5

Қ.Тұрысов көшесінің жалғасы Әл-Фараби көшесінен «Қарасу» шағын ауданы       №19 көпқабатты тұрғын үйге дейінгі аралықтағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда Қ.Тұрысов көшесінің жалғасы Әл-Фараби көшесінен «Қарасу» шағын ауданы №19 көпқабатты тұрғын үйге дейінгі аралықтағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

6.

«Арай» алқабы, Бәйдібек баба және Домалақ ана көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда  «Арай» алқабы, Бәйдібек баба және Домалақ ана көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізілуде.

7.

М.Лермонтов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда М.Лермонтов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстары жүргізілуде.

8.

№55 орта мектептің қасбетін әрлеу мен шатырын жөндеу жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

Тараз қаласы білім бөлімі №55 мектептің  қасбетін әрлеу мен шатырын жөндеу, абаттандыру  жұмыстарына 2024 жылы  ЖСҚ  әзірленген.  Сомасы - 22 191,0 мың теңге.  2025 жылы жоспарланғандай №55 мектептің  абаттандыру  мен кіре беріс  жұмыстары  толығымен  жасалынды. Мектептің қасбеті мен шатырын  ағымдағы  жөндеу жұмыстары  2026 жылы жоспарлануда.

9.

Бір апта мерзімде «Шөлдала» алқабы, Қоғалы көшесіндегі тұрғын үйлердің құжаттарын рәсімдеу, ауыз суға төленетін төлемақы мәселесін анықтап, шешімін беру

Қоғалы көшесінің тұрғындары «Жамбыл су» мекемесі дербес  шот аштырып, қазіргі таңда ауыз сумен толық қамтамасыз етілуде.

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
26 января 2026