Облыс әкімінің Тараз қаласы №7 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Облыс әкімінің Тараз қаласы №7 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

5

1.    

Халық санының көбеюіне байланысты №38 бағытымен жүретін қоғамдық көлік сыйымдылығын үлкейту мәселесін қарастыру

2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап қалалық №38 маршруттағы тозығы жеткен автобустар үлкен сыйымдылықты автобустарға алмастырылды. Бүгінде аталған бағытта қызмет көрсететін тасымалдаушы мекеме «Автобусный парк-2020» ЖШС-гі. Аталған бағыт 10 кестемен (автобус), жүру жиілігі 12-16 минуттан тұрақты түрде қызмет көрсетуде. 

2.    

Водопьянов көшесіне аялдама орнату мәселесі жергілікті жерге шығып зерделеп, 2024 жылғы жоспарға енгізу

Аталған аумаққа аялдама орнату жұмыстары бойынша жергілікті орынға шығып зерделеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, 2023 жылы аялдаманы орнату жұмыстары үшін қаржы қарастырылған жоқ. Бұл жұмыстар 2024 жыл жоспарына енгізілді.

3.    

Есей би көшесіндегі арық жүйесіне лоток орнату және газ құбырының орнын ауыстыру мәселесін шешу

Жергілікті орынға шығып зерделенді,  Есей би көшесінің бойын аралау барысында орнын ауыстыруды қажет ететін газ құбыры мен бетон лоток салу қажеттігі орын анықталмады.

4.    

М.Мәметова мен Балуан Шолақ көшелерінің қиылысына заңнама талаптарына  сәйкес бағдаршам орнату

Абай даңғылының жол өтпесі мен темір жол үстінен жаяу жүргіншілер өткелі нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында Абай даңғылын Ташкент көшесінен Балуан Шолақ көшесінің арасын жабу барысында «Строй Монтаж Group» және «Казахдорстрой» мекемесі тарапынан М.Мәметов және Балуан Шолақ көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылатын болады.

Анықтамалық: Тараз қаласына оңтүстік-шығыстан көлік құралдары Жібек жолы көшесі арқылы қатынайды. Бұл көше теміржол желісі арқылы жерасты көпірмен қалаға кіретін негізгі көлік ағыны үлкен күре жол болып табылады.

2023 жылы Абай даңғылы бойында  көпір салуға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 65,0 млн. теңге бөлініп, жобалаушы мекеме «ДAN and PARTNERS» мекемесімен жалпы 58,5 млн. теңгеге келісімшарт жасалды.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасымен мердігерді анықтау бойынша конкурс жарияланып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер болып «Казахдорстрой» мекемесі анықталды. (құрылыстың мерзімі – 15 ай, жобалық сметалық құжаттың құны – 16,9 млрд. теңге), жол өткелінің ұзындығы – 165,87 метр, жолақ саны – 4. Құрылыс монтаж жұмыстары ағымдағы жылы басталып, 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

5.    

Нахимов көшесінің                1-бұрылысындағы             500 м жолға асфальт жабындасын төсеу жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда Нахимов көшесінің 1 бұрылысы жолының орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

6.    

Нахимов көшесі және Нахимов көшесінің 1-бұрылысына ауыз су құбырын жүргізу

Нахимов көшесі және Нахимов көшесінің                                 1-бұрылысына ауыз су құбыры 2023 жылы жүргізіліп толығымен аяқталды.

7.    

Есей би көшесінің 1-бұрылысындағы тұрғындардың өтініші бойынша нашақорларға тиісті шара қолдану нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу

Есей би көшесінің 1-бұрылысындағы тұрғындардың өтініші бойынша нашақорларға тиісті шара қолдану нашақорлықтың алдын алу мақсатында Полиция басқармасы тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

8.    

Көне-Тараз тарихи этно-мәдени кешені аумағынан қарияларға  арналған шахмат клубын ашу үшін ғимарат қарастыру

Бүгінгі таңда «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағында орналасқан төрт ғимараттың басқармаға қарасты 4 (төрт)  мекеме (Облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық халық шығармашылығы  орталығы облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру диреккциясы, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы) орналасқан. Ғимараттардың бөлмелері арнайы мамандарға арналған және әр бөлмеде 3-4 қызметкерлер отырады.Осыған орай, жоғарыда аталған ғимараттарда қарияларға арналған шахмат клубын ашу мүмкіндігі жоқ.

 

9.    

№40, №15, №38 қоғамдық көліктің жүру уақытын 22.00-ге дейін ұзарту

Қалалық №40 маршрут кестесі сағат түнгі 23:46 минутқа дейін созылды. Аталған бағыт 10 кестемен қызмет көрсетуде.

Қалалық №38 маршрут «Автобусный парк-2020» ЖШС тарапынан жеткізілген жаңа метан отынымен қатынайтын автобустарға алмастырылуда. Қала аумағында метан газ құю станциясы тек 1 жерде болуына және кешкі уақыттағы жолаушылар ағымының болмауына байланысты аталған бағытты сағат 22:00-ге дейін созуға мүмкіншілік жоқ.

Қалалық №15 маршрут жүру уақытын созу мәселесі тасымалдаушы мекеме «ӘулиеатаТрансПасс»          ЖШС басшылығына тапсырылды. 

10.         

Қала аумағындағы саябақтар мен скверлерге заманауи жылжымалы әжетханалар орнату

«Жасыл Ел-Тараз» мекемесі тарапынан қазіргі уақытта 2 әжетхана алынды. Құны 9 млн. теңге. Аталған әжетханалар біреуі «Тұңғыш Президент атындағы» саябақ аумағына орнатылды. Екінші әжетхана «Атшабар» ЖК аумағындағы скверге орнату жұмыстары жүргізілуде.

11.         

Абай көшесі, №170 үй ауласына балалар ойын алаңшасын салу

Мемлекеттік сатып алу жұмыстарына сәйкес мердігер мекеме анықталды. 2025 жылдың 12 маусым күні №255 келісімшарт жасалды. Келісім шарт құны 22 826,9 мың теңге.

Мердігер мекеме «САҚ-ТИГРАХАУД» ЖШС-гі. Мердігер мекеме тарапынан балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары толық аяқталды.

12.         

Қазыбек би көшесі, №108 үйдің ауласын абаттандыру мәселесін жергілікті жерге шығып зерделеп, ұсыныс енгізу

Қазыбек би көшесі, №108 мекенжайы бойынша жергілікті жерге шығып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мекенжайда ескі балалар ойын алаңшасы орнатылған. Аулаға жаңа алаңша салу бойынша жұмыстар 2026 жылдың жоспарына енгізілді.

13.         

Абай көшесі, №159 «А» көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөнден өткізу мәселесі бойынша тұрғындармен кездесіп, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Абай көшесі №159 «А» көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі бойынша тұрғындармен заң талаптарына сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

14.         

Байзақ батыр көшесі және Байзақ батыр көшесі 3-бұрылысы қиылысына аумағына жаяу жүргіншілер жолағын (пешеход) салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

Аталған жерге жаяу жүргінші жолағын орнату мәселесі Тараз қаласы Полиция басқармасы жол техникалық инспекция бөлімшесімен орынға шығып зерделенді. Нәтижесі бойынша аталған көше қиылысына жақын жерде жаяу жүргінші жолақ болуына байланысты жаңа жолақ салуға нұсқама беруден бас тартылды.

15.         

Өзбек көшесінің су құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу

Өзбек, Наманган көшелеріндегі және №7 округке қарасты көшелерде тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңғырту үшін ағымдағы жылы жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жобалаушы     мекеме  “Прикаспийское управление строительство Шымкент” мекемесі. 19.12.2024 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны - 3,5 млрд теңге. Жобада 55 шақырым су құбырын жаңғырту қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың қаңтар айында республикалық бюджетке өтінім берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

16.         

№7 аумақтық округінің тұрғындарымен әскерге шақыруды бойынша кездесу ұйымдастырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Аумақ тұрғындарымен әскерге шақыру бойынша кездесу ұйымдастырылып заң шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

17.         

№4 қалалық емхана ауласына жол сызықтары мен автотұрақ салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

Тараз қаласы Полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімшесі қызметкерлерімен №4 қалалық емхана ауласына жол сызықтары мен автотұрақ салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізілді. 2024 жылы бюджеттен қаржы бөлініп, конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталған жағдайда мәселесі қарастырылатын болады.

18.         

Тараз қаласы бойынша бар-кафелерде қорқорға (кальян) тыйым салу мәселесін заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдау

Тараз қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 199 бабына сәйкес қала аумағындағы бар-кафелерде қорқорға (кальян) тыйым салу мәселесі бойынша алгоритм әзірленіп, аралау жұмыстары жүргізуде.Тапсырма тұрақты бақылауда.

 

Облыс әкімінің Тараз қаласы №7 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Дата публикации
26 января 2026