Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында

берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру

 мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

 

1.

Ауыл және ауылдық округтер аумақтарындағы иесіз қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін

2025 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде (Бүгінгі күнге дейін 403 ит ауланды).

 

2.

Қосақ ауылындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастырсын

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Қосақ ауылының 5 көшесіне (Алатау 1, Алатау 2, Нұрлы жол, Қосқұдық, М.Мәметова) «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында орта жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айында толық аяқталды.

 

3.

Сарыкемер ауылында кәріз жүйелері қарастырылмаған. Елді мекенде әлеуметтік және бюджеттік нысандардың, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің салынуына байланысты кәріз жүйелері құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Нәтижесінде, облыстық бюджеттен
110,0 млн. теңге қарастырылып, мердігер анықталды.

Қазіргі таңда, ЖСҚ әзірлеу бойынша  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жоба - 2026 жылдың ІIІ тоқсанына өтпелі болып табылады.

 

4.

Аудан орталығына заманауи талапта балаларға арналған оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге жер телімін анықтап, жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін

2026 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан орталығында заманауи талаптарға сай балаларға арналған Оқушылар сарайын салу мақсатында жер телімін айқындау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу көзделген. Осыған байланысты Сарыкемер ауылының бас жоспарына өзгерістер енгізу барысында ауылдың батыс бөлігінен 300 орындық Оқушылар сарайын салу үшін жер телімі қарастырылды.

Бүгінгі күні білім басқармасы тарапынан салалық қорытынды әзірленді. Сонымен қатар, 300 орындық Оқушылар сарайының құрылысын Жамбыл облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.    

 

5.

2009-2015 жылдары Байзақ ауданы аумағынан «Интергаз» магистральдік құбырлары жер астымен жүргізілген. Зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдасын

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

«Талап» шаруа қожалығының егістік жерінен «Интергаз» магистральдік құбырлары жер астымен жүргізілген, зақымдалған жер көлемі 6,0 гектарды құрайды. Егістік жерден құбыр өткені үшін шаруа қожалыққа өтемақы төленген, алайда зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен
2011 жылдан бері егістік жер пайдаланылмауда. «Талап» шаруа қожалығы «Интергаз» мекемесін сотқа беріп, 2020 жылы соттың оң шешімі шығарылған.

 

6.

Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге болатын аумақтарды айқындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілсін

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылы бектілген Сарыкемер ауылының бас жоспарына сәйкес,
67 гектар жер телімдері жеке тұрғын үй құрылыстарына қарастырылған (Сарыкемер ауылы бойынша жер кезегінде тұрған азматтарға 2006 жылдан бері жер берілмеген). Бүгінгі таңда заң талаптарына сәйкес шаруақожалық иелерінен жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

 

7.

Сарыкемер ауылы, Мәмбет батыр көшесінің бұрылысында орналасқан № 37 үй «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аумағында салынған. Бұл ретте ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау мақсатында мәселенің шешу жолдарын қарастырсын

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылдық округі аумағындағы «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аймағына кіріп кеткен 37 ауланы заңдастыру мақсатында аудан әкімі тарапынан Ұлттық оператор «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ына «Амангелді – КС-5» магистральдық газ құбырының 178,5 км бөлігін бірінші санатқа ауыстыруды, қолданыстағы 530×7 мм газ құбыры учаскесін 530×9 мм ұзындығы 600 метр газ құбырына ауыстыру арқылы, магистральдық газ құбырының меншік иесінің есебінен, жоба-сметалық құжаттамасына және мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес жүзеге асыруға ұсыныс хат жолданды.           

 

8.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты №7 орта мектеп пен көп қабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастырсын

2027 жыл

3 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі

Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектеп пен көпқабатты тұрғын үйлер арасындағы ұзындығы 450 метр жаяу жүргіншілер жолы ауыл тұрғындарының қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында демеушілердің қолдауымен уақытша салынған.

Қазіргі таңда Сарыкемер ауылдық округі әкімдігі тарапынан жаяу жүргіншілер жолын қайта салу жұмыстарына тиісті қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары  қараша айында басталып
2026 жылдың 1 сәуіріне дейін толық аяқталуы күтілуде.

             

 

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
Дата публикации
26 января 2026