Облыс әкімінің Қордай ауданы Қарасу және Сортөбе ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Облыс әкімінің Қордай ауданы Қарасу және Сортөбе ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

№

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

1.    

Ауданға ірі инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу

 

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

Қордай ауданының әкімі

2025 жылы ауданда аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде  Соғанды ауылында «Шоқпар Гагаринское» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Іске асыру кезінде ашылатын жұмыс орындар саны 400-500, жоба құны 47,0 млрд. тг., жоба қуаттылығы 1 жылда 500 мың тонна руда өндіреді.

Сонымен қатар,  «Мариям Gold» ЖШС-гі «Қыргау» кен орнында алтын өңдеу зауытының құрылысын салуды жоспарлап отыр.

2.    

«Эко-Чикен» құс фабрикасына  мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мүмкіншілігін қарастыру

2024 жыл

1 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

«Тараз» ӘКК» АҚ

(келісім бойынша)

«Эко-Чикен» құс фабрикасының инфрақұрылымы толығымен тартылған, мәселе жоқ. Жоба аясында өнімді өткізу бағытында жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге ауданның ірі сауда орындары «Флагман», «Семейный» сауда үйлері басшыларымен келіссөздер жүргізіліп, Эко-Чикен» құс фабрикаларының өнімдерін өткізу бойынша келісімге келген, өнім өткізілуде.

3.    

Қарасу ауылдық округіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылысы жүргізіліп жатқан мектептің сапасын бақылауға алу

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс (жинақтау), білім басқармасы,

Қордай ауданының әкімі

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Қарасу ауылындағы 300 орындық мектеп толығымен аяқталып, 2025 жылдың қазан айында қолданысқа берілді

 

4.    

Қарасу ауылдық округіндегі «Береке-Өтеген» кооперативіне мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін қарастыру

2023 жыл

31 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

«Тараз» ӘКК» АҚ

(келісім бойынша)

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Қарасу ауылдық округінде «Береке Өтеген» Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыздандыру үшін 76,0  млн. теңгеге 6 бірлік әр түрлі техника сатып алу жоспарланған. (1 трактор,  1 соқа, 1 тұқым, 1 сепкіш, 1 шөп тайлағыш, 1 шөп орғыш). Нақты алынғаны СПК «Береке-Өтеген» 2 трактор ҮТО – LX954 28 400,0 млн. тг. Құрал жабдықтар (соқа, сеялка, борона мотыга) – 10 100,0 млн.тг.

 

5.    

«Ауыл аманаты» жобасының 5 – ші бағытын дамыту бойынша тұрғындармен жұмыстар жүргізу

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

«Тараз» ӘКК» АҚ

(келісім бойынша)

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Кенен ауылдық округінде (өз кәсібін ашу) құс шаруашылығы «Эко Чикен» 4 адам 34,4 млн теңге несие алып, іске асырылған.

Қаракемер а/о өз кәсібін ашу үшін 2023 жылдың 29,2 млн. теңгеге 4 жобаға қаржы ұйымына өтінім берілген, Алайда, бүгінгі күнге аталған 4 жоба несие қаражатымен қаржыландырылмаған. Оның ішінде: 2 жоба ЭКО Чикен – 17,2 млн теңге; 2 жоба Омарта және жабдықтары – 12,0 млн теңге.

Қарасу а/о өз кәсібін ашу үшін - 20,5 млн теңгеге 3 жобаны іске асыруға қаржы ұйымына өтінім беріп бүгінгі күні 1 жоба гидропоникаға 3,3 млн теңге несие қаражаты қондырғыны орнататын өкіліне түскен. Бүгінгі күні жоба іске асырылмаған.

ЖК  Малиев Исмар жылыжай салу 8,6 млн теңге және ЖК Малиева Зульфия жиһаз жасайтын цех ашу 8,6 теңге, құжаттарын 2023 жылдың  қараша айында СПК «Тараз» - ға өткізілген. ЖК Малиева Зульфия жобадан бас тартты.

 

6.    

Қарасу ауылдық округіндегі жайылым жерлерді кеңейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы,

ҚР АШМ жер ресурстарын басқару комитеті облыстық департаменті (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Жайылым жерлерді кеңейту бойынша жер қатынастары бөлімімен Жер қатынастары басқармасы бірлесіп жайылым жерлерді зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде Қарасу ауылдық округіне ауданның босалқы жер қорынан 918,0 га жайылым жер учаскелері Қордай ауданы әкімдігінің 21.11.2022 жыл №471 қаулысымен бекітіліп берілді.

 

7.    

Ауданда тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын кеңінен пайдалану бағытында жұмыстарды жандандыру

 

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

 

2024 жылдың 1 қаңтарына жалпы 16 219 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілді. Ағымдағы жылы жаңа жоба су үнемдеу технологиясын жалпы 448,5 га  еңгізілді. Оның ішінде: «Мажит» ЖШС - 40 га, «Азиз» ШҚ -70 га, «Алем» ШҚ – 70 га, «Эйваз» ШҚ -100 га, «Байзақ» ШҚ -81 га, «Умтыл» ШҚ – 87,5 га.

 

8.    

Шаруаларға жер асты суын пайдаланатын ұңғыма қазғаны үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды кеңінен түсіндіру

 

2023 жыл

31 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда 31 ұнғымалар орналасқан оның ішінде: «Грин Вилл» ЖШС -   2 бірлік, «Алмалы Колос» ЖШС -1 бірлік, «Азия сад» ЖШС -2 бірлік, «Күнгей» ШҚ -1 бірлік, «Алмарасан» ШҚ -1 бірлік, «Сүлутор» ШҚ   -7 бірлік, «Асмаан» ШҚ -3 бірлік және «СПК Халал Ет» ЖШС -7 бірлік, «Носер» ШҚ -2 бірлік, «Надежда» ШҚ -1 бірлік, «Благовещенский» ШҚ -1 бірлік, «Енбек» ШҚ -1 бірлік, «Пан» ШҚ -1 бірлік және «Береке» ШҚ -1 бірлік . Жалпы суармалатын егіс көлемі 2 811 га. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Сусамыр», «Нива», «Валя» шаруа қожалықтары ұнғымалар қаздырды.

 

9.    

Ауданда ағын суды көп қажет ететін егістік көлемін азайту бағытында жұмыстарды жүргізу

 

2024 жыл

1 ақпан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылдың ақпан – мамыр айларында кестеге сәйкес жұмысшы тобымен аудан әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық «КазСушар» басшысымен бірлесіп ауылдық округтарындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жиналыс ұйымдастырылып, алқаптарға ылғал сүйгіштігі төмен дақылдарды орналастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. (суды ұтымды пайдалану, суармалы кезеңінде «КазСушар» теңгеріміндегі каналдар арқылы су алу үшін каналдың меншік иесімен келісім шартқа отыру қажеттілігін, каналдан тікелей су сорғымен су алмау, су үнемдеу технологияларын қолдану, ұнғымалар қазу, ауыспалы егісті сақтау).

 

10.         

Сортөбе ауылындағы өрт сөндіру депосының құрылысына қаржы бөлу мәселесін бақылауға алу

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау),

Қордай ауданының әкімі

Сортөбе ауылдық округінде шағын өрт сөндіру станциясының құрылысын жүргізуге сметалық құжаттамасы әзірленген. Құны 538,1 млн. тг. Республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін құрылыс басқармасы тарапына бюджеттік өтінім тапсырылды.

 

Облыс әкімінің Қордай ауданы Қарасу және Сортөбе ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
Дата публикации
23 января 2026