Облыс әкімінің 2025 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

Облыс әкімінің 2025 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ м                                                                                                                                                                                          

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

Ауданда қыс мезгілінің ерекше
(жиі жауын-шашынды, аязды) өтетінін ескеріп, қар тазалайтын арнайы техника алу бойынша тиісті шараларды қабылдау

2025 жылғы

4 тоқсан

Жуалы ауданындағы  автомобиль жолдарын қысқы күтіп баптау мақсатында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 3 дана техникаға алуға сұраныс берілген. Дегенмен, бүгінгі күнге қаржы тапшылығына байланысты сұраныс нақтылануда.

2.

Шу ауданында іске қосылатын тері өңдеу цехына Жуалы ауданынан мал терісін өткізу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізу

 

2026 жылғы

2 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Алдағы уақытта Шу ауданында тері өңдейтін цехтің ашылатынын ескере отырып, аудандағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3.

Темір жол өткелінің (тесік көпір) құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтау үшін қажетті қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз ету  

2026 жылғы

2 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Мердігер тарапынан жұмыс кестеге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні, төменгі платформадағы байланыс кабельдері ауыстырылып, қазу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

4.

Облыстық мәндегі Бауыржан Момышұлы - Қошқарата бағытындағы автожолды қыс мезгілінде қар басып қалу салдарын азайту үшін қар ұстайтын кедергілер қою мәселесін қарастыру

2025 жылғы

4 тоқсан

Аудан аумағында орналасқан облыстық мәндегі Б.Момышұлы-Қошқарата-Қызтоған бағытындағы автомобиль жолындағы Ақтасты және Қызтоған ауылдарының аралығына қар тосқауылын орнату мақсатында қажетті барлығы 0,7173 га жер теліміне  мемлекеттік жер таңдау актілері (гос акт) әзірленіп, тіркеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлеуге бастапқы деректер жинақталуда, ЖСҚ әзірлеу құны анықталғаннан кейін бюджеттік өтінім ұсынылады.

5.

«Боралдай» көмір кен орнын облыстық жобалар тизеріне енгізіп, инвестор табу мәселесін қарастыру

2026 жылғы

1 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі, Көлтоған ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Көмір шығару кен орыны 1962 жылға дейін жұмыс істеген, қазіргі уақытта қызмет атқармайды. Бүгінгі күнге, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Zhambyl Invest» ЖШС аталған кен орынына әлеуетті инвестор іздестірілуде. Одан бөлек, Жуалы ауданында 2025 жылы инвестиция бағытындағы жұмысты дамыту жөніндегі Жол картасына енгізілді.

6.

Бауыржан Момышұлының ескерткішін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойына көшіру

2025 жылғы

4 тоқсан

Бүгінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойынан бой көтеретін Бауыржан Момышұлына арналған жаңа ескерткіштің негізгі идеялық эскиздік жобасы  Мәдениет және ақпарат министрлігінің 103 бұйрығына сәйкес Республикалық деңгейде қаралуда.

7.

Рысбек батыр ауылында
100 орындық мектеп құрылысын бастау үшін тиісті шаралар қабылдау

2025 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында 100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджетке өтінім ұсынылды, алайда қолдау таппады.

Келесі нақтылау барысында республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тағы да ұсынылтаын болады.

 

Облыс әкімінің 2025 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
23 января 2026