Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған
ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ |
|
1. |
Билікөл ауылдық округінде орналасқан 4 елді мекенді (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу
|
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Билікөл ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) магистралды газ тарту және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы жұмыстары толығымен жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған елді мекендердің тұрғын үйлеріне газ құбыры және есептегіштер орнатылуда.
|
|
2. |
Б.Момышұлы ауылындағы «Тесік көпір» аталып кеткен өткелдің жанынан екі жолақты жол салуды қарастыру |
2024 жылдың қыркүйек айы |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Мердігер тарапынан жұмыс кестеге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні, төменгі платформадағы байланыс кабельдері ауыстырылып, қазу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. |
|
3. |
Ауданда құрылысы ұзаққа созылған Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені құрылыстарының сапалы аяқталуын бақылауға алып, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған мердігерлерге заң аясында тиісті шаралар қабылдау |
2024 жылдың тамыз айы |
Облыс әкімдігінің құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені мен Қайрат ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
4. |
«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағытын кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастырылсын
|
Тұрақты |
«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Жуалы ауданы бойынша 2024-2025 жылдары аралығында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 75 жоба 642,6 млн. теңгеге қаржыландырылды. Сонымен қатар, |
|
5. |
Кадр мәселесін шешу мақсатында ауданға келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету |
Тұрақты |
Жуалы ауданының әкімі |
2025 жылы 60 маманға аудандық бюджеттен 23,6 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы ретінде төленді (әр маманға 393200 теңгеден). Аталған жұмыстар жалғасуда. |
|
6. |
Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруді ұйымдастыру |
2024 жылдың 15 ақпанына дейін |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Білім мекемелерінің спорт залдарында кешкі мезгілде аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін, білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары және аудан әкімдігі арасында 3 жақты келісім жасақталып, тиісті кестелері әзірленді.
|
|
7. |
Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру
|
2024 жылдың қазан айы |
Жуалы ауданының әкімі |
Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында бүгінгі күнге жұмыстар |
|
8. |
Ауданда қыс мезгілінің қатаңдығын ескеріп, шынжырлы трактор (гусеничный) алу бойынша тиісті жұмыстар атқару |
2024 жылдың қазан айы |
Жуалы ауданының әкімі |
2024 жылы облыстық бюджеттен 1 дана |
|
9. |
«Билікөл» көлінің суының азаюына байланысты тиісті ғылыми мекемелерді тарта отырып, экологиялық апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізу |
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Бүгінгі күнге «Билікөл» көлінің суы өз деңгейінде. Экологиялық апаттардың пайда болуына әсер ететін жағдайлар байқалмайды.
|
|
10. |
«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолды асфальттау бойынша ұсыныс енгізу |
2024 жылдың 1 наурызына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолға асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.
|
|
11. |
Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы 45-60 шақырым жол аралығын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау
|
2024 жылдың наурыз айы |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Облыстық мәндегі Б.Момышұлы-Қошқарата бағытындағы 45-60 шақырым аралығы автомобиль жолына жүргізілген орта жөндеу жұмыстары аяқталды.
|
|
12. |
Ауданда өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)
|
Ауданда 9 сүт өңдеу цехы, 1 сухари, 1 мақсары майын өңдеуші кәсіпорындар тұрақты жұмыс жасауда. 2025 жылы минералды сусындар шығаратын «Ақсай Жуалы» өндірісі, «МолДаму» сүт өңдеу цехы іске қосылса, |
|
13. |
Рысбек батыр ауылынан 100 орындық мектеп құрылысын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау
|
2024 жылдың маусым айы |
Облыс әкімдігінің білім, құрылыс, басқармалары, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында |