Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу барысы |
|
1. |
Жаңатас қаласының орталық қазандығын газдандыру жобасының жоспары кестеге сәйкес аяқталып, іске қосылуын қамтамасыз ету |
2024 ж. Қараша
|
Сарысу ауданының әкімі |
Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдың жылыту маусымана дейін 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары және 1 дана Bosch бу қазандығы орнатылды. Аталған қазандыққа дейін газ құбырлары тартылып, газбен жұмыс жасауға арналған қондырғылар толықтай дайын. Бүгінге Жаңатас қаласына табиғи газ әлі берілмегендіктен қазандық мазутпен жұмыс жасауда. Қазандыққа газ берілген жағдайда, толықтай газға ау. |
|
2. |
Ауданда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар ашуды ұйымдастыру, кәсіпорын басшыларымен бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін пысықтау
|
Тұрақты
|
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы |
2025 жылы тұрақты жұмыспен қамту бойынша жоспар 1 670 адам. Бүгінгі күнге тұрақты жұмыспен 1 187 адам қамтылды. Халықты жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу бойынша жоспар бекітіліп, бүгінгі күнге 9-рет жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке аясында 143 адам жұмыспен қамтудын белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда: Тұрақты жұмыс – 103 адам; Қоғамдық жұмыс – 25 адам; Күміс жас – 8 адам; Әлеуметтік жұмыс орны – 7 адам. Ағымдағы жылы ЕвроХим-Қаратау компаниясының жаңадан соғылып жатқан химиялық тынайқыштар өндіру бойынша зауытқа аудандық мансап орталығы арқылы 132 адамды жұмыспен қамтыды. Олардың барлығы аудан тұрғындары. «Qazaq Soda» ЖШС-і тарапынан кальцийлендірілген сода зауытының құрылысына 138 адам жұмысқа қабылданды. |
|
3. |
Саудакент ауылының орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ІІ-кезеңі және Жайылма мен Маятас ауылдарының орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша дайындалған жобаларды қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну
|
2024 ж. ІV тоқсан
|
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
"Саудакент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту" ІІ кезең бойынша (қалған 400 аула) ауыз сумен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілген. Жоба құны 417,3 млн. теңге. Жайылма және Маятас ауылдарында ауыз су жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілген. Жоба құны 1,68 млрд. теңге. Аталған екі жобада қаржыландыру үшін облыс әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан Республикалық бюджетке өтінім берілген. |
|
4. |
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларының су табанын тазарту және бөгетті көтеру жұмыстарының тиімділігін жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізу
|
2025 ж. ІІ тоқсан
|
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау), «ҚазСушар» РМК Жамбыл филиалы (келісімі бойынша), Сарысу ауданының әкімі
|
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, «Ынталы» және «Бүркітті» су қойасының табанын тазалау және дамбасын нығайтуға жұмыстары барысы зерделенді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңі (қыркүйек айы) аяқталған соң, «Ынталы» су қоймасының бас шлюз маңындағы табаны тазаланып жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Бүркітті» су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізу «ҚазСуШар» РМК филиалы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
5. |
Жаңатас қаласынан аудандық орталық аурухана мен қалалық емхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен пысықтау және тиісті жұмыстарды жүргізу |
2024 ж. ІV тоқсан
|
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Сарысу ауданының әкімі
|
Сарысу аудандық орталық ауруханасына жаңа аурухана ғимаратын салуға жобалық – сметалық құжаттамасына 66,0 млн. теңге қаражат бөлуге облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім берілген. Ағымдағы жылға 5,0 млн. қаржы қаралды. Қалған қаржы 2026 жылы қаралады деп күтілуде. |
|
6. |
Аудан мектептеріне оқушылар тасымалына қажетті жаңа автобустар қажеттілігін зерделеп, ұсыныс енгізу
|
2024 ж. қараша |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
арысу ауданы бойынша мектеп оқушыларын облыс орталығында өтетін олимпиадаларға және Байқадам ауылдық округінде Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебіне елді мекендерден 6 мектептің жоғары сынып оқушылары оқу сессиясына қатынап қатысуына байланысты Сарысу ауданына 1 бірлік автобус қажеттілігі бар. Аудандық білім бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды. Алайда басқарма тарапынан ұсыныс әзірге дейін қолдау таппады. |
|
7. |
«Қазфосфат» ЖШС теңгеріміндегі «Үш алып» ғимаратын қайта пайдалану бойынша кәсіпорын басшылығымен жұмыс жүргізіп, ұсыныс енгізу
|
2025 ж. ІІ-тоқсан
|
Сарысу ауданының әкімі
|
Жаңатас қаласы Аулие ата 16 мекен жайы бойынша спорт залы орналасқан (0,1230 га жер учаскесі бекітіп берілген). Соғылған жылы – 1975 жыл. Табиғи тозы – 40 жыл. (2015) Үй жайлар, бөлмелер саны – 26. 13.02.2023 ж №2-3 актілерімен (ОС- 1) Жаңатас қаласы әкімі аппараты КММ-ның теңгеріміндегі Жаңатас қаласы Аулие ата 16/1 мекен жайы бойынша «Үш алып» жатақхана ғимараты және Жаңатас қаласы Аулие ата 16 мекен жайы бойынша спорт залы Казфостат ЖШС-і теңгеріміне берілген. Казфостат ЖШС-і тарапынан 270 орындық жатақхана жасау жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Казфосфат ЖШС-і басшылығымен «Үш алып» ғимаратының алдағы қолданысы туралы қосымша келіссөздер жүргізілуде. Компания басшылығы 2025 жылдың қыркүйек айында «Үш алып» ғимаратына жапсарлас орналасқан спорт зал ғимаратын жөндеуден өткізу жұмыстары басталады деп сендірді. Алдағы 2026 жылы «Үш алып» ғимаратының өзін жөндеуден өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлады. |
|
8. |
Егін орағынан жинақталған арпа және бидайдың нарықтағы сатылым бағасын тұрақтандыруын зерделеп, ұсыныстар енгізу |
2024 ж. қараша |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
2024 жылы Сарысу ауданы шаруашылықтары бидай және арпа дақылдарын 60-90 теңгенің көлемінде сатылымға шығарды. Қазіргі таңда, шаруашылықтарда тек көктемгі дала жұмыстарына тұқым ретінде дайындап отырған 1600 тоннаға жуық арпа дақылы бар. Күзгі дала жұмыстары кезінде 3500 гектар күздік бидай дақылы егілді. |
|
9. |
Жаңатас-Саудакент бағыты бойынша жол бойындағы көпірді су шаюдың алдын алу мақсатында қоқыстан уақытылы тазартуды ұйымдастыру
|
Тұрақты
|
Сарысу ауданының әкімі
|
Жаңатас-Саудакент бағыты бойынша жол бойындағы жер асты су өткелін (дюкер) су шаюдың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімі аппаратының инспекторлары тарапынан зерделенген. Аталған аумақта қазіргі таңда ешқандай қоқыс жоқ. Аудандағы барлық канал, көпір және жер асты су өткелдерінің жағдайы төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан үнемі бақылауда. |
|
10. |
«Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры арқылы алынған трактор техникаларына төленетін мемлекеттік жеңілдіктердің төленбеуі бойынша зерделеу жүргізіп, ұсыныстар енгізу
|
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
2025 жыл басынан (25.10.2025 ж. жағдай бойынша) 221,7 млн. теңгеге 12 дана өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары және 18 дана қосалқы техникалар сатып алынды. Сатып алынған техникалар ішінде 14 дана ауыл шаруашылығы техникларынының шығынын субсидиялауға 38,4 млн. теңге өтінім берілді. Барлық өтінім облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан заңда белгіленген тәртіпке сәйкес қаралуда. Өтініштер, заң аясындағы талаптарға және бюджет қаражатының бөлінуіне сәйкес кезеңімен қаржыландырылуда. |
|
11. |
Талас өзені суының Тоғызкент, Досбол, Игілік және Жайылма ауылдық округтеріне жетіспейтіндігін ескере отырып, оны шешу жолдарын қарастыру, оның ішінде заң аясында бекітілген ережелерге өзгерістер енгізуге ұсыныстар енгізу
|
2024 ж. қараша |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау), Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы (келісімі бойынша), «ҚазСушар» РМК Жамбыл филиалы (келісімі бойынша), Сарысу ауданының әкімі |
2024 жылы Талас өзенің суы Сарысу ауданы қарасты Жайылма ауылдық округінің жайылымдық және шабындық алқаптарында дейін жетті. Аталған аумаққа Талас өзені суы соңғы рет 2017 жылы келген. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен Қырғыз Республикасы үкіметі арасында «Киров» су қоймасынан қосымша су тастау жөнінде келісім жасалған. Бұл суды уақтылы кедергісіз жеткізу үшін мынадай шаралар атқарылды. «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалының ауыр техникаларының көмегімен Талас ауданы жеріндегі Талас өзенінің 2,7 шақырымы, Сарысу ауданындағы 0,5 шақырым өзен арнасына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл судың ауданға уақтылы және жылдам келуіне өз септігін тигізді. |
|
12. |
Байқадам ауылдық округі аумағында жалдамалы жұмысшылардың және ауыл тұрғындарының артуына байланысты Саудакент ауылындағы учаскелік полициясының штат бірлігін ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу
|
Тұрақты |
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), Жамбыл облысы Полиция департаменті (келісімі бойынша) |
Сарысу аудандық полиция бөлімі тарапынан аталған тапсырма бойынша облыстық полиция департаментіне ұсыныс енгізілмеген. Аудан әкімі аппараты тарапынан облыстық полиция департаментіне және облыс әкімінің орынбасары С. Сәлемовке ұсыныс хаттар жолданған. Қазіргі таңда, Саудакент ауылында 6,0 мыңнан астам адам тұруда. Штаттық бірлік мәселесі ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан реттеледі және әр 3,0 мың халыққа 1 учаскелік инспектор штаты белгіленген. |
|
13. |
«Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның жылу, су қызметтерінің қолданыстағы тарифтік бағаларын өзгертіп, қайта бекітілуін қамтамасыз ету
|
2024 ж. желтоқсан |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
Өндіріске қолданатын электр қуатының тарифі өзгеруіне байланысты «Жаңатас-Су-Жылу» КМК -ның Жылу, Ауыз су және Сарқынды суларды бұру қызметтерінің қолданыстағы тарифтік бағаларын өзгертіп, қайта бекіту үшін жаңа тариф жоспары 2024 жылдың қазан айынан бері Монополист базасы арқылы жұмыстар жүргізілген. 2019 жылдың 19 қарашасындағы №90 бұйрықта белгіленген уақытта қаралып, 2025 жылдың 29 қаңтар күнімен «Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау» № 4-НҚ, «Суды таратушы желілер арқылы беру» № 7-НҚ , «Сарқынды суларды бұру» № 6- НҚ бұйрықтарымен 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап енгізілуімен коммуналдық қызметтердің тарифтеріне өзгертулер енгізілді. Электр қуатының 1 кВт*сағ тарифі ҚҚС-сыз – 19,17 теңгеден – 34,32 теңгеге (79%) өсуіне байланысты: «Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау» - 44% көтерілді; «Суды таратушы желілер арқылы беру» - 50,4% көтерілді; «Сарқынды суларды бұру» - 17% көтерілді. |
|
14. |
«Саудакент (Кентау) қалажұрты» археологиялық ескерткішіне толыққанды зерттеу жұмыстарына қажетті қаржы сомасын нақтылап, ұсыныс енгізу |
2025 ж. 2-ші тоқсаны |
Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
«Саудакент қалажұрты» археологиялық ескерткішіне толыққанды зерттеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлу жөнінде облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына ұсыныс енгізілген. Археологиялық ескерткіштерді зерттеуге қаржы қарастыру облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының құзіреттілігі шеңберінде іске асырылады. |
|
15. |
«Саудакент (Кентау) қалажұрты» археологиялық ескерткішінің оңтүстік жағына қоршау орнату жұмыстарын қарастыру |
2025 ж. 2-ші тоқсаны |
Сарысу ауданының әкімі
|
«Саудакент қалажұрты» археологиялық ескерткішінің оңтүстік жағына қоршау орнату үшін аудандық бюджеттен 12,0 млн. теңге қаржы қаралып, 600 метр аумақ толықтай қоршалды. |