Облыс әкімінің 2025 жылғы 3 сәуірде Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

 

 

Облыс әкімінің 2025 жылғы 3 сәуірде Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында

көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Күшаман ауылынан ангарлық үлгіде спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысымен тиісті басқармаға бюджеттік өтінім өткізу

30.06.2025 жыл

Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылындағы шағын спорт үйірмесі нысанының ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен         9,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, жоба құны          218,9 млн.теңгені құрады. (Мердігер «NESIBE жоба» ЖШС.) Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Алайда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының халық саны жетіспеуіне байланысты келісім берілмеді.

2

Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының бойындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жиегін қоршау мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

2025 жыл

2 тоқсан

«Қазавтожол» АҚ (келісім бойынша)

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі

«Меркі-Шу–Бурылбайтал» автомобиль жолы республикалық маңызы бар екінші санаттағы жол болып табылады. Аталған учаскені қоршау жұмыстарын жүргізу үшін аудан тарапынан құны 540,0 млн. теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылуда. 

3

Аудан бойынша барлық кен орындарына заңнама аясында зерделеу жұмыстарын жүргізу (тіркелу аумағы, жұмысшылар саны, Мойынқұм ауданы тұрғындарының үлесі, орташа айлық жалақысы т.б.)

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық

дамыту басқармасы

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан аумағында жұмыс істеп тұрған 10 ірі өнеркәсіп бар. Ондағы жұмыспен қамтылғандар саны – 1738 адам. Оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 37,8 % (657 адам), шет ел азаматтарының саны – 71 адам, үлесі 4,1 % - ды құрайды.

Ақпарат үшін:

1.«Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай филиалы;

Жұмысшылар саны – 1027 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 37,3 % (384 адам). Орташа айлық жалақысы – 373 153 тг;

2.«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 233 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 26,1% (61 адам) шетелдіктер – 12 адам. Орташа айлық жалақысы – 426 457 тг;

3.«Оргстрой» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 38 адам, оның  ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 23,6% (9 адам). Орташа айлық жалақысы – 243 000 тг;

4.«Qazaq Mining Company» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 106 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 10,3% (11 адам). Орташа айлық жалақысы – 280 000 тг;

5.«Эврика-Барит» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 137 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 52,5% (72 адам). Орташа айлық жалақысы – 225 000 тг;

6.«Шығыс кен басқармасы» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 79 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі –  59,4 % (47 адам). Орташа айлық жалақысы – 267 000 тг;

7.«Коптас» ЖШС;

Жұмысшылар  саны – 6 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 0% (0 адам). Орташа айлық жалақысы – 210 000 тг;

8.«Құлан-Көмір» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 14 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 35,7 % (5 адам). Орташа айлық жалақысы – 338 831 тг;

 

9.«Компания Мын-Арал» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 52 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 92,3% (48 адам). Орташа айлық жалақысы – 116 532 тг;

10.«Мынарал Тас Компани» ЖШС;

Жұмысшылар саны – 50 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 40% (20 адам). Орташа айлық жалақысы – 353 364 тг;

4

Ауданда өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін бос жерлерге зерделеу жүргізіп, кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін беруді ұйымдастыру

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

Мойынқұм ауданы бойынша 2025 жылы жалпы саны 383 азаматқа ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына және бас жоспарға сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері кезекке сәйкес берілді.

5

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жер телімдерін заңнамалар аясында беру және  суармалы егістік жерлерлердің көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

2025 жылға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша бекітілген жоспар көлемі – 13 000,0 га. Бүгінгі күнге жалпы алаңы 19030,1 гектар оның ішінде 88,8 гектар суармалы егістік, 18627,0 гектар жайылымдық, 314,1 гектар шабындық жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

2025 жылы 27 ақпанда конкурс ұйымдастырылып, Онда 18 жер теліміне, жалпы жер көлемі 9764,0585 гектар, суармалы егістік 63,2062 гектар, жайылымы 9273,1012 гектар, шабындық 427,7511 гектарға құжаттары қабылданып, жер телімдері берілді.

6

№8 Мойынқұм колледжінде қосымша техникалық   мамандықтарды  ұлғайту жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базасын жандандыру (құрылысшы, тау-кен өндірісі мамандықтары)

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

 

№8 Мойынқұм колледжінде қосымша техникалық   мамандықтарды  ұлғайту жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базасын жандандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ:

-    «Кең көлемде құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша лицензия қосымшасын алу үшін білім беру бағдарламасы екі тілде әзірленіп, білім беру Тізіліміне енгізілді.

-    Модульдік шеберхана (дәнекерлеу ісі, Слесарлық іс ) құрылысы жүргізілді.

-    Компьютер сыныбы жаңа материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Слесарлық іс шеберханасы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

7

Мойынқұм ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу

 

Жыл соңына  дейін

 

Мойынқұм ауданының әкімі

Аудан орталығы Мойынқұм ауылында 13 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 6 көп пәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жылы аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, мамыр айында жөндеу және  абаттандыру басталған болатын.

Бүгінгі таңға аталған үйлердің сыртқы келбеті термопанелдермен қапталып, шатырлары жаңартылған. Сонымен қатар кіре берістері жөнделіп, электр желілері жаңартылып, аумағы асфальтталып, балалар ойын алаңшалары орнатылды. Жобамен 1 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстарынның құны            30 млн теңге.

8

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және құқықбұзушылық профилактикасын күшейтуді қатаң бақылауға алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрақты

Облыстық полиция департаменті

(келісім бойынша)

Мойынқұм ауданының әкімі

Аудан көлемі облыс жер көлемінің 42.7 пайызын алып жатса, оның 132 шақырымы Республикалық маңыздағы жол торабы, 369 шақырымы облыстық жол торабын құраса, 284 шақырымы ішкі шаруашылық жол торабын құрайды.

Жол апаты бойынша 2025 жылы - 50 жол апаты тіркелген болатын.

Жол апатынан 2025 жылы 28 адам қайтыс болды, 98 адам жарақат алды.

Тиісінше, ЖКО саны өткен жылмен салыстырғанда 80,0 пайызға, ондағы қайтыс болған адамдар саны 120,0 пайызға өскен болса, ал жарақат алғандар саны 130,0 пайызға өскен.

Аталған жол көлік оқиғаларының жартысынан көбі (27 дерек) Мойынқұм ауданы аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған.

2025 жылдың 12 айында – 4117 (2024жылы-3974) әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1384, (2024 жылы -1906) жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды. Олар бойынша салынған айыппұлдар суммасы – 46 327 386 теңге болса, оның ішінде 38 734 480  теңгесі өтелген ( өндіру пайызы-83,5% құрады).

Ағымдағы жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар, жүргізушілерге жолда жүру кезінде жол ережесін қатаң сақтау туралы инстаграмм әлеуметтік желісінде барлығы 450 бейне және фото материалдар жарияланды.

2024 жылғы 3 қазандағы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының талаптарына сай мопед көліктерін заңдастырып тіркеу қажеттігі туралы ауыл тұрғындарына ескертіліп, заңдастыру жұмыстары жүргізілді.

9

Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды қатаң бақылауда ұстау

 

Тұрақты

Мойынқұм ауданының әкімі

Ағымдағы жылдың 19 тамызында аудан әкімдігінің №218 қаулысы қабылданып, «Мойынқұм ауданының елді мекендерін күзгі мезгілде көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары» бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, келесі жұмыстар белгіленіп, орындалды.

·         4400 түп ағаш бұтақтарын кесу,

·         4300 түп ағаш түбін әктеу,

·         500 шаршы метр гүлзарлар отырғызу,

·         22,5 шақырым тоғандарды тазалау,

·         53,1 шақырым көшелер мен аулаларды тазалау,

·         310 тонна қоқыс шығару,

·         112 үйдің қаскелбеттерін жөндеу, ретке келтіру,

·         2 ескерткішті жөндеу жұмыстарын жүргізу,

·         5 саябақты аббаттандыру және арнайы орынға күл-қоқыстарды шығару.

Аудандаға қарасты 16 ауылдық округте санитарлық тазалық және көркейту жұмыстарына арналған сенбіліктер қарқынды жүргізілді.

Күзгі екі айлық тазалық аясында аудан көлеміндегі сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына барлығы 5500-ге жуық адам жұмылдырылды. Іс-шараларға қажетті техникасы тартылып, шамамен 263 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды.

10

Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау

 

Тұрақты

Облыстық полиция департаменті

 (келісім бойынша)

 

Ағымдағы жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар орын алған жоқ (2024ж-0) .

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 3-тен 3 дерек болып отыр.

Қазіргі таңда Мойынқұм АПБ-нде профилактикалық есепте тұрғандар саны: Ата-аналық міндеттерін орындамайтын - 21 ата-ана және тізімдік есепте - 5 бала  тұрады.

Ағымдағы жылы анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар:

ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 213 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды,

ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен (ата-ана балаларының тәртібіне немқұрайлы қараған және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны бойынша) – 71 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен (кәмелетке толмағандар ойын-сауық мекемесінде болуы бойынша) – 1 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы (ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша 14 дүкен иелері әкімшілік жауапқа тартылды.

Осы алдын алу іс шаралары негізінде құқық бұзушылықтармен ұсталған барлық  жасөпірімдердің ата–аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Жасөспірімдердің құқықтық білімін жетілдіру мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен аудан мектептерінде 100 мәрте құқықтық тақырыпта зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дәрістер мен әңгімелесулер, лекциялар оқылды, о.і. салауатты өмір салты туралы 20, суицидті ескерту бойынша 20, діни экстремизмге қарсы 20, есірткі және нашақорлыққа қарсы тақырыпта 20, жол қауіпсіздігі тақырыбында 20 дәрістер өткізілді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы барлық мектептерде мектептегі жедел ахуал, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастың жай-күйі, бопсалау фактілерін анықтау, бейресми көшбасшыларды анықтау мақсатында 8-9-10 сынып оқушылары арасында анонимді сауалнама өткізілді. Бопсалау, бейресми көшбасшылар анықталған жоқ.

Атқарылған жұмыстардың барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары және инстаграмм әлеуметтік желідегі парақша арқылы барлығы 50 мақала жарияланды. 

11

«Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының жарамсыз жеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Облыстық маңызы бар «Мойынқұм-Бірлік-Ұланбел» тас жолынының 11-26 шқ аралығына орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобамен 965 млн. теңгеге техникалық құжаттары әзірленіп, ведомствалық сараптаманың оң қорытындысы  алынды. Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2026 жылға бюджеттік өтінім берілетін болады.

12

Аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарды жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларына тіркеу бойынша жұмыстар атқарып, нақты ұсыныс енгізу

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер  департаменті

(келісімі бойынша)

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан аумағында жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік нысандар саны – 10. Оның аудан аумағына тіркелгені – 7 кәсіпорын болса, тіркелмегені – 3 кәсіпорын. «Құлан көмір» ЖШС жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлемін толық өтеп болғаннан кейін, Мойынқұм ауданы аумағына тіркелуге қарсы еместігін жеткізді.

«Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай филиалының тамақтану, қызметтік қауіпсіздік және жер қойнауын пайдалану бағытындағы объектілерді аудан аумағында тіркеу мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, белгіленген тәртіпке сәйкес уәкілетті органдарға жолданды.

Сонымен қатар, «Актас Энерджи» ЖШС аудан аумағына тіркелуге ниетті екендігін білдірді.

13

Аудандық орталық аурухананы магниттік-резонанстық және компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз ету

2026 жыл                4 тоқсан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына Компьютерлік томограф аппаратын сатып алу 2026 жылдың жоспарына енгізілген.

14

Мойынқұм ауылынан ардагерлерге арналған ғимарат мәселесін қарастырып, ұсыныс беру

Жыл соңына  дейін

 

Мойынқұм ауданының әкімі

Мойынқұм ауылында орналасқан, аудандық білім бөліміне қарасты «Аула клубы» мекемесі басқа ғимаратқа көшуіне байланысты, босаған ғимаратқа халыққа қызмет көрсету орталығын көшіру жоспарлануда. Осыған орай,  халыққа қызмет көрсету орталығының қазіргі ғимараты босатылған жағдайда аудандық бюджеттен қаражат қарастыра отырып, ағымдағы жөндеу жұмысарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес ғимартты ардагерлерге арналған орталық ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.

15

Заңнама аясында Биназар тоғанының Шу ауданына тиесілі жерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдау

Жыл соңына  дейін

Шу ауданының әкімі

30.07.2007 жылы Шу ауданы әкімінің №341 шешімімен А.Оразалиевке бұрыңғы «Қойайдар» жауапкерлігі шектеулі серіктістігіндегі ұзындығы 10 км, көлемі 16 гектар жер участкесі «Биназар каналына» қызмет көрсету үшін 49 жылға жалға берілген болатын. Аталған жер телімінің А.М.Оразалиевке  өтіп берілуіне 2001 жылғы 18 қаңтардағы сатып-алу сату шарты және  Мойынқұм ауданы әкімдігінің мүлікті жария ету комиссиясының 29.01.2007 жылғы №4662 санды шешімімен Кенес ауылдық округ әкімдігінде орналасқан Биназар каналын, 15.02.2007 жылғы №5349 санды шешімімен Кокжелек гидросооружениясын, 29.02.2007 жылғы №4670 санды шешімімен Мойынқұм ауылдық округінде Ақиык каналын, 29.01.2007 жылғы №4677 санды шешімімен Бірлік ауылдық округіндегі каналы мүліктері жария етілген құжаттары да негіз болған. 2024 жылғы мамыр айының 27 күні  Шу аудандық сотына 30.07.2007 жылы Шу ауданы әкімінің №341 қаулысының күшін жоюды және 2001 жылғы 18 қаңтардағы сатып-алу сату шартын заңсыз деп танып, Шу ауданы аумағында «Биназар» тоғанының бойында орналасқан гидроқұрылысын мемлекет мұқтажы үшін Оразалиев Асылхан Мусатилдаевичтің иелігінен шығарып мемлекет меншігіне қайтару туралы жаңа талап берілген, алайда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес Шу ауданының әкімі тиісті емес талапкер болып танылуына байланысты талап қараусыз қалдырылды. Сот барысында тоған құнын анықтау мақсатында арнайы сараптама жүргізілген болатын, нәтижесінде сот сараптамасына сәйкес тоғанның құны 39 млн теңгені құрады. Ағымдағы жылғы маусым айында «Биназар» тоғанының иесі А.Оразалиев аудан әкімінің қабылдауында тоғанды сот сараптамасының анықтаған бағаға сатуға дайын екендігін жеткізді. Аудан прокуроры тоғанды мемлекет қаражатына сатып алуды орынсыз санауда, себебі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес прокуратура мемлекет атынан тиісті талапкер ретінде сотқа жүгінуге құқықылы. Осы орайда, Биназар тоғанына қатысты құжат көшірмелері Жамбыл облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді. Бүгінгі күні прокуратура тарапынан нақты жауап берілген жоқ. Осы орайда, Шу аудандық сотына, Шу ауданы әкімі аппараты тарапынан  қайталама талап арыз дайындалуда.

16

Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйесіндегі мәселені түбегейлі шешу

2026 жыл

2 тоқсан

 

Мойынқұм ауданының әкімі

Жамбыл ауылдық округі бойынша халықты 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, «Мойынқұм су-жылу» кәсіпорны тарапынан қуаттылығы 16м3 сағатына су беретін мембраналық қондырғы қойылған. Алайда іске қосу кезінде, ауылішілік желілерден ақаулар шығып, су құбырларының құдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар су жинайтын резервуардың жарамсыз болуына байланысты 50 кубтық екі ауыз су мұнарасын орнатуға аудандық бюджеттік нақтылауда ұсыныс енгізіліп, қаржысы бөлінді. "Мойынқұм су-жылу" мекемесімен келісім шарт жасалынып, бүгінгі таңда су мұнарасын тазалау жұмыстар жүргізілуде.

17

«Ауыл аманаты» жобасының 5-бағыты бойынша жоспарды және тауарлық несие бойынша ауданға жоспарланған 8 жобаны жыл қорытындысымен толық аяқтау

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

«Ауыл аманаты»  бағдарламасының 5-ші бағыты бойынша 2025 жылы жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттары жинақталып, 26 құжат “Тараз “әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация” Жамбыл облысы бойынша филиалына өткізіліп,   оның ішінде 12 азамат(ша) жалпы соммасы 81,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, 6 құжат арнайы тексеріс өтіп, 8 жоба қаржылық қолдаудан бас тартты.

Тауарлық несие беру бойынша 2025 жылдық жоспары 8 бірлікті құрап, 8-азаматқа 317 бас қой, 60 бас МІҚ мал беріліп, келісім шартқа отырды. Жылдық жоспар толық көлемде орындалды.

18

Аудан аумағындағы кәсіпорындардың өндірген өнімінің (табысының) тиісті мөлшерін (пайызын) жергілікті бюджетке түсіру заңдылығын қарау

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің қаржы басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

Аудан аумағында жұмыс жасап тұрған 10 ірі кәсіпорын бар. Оның ішінде ауданға тіркелген 8 кәсіпорын тарапынан «Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары» бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-4 шешіміне сәйкес түсімнің 30 пайызы аудан бюджетіне, 70 пайызы облыстық бюджетке түсуде.

19

Мойынқұм ауылының тұрғыны М.Серікбаеваның көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерін жекешелендіру жұмыстарына заңнамалар аясында қолдау көрсету

2025 жыл

сәуір айы

Облыс әкімі аппараты,

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

Мойынқұм ауылы Д.Үдербаев көшесі №10 көпқабатты тұрғын үйде барлығы 5 отбасы тұрады. Бұл көпқабатты тұғын үй 2008 жылы кезектегі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыларына берілген. Мойынқұм ауылындағы бұрынғы «Ауыз-су» КМК меншігіне тіркелген. Бұл кәсіпорын 2010 жылы банкрот болып, тұрғын үй құжаттары рәсімделмеген. Көпқабатты тұрғын үйдегі азаматтармен аудан әкімдігі кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жүмыстарын жүргізді. Ауданы әкімдігі тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ аудандық бөлімімен 1,5 млн. теңгеге келісім шарт жасалынып, жер учаскесінің мемлекеттік актісі алынды, техникалық құжаты әзірленіп, тұрғындарға берілді.

20

Аудандық полиция бөліміндегі кадр тапшылығын жою бойынша нақты шаралар қабылдау

 

Тұрақты

Облыстық полиция департаменті

(келісім бойынша)

 

Мойынқұм аудандық полиция бөлімінде 80 штат белгіленген. Бүгінгі таңға оның ішінде 13 бос орын бар. Бөлім басшылығымен жеке құрам арасында қызметтік тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жандандырылды, оған офицерлер мен полиция жиналыстарының қызметін жетілдіру кіреді.

Жыл басында ардагерлер Кеңесінің тұрақты жұмыс атқаруы Мойынқұм аудандық ПБ бекітілген жоспар бойынша ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып, екі арадағы байланысты нығайту, жас мамандарды тәрбиелеу және де Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алып іс жүргізілуде. Бүгінгі таңға кадр тапшылығын жою бойынша түсіндіру жұмыстары мен ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

21

Ауданға инвестиция тарту мақсатында  инвесторлармен кездесіп, олардың инвестициялық жобаларын ауданда іске асыру бағытында тиісті шаралар жүргізу

 

Тұрақты

 

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық

дамыту басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі(жинақтау)

Ауданға инвестиция тарту мақсатында инвесторлармен жүйелі түрде кездесулер ұйымдастырылып, олардың инвестициялық жобаларын аудан аумағында іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, аудан аумағынан көмір өндіру бойынша Қытай Халық Республикасы мемлекетінен келген әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өткізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен қолайлы инвестициялық ахуалы таныстырылды. Сонымен қатар, жалпы жоба құны 80,0 млрд. тг тұратын VIA Shiganak, VIA Mynaral, АБК Хантау (қызмет түрі - жел электр және күн электр станциясы) инвесторлары  қабылданып, мәлімдемелер жасалынып,ұсынылған жобаны іске асыру бойынша қажетті инфрақұрылымдық, жер телімдері және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

22

Ауданның әлеуметтік көрсеткіштерінің тиісті межеде орындалуын қамтамасыз ету

 

Тұрақты

Мойынқұм ауданының әкімі

         2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 170,1 млрд.теңге, нақты көлем индексі 98,4%-ды құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,1 млрд. теңгеге артық орындалды. (2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында –  117,0 млрд. тг. НКИ 100,1%).

          2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі 101,4%-ды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 797,4 млн.теңгеге артық орындалды. (2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында –  5,8 млрд. тг. НКИ 85,8%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 29,5 млрд.теңге болса, нақты көлем индексі 100,3%-ды құрап, 4,9 млрд.теңгеге артық орындалды. (2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 24,6 млрд. тг. НКИ 105,7%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 22,9 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 48,4%-ды құрады. (2024 жылы қаңтар-желтоқсан айларында  45,5 млрд. теңге, НКИ 199,6%).

 

Пайдалануға берілетін тұрғын үй алаңына қаңтар-желтоқсан айларында 5683,0 шаршы метрді, НКИ 104,8 %-ды құрап, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 261,0 шаршы метрге артық орындалды.  (2024ж. қаңтар-желтоқсан айлары – 5422,0 шаршы метр, НКИ 101,2 %).

Бөлшек сауда тауар айналымы есепті кезеңде 7,0 млрд.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 147,8% құрап, оң динамика қалыптастырылды. (2024ж. қаңтар-желтоқсан айлары 4,4 млрд.теңге НКИ 106,4%).

Көтерме сауда айналымының көлемі 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1,7 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 605 есеге артық орындалды. (2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары 2,7 млн.теңге,  НКИ 37,5%)

 

Облыс әкімінің 2025 жылғы 3 сәуірде Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
23 января 2026